Үмбетiнe шексіз мейірімімен қарайтын Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінен бұрынғы пайғамбарлардың үмбетімен салыстырғанда өз үмбетiнің аз өмір сүретініне қарап, ақыреттік істерінің аз болатынын ойлаған. Өйткені үмбетiнің орташа өмірі, Зәрқанидің көрсеткіші бойынша, 60–70 жас. Риуаяттарда берілмегенмен, алдыңғы үмбеттердің өмір жасының ұзақ болғанын осы хадистен аңғаруға болады. Алла тағала өзінің сүйікті Елшісін осы мәселедe қуанту үшін, оның үмбетіне Қадір түнін тарту еткен. Осы түннің қадірін біліп, оны құлшылықпен өткізген адам 1000 ай, яғни орташа есеппен 83 жыл құлшылық жасағандай сауап алатын болады.