baqytty_zhan 🌿


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


каналдағы жазбаларды авторсыз алу - нәпсіме әлі де ауыр келеді.. авторсыз бөліспеуіңізді сұраймын! ⛳️

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


- Дұға-тілектеріңізді Пайғамбарымыздың (с.а.у) дұғаларын қабыл еткендей қабыл етіп, екі дүниеде де қуантсын.

Әмиин! 🤲🏻✨


Былтыр қадір түнін құрбыммен бас мешітте өткізген едік.. қазір бір баланың анасы болып үйде отыр..
Биылғы қадір түнін де бас мешітте тағы да бір құрбыммен соңғы рет өткізіп жатырмын… 🥺🫂


Қадір кештеріңіз хайырлы һәм қабыл болған түннен болғай! Жаратқан екі дүниеде қателіктерімізді жасырып, кешіріп қойған құлдарының қатарынан етсін! Бір-біріміз үшін игі дұғада болайықшы 💜

Дариға Үсенқызы және отбасым үшін 🤲🏻 (Сіз де төменге есіміңізді жазып қоя аласыз)




Әльхамдулилләһ…🫀


Алланың алдына тік тұрып, намазда тұру қандай нығмет..
Алланың алдында тұрып, Оған иілу қандай әдемі…
Аллаға сәжде ету қандай бақыт…
Аллаға ғана жайылған қолдар қандай сүйкімді…
Аллаға тәуекел етіп, Оның қамқорлығына сену - неткен ғажап… 🌿

#рамазанойы




Нағашы Ақтөбелік жездем:

- Дариға, сен үшін тахаджудке тұрып, Алладан хайырлы жар тілеп жүрмін. Маңдайымды сәждеге қойып тұрып, “я, Алла!” деп…
- Жездеее 😭😭😭


Аллаһым…🫀

Әлсізбін.. Сенің есігіңді қақтым..
Мұқтажбын.. Саған келдім..
Жалғызбын.. Сенен жұбаныш іздеп келдім..
Кейде үмітсізбін.. Сенің алдыңа келдім..
Жолымнан адасып қалғандаймын.. Сенен көмек сұрап келдім…

Аллаһым.. 🌿




#tefekkür


каналдағы жазбаларды авторсыз бөлісіп, ұрламаңыздаршы.. аманат ✨


Өзі Нұр, Өзі шипа, Өзі барлық кітаптан құрметті болған Құран…

Сен маған қияметте қарсы шықпай, керісінше ақтап алсаң екен…
Сен мені лағынет етпей, керісінше шапағатшым болсаң екен..
Сен менен жиіркенбей, керісінше өзің құшағыңды жая іздеп келсең екен…
Құран, сен тұнып тұрған нұрсың ғой.. Сол нұрың екі дүниеде де жүзіміз бен жүрегімізде сәуле боп тұрса екен!.. 🍃

#рамазандұғасы
#жұманыңойы


Аллаһым, Сен неткен Жәмиил едің!
Маған Өзіңді Құдай ретінде танытқаның үшін шүкір! 🍃

Аллаһым, Сен неткен мейірімді едің!
Мені хз. Лут емес, хз. Мұса емес, хз. Иса алейһиссәләмнің емес, Өзіңнің сүйіктің Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) үмметі еткенің үшін шүкір! 🍃

Аллаһым, Сен неткен Рахман, Рахим едің!
Маған Інжіл, Таурат, Забур емес, кітаптардың ішіндегі ең қасиеттісі Құран оқуды үйреткенің үшін шүкір! 🍃

#рамазанойы


🍃 Я, Раббым! Бізге Өзің сүйген нәрселерді сүюді һәм бізді Өзің разы болатын істермен айналысатындай ет!
🍃 Я, Алла! Сенен Өзіңнің махаббатыңды, Сені сүйетіндердің махаббатын және Сенің сүйіспеншілігіңе жеткізетін нәрселерді сұраймын.
🍃 Я, Алла! Хушуғ сезінбейтін жүректен Саған сыйынамын. Тек Өзіңе ғана мұқтаж ет, мұқтаждарыма мұқтаж ете көрме, Раббым!
🍃 Я, Рабби! Хәлімізді ең көркем хәлге айналдыр әрі бізді кешіріміңнен мақұрым етпе!
🍃 Я, Алла! Өмірімнің ең хайырлы сәтін – әр кез әрі соңғы сәтім, амалымның ең хайырлысын – әр һәм соңғы амалым, күндерімнің ең хайырлысын – Өзіңе сүйсініп, (жүзім жерге қарамай) қауышқан күнім болсыншы!..
🍃 Я, Алла! Сенің махаббатыңды нәпсімнен де, отбасымнан да,
мал-мүлкімнен де, мөлдір, таза судан да артық һәм сүйікті еткейсің! 🕊️

#рамазандұғасы


Ешнәрсе жайдан жай емес.
Әр оқиға.. әр кездесу.. әрбір сәт.. 🍃


“Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі…” 🍃


Біз елемейтін әрекет, жақсылық, тілден шыққан сөз - өзгенің санасында сан жылдап қалады екен.. ✨

#бейсенбініңойы




Аллаһым, маған жәрдем бер… 🍃

Екіжүзділіктен сақтануда жәрдем бер..
Құранды махаббатпен оқуда жәрдем бер..
Намазды қаза етпей, хушуғпен оқуда жәрдем бер..
Дүниені жүрегімде емес, қолымда ұстауда жәрдем бер..
Күн сайын денемнің, ілім-білімнің, Сен берген ризықтың садақасын үзбей беріп тұруда жәрдем бер..
Саған ұдайы шүкір етуде жәрдем бер..
Барлығына разы болуым үшін жәрдем бер…
Көркем мінезге жету жолында жәрдем бер..
Дүниені, Сен берген қабілетті қызғанбауда жәрдем бер…

#жұманыңойы

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.