Алматыда бизнес көшбасшыларын, сауда және логистика саласындағы сарапшыларды, сондай-ақ қаржы және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинаған Tradex екінші халықаралық сауда форумы өтті. Консалтингтік және сауда компаниялары қауымдастығы, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Consulting Group Dasco ұйымдастырған форум халықаралық саудадағы жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау үшін маңызды платформаға айналды. Қазақстан Орталық Азияның негізгі сауда хабы ретіндегі рөлін нығайтуды жалғастыруда. Форумның маңызды тақырыптары трансшекаралық электрондық коммерция, логистикадағы инновациялар және бизнесті өзгермелі нарық жағдайларына бейімдеу болды. Іс-шара барысында панельдік сессиялар, тақырыптық мастер-кластар және көрмелер өткізіліп, қатысушылар жаңа іскерлік байланыстар орната алды.
«Атамекен» палатасы екінші жыл қатарынан Central Asian Trade Expo форумының ұйымдастырушылары қатарында. Бұл біздің халықаралық аренада Алматы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің мүдделерін қолдауға және ілгерілетуге қосқан үлесіміз. Біз кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығуға, серіктестер табуға және келісімшарттарға қол қоюға көмектесу үшін бизнес-қоғамдастықпен белсенді жұмыс істейміз. TRADEX форумында біз өңірдегі бизнесті дамытуға және бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсындық», - деп атап өтті Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Ақеркін Эралиева.
https://almaty.atameken.kz/kk/news/53146-v-almaty-proshel-vtoroj-mezhdunarodnyj-torgovyj-forum-tradex