Аппақ ниетің болады ғой, маған да деген. Саған да сол бұйырмауы мүмкін да. Сені түсінбейтін адам кездесуі мүмкін, шыдай салуға келісесің. Саған да елдікіндей құшақ-құшақ гүлмен, салютпен сөз салмауы мүмкін, просто екі жақ бола ма болады деп әкете салуы мүмкін. Тырнағым сынып қалды деп жылағанда басымды қатырмаш деген соң келесі де мінезің де, тырнағыңды қатая қалады. Әдемі офисте, жұмсақ креслода отыру бұйырмай өтірік жұмыс істеп уақытша шыдаймын деп жылдар бойы жүре бересің. Меніңше деген сөзді ұмытып, ішіңде ғана өз пікірің сайрап жатуы мүмкін, еститін құлақ жоқ өйткені. Қарның аш болмайтын шығар бірақ баяғыда жеген семганың дәмін арасында есіңе түсіруің мүмкін.
Сенің ерке, еркін, ақылды, білімді, адекватты болғаның ешкімге керек болмай пешенеңе жазғанына бой ұсынып, қоғамда құлша жүруің мүмкін.
Сенің ерке, еркін, ақылды, білімді, адекватты болғаның ешкімге керек болмай пешенеңе жазғанына бой ұсынып, қоғамда құлша жүруің мүмкін.