Asus тачпадтың орнында сенсорлы экран орнатылған ноутбук таныстырды. Screen Pad деп аталатын бұл экран арқылы курсорды басқарып қана қоймай кейбір бағдарламаларды ашып қолдануға болады. Мысалы, калькуляторды, музыка плейерін. Режимдерді F6 кнопкасы арқылы ауыстыруға болады. Asus бағдарламаларды ScreenPad-та қолдануға адаптация жасайтын құралдар беруге және сервистердің тізімін жариялап отыруға уәде беріп отыр.
Бұл жаңа экран Zenbook Pro ноутбугында пайда болмақ.
Бұл жаңа экран Zenbook Pro ноутбугында пайда болмақ.