Google Атлант мұхитының түбінен кабель өткізбекші. Бұл кабель АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі кластерлерді Еуропамен жалғайтын болады. Суретте көрінгеніндей кабель жер астынан өткізіліп тек мұхиттың түбіне жетерде ғана жердің үстіне жатқызылады. Бұл жоба Google коммуникация инфраструктурасын кеңейтеді және компания осындай кеңейтілуге мұқтаж. Кейбір есептеулерге сәйкес интернет трафиктің 25% Google арқылы екен.