Конституциялық Сот бала асырап алу туралы сотқа арыз беру талабы туралы норманы тексеруді тоқтатты
Азаматтың өтініші бойынша «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 31 наурыздағы №2 нормативтік қаулысының 3-тармағының сегізінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы конституциялық іс жүргізу барысында тексеріліп жатқан норма көрсетілген НҚА-дан алынып тасталды.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жоғарғы Соттың 2024 жылғы 28 қарашадағы № 2 нормативтік қаулысымен осы тармақ алынып тасталды.
Естеріңізге сала кетейік, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының алып тасталған тармағы сотқа бала асырап алу туралы арызды әлеуетті бала асырап алушының жеке өзі беруі туралы талапты белгілеген. Оның атынан өкілдің мұндай арыз беруге құқығы көзделмеген болатын.
📱 @consot_kz
Instagram | Facebook | TikTok | Twitter