Айша анамыз (رضي الله عنها) риуаят етеді:
Хабиб ибн Харис Алланың Елшісі ﷺ-ға келіп:
— Уа, Расулаллаһ! Мен — күнәні жиі жасайтын, нәпсісіне әлсіз пендемін, — деді.
Пайғамбарымыз ﷺ оған былай деді:
— Онда, уа, Хабиб, Алла ﷻ-ға тәубе ет!
Хабиб:
— Бірақ мен тәубе етем де, қайта сол күнәларыма оралып қоямын…
Сонда Алланың Елшісі ﷺ:
— Сен әр күнә жасаған сайын Алла ﷻ-ға тәубе ете бер, - деді.
— Онда менің күнәм тым көбейіп кетпей ме? — деп сұрағанда
Пайғамбарымыз ﷺ:
— Бірақ Алланың ﷻ кешірімі сенің күнәңнен де мол, уа, Хабиб ибн Харис, деп жауап қатты.
(“Хилятул Әулия” — Дәйләми)