Postlar filtri


бұл сапар – ғарышкердің Жер атмосферасын бағындыруы ғана емес, Сидрат аль-Мунтаханы асып өту; жай ғана ғаламтор арқылы лезде ақпарат алмасу емес, уақыт пен кеңістік ұғымдарының тасада қалуы; тек VR мен AI көмегімен елестету емес, сол сәтті шынайы бастан кешіріп, әрбір бөлшегін толық сезіну еді…


Миғраж – Алланы танудың биік нүктесі. Бұл сапар Жаратушының шексіздігін және әр мұсылманның Жаратушысымен байланыс мүмкіндігі барын дәлелдейді...
Миғраждың ең үлкен нәтижесі – намаздың парыз етілуі. Намаз болса кемелдікке жетудің жолы екенін…шексіз биіктерге ұмтылудың маңызын көрсетеді…


Алла үшін шетке ысырып, Алла үшін жүрекке сыйдыр…керексіздің шырмауынан мәңгіліктің нұрына бағыт — бізге талап. шынайы ұғынған ғана түсініп, одан тыныштық табар…


Рәғаиб — жүректерде үміт шырағын жаққан рухани саяхаттың бастауы.
Миғраж — сол жолдың асқақ шыңы…
бүгінгі түнде рухани әлемге есік ашылып, Жаратушыға жақындау үмітімен барлық сезімдер оянады…
Бұл — ихсанның шыңына ұмтылудағы қадам, жүректегі сырлы шамның жарқыраған сәті…


келер жыл мен қасиетті уақыттың табалдырықтас тұруы — үнсіз насихаттай…бірі өткінші сұлулықты, екіншісі мәңгілік мұратқа жетелер жолды меңзейді…
өмірдің екі таразысы
пенделік қуаныш пен рухани биіктік

таразыны тең ұстау – ақылдың ісі, жүректің сыны…


«мен үлкен ширк, біз кіші ширк, Ол таухид»
адамның өзін жоғары қоюы, басқалардың ықпалына тәуелді болуы — екеуі де Алланың құдіретін жоққа шығару, себепті абсолют санау.
шынайы бірқұдайшылық — Оны барлық іс-әрекетте бір деп тану, барлық тәуелділікті Оған ғана байлау.


куатың артқан сайын, қиялыңның шекарасы кеңейеді. мүмкіндікке жеткенде әлсіздігің үстемдік етіп, Аллаға тәуелді екенін ұғынады.
бұл — мінсіз пропорция.


Жаратушымыз әміріне бағынған қалауларым, менің еркім сағымдай…нағыз еркіндік — өз қалауыңды Жаратқанның бұйрығымен үндестіруде. қалауыңды шектеген сайын ішкі тыныштыққа жол ашарсың.


Ұстаздың өмірден озуы – биік ағаштан үзілген жапырақтай. Оның көлеңкесі кенет жоқтай көрінеді. Бірақ сол ағаштан түскен дән топыраққа тамыр жайып, жаңа өмірге жол ашады. бойыңа егіп кеткен дәндер бір күні мәуелі ағашқа айналар...жапырақ үзілсе де, сол ағаштың қуаты мен рухы сенің жүрегіңде мәңгі сақталып, алға ұмтылуға дем берер…

аманаты, жүрегіңде қалған ізі — енді сенің жүрегіңе жол сілтер шамшырақ ғана…


рух таза, үміт орынды болса, жеңіліс - сыртқы көрініс қана. әр сәттің өз хикметі бар. қайғы мен қуаныш, жеңіс пен жеңіліс - барлығы терең мәнге ие. сенімнің күшімен ғана сынақтардан шығып, әр жерде бақыттың ізі бар екені көрінеді.


бұл жердегі input адамның рухани азығы. ол — дұрыс білім, тәрбие, сенім. яғни, рух не нәрсемен толса, дұғада көрініс табады. ал, дұға адамның ішкі жан дүниесі мен рухани деңгейін көрсететін output.


тәрбие = іс-әрекет, түсінік = дұға.
бұл жерде дұға — нәтиже, ал оның негізі — рухани толысу (input).
рух дұрыс білім мен сенім арқылы азықтанса, дұға да дұрыс болады.
дұға = (дұрыс рухани толысу) × (дұрыс түсінік).


Қолы бос емес адамның жаман ойға уақыты болмауы рухани терең мағынаға ие. Бірақ бұл мәселені бүгін өз саламмен ойланып көрдім:

егер уақытты t арқылы белгілесек, онда адамның уақытын (t) екі негізгі бөлікке бөлуге болады:
1. пайдалы іс-әрекеттерге кететін уақыт(t₁) – жұмыс, оқу, спорт немесе басқа да позитивті, дамытушы іс-әрекеттер.
2. бос уақыт (t₂) – ешқандай мақсатсыз өткен уақыт.

Адамның жалпы уақыты (T):
T = t₁ + t₂

егер адамның барлық уақыты пайдалы іс
термен (t₁) толтырылса, онда бос уақыт (t₂) азаяды немесе тіпті нөлге тең болады:
t₂ = T - t₁


жаман ойлар келетін сәттерді бос уақыт деп, тікелей пропорционалды тәуелділікті көрсетсек:
- егер t₂ ұлғайса, яғни бос уақыт көбейсе, адамның жаман ойға берілу ықтималдығы артады.
- ал t₁ ұлғайған сайын, яғни пайдалы іс-әрекетке жұмсалған уақыт көбейсе, бос уақыт азаяды, жаман ойлар мен зиянды әдеттерге жол берілмейді.

бұл қағиданың түпкі ойы – адам бос отырмай, пайдалы істермен айналысқан кезде, жаман ойлар мен зиянды әрекеттерге уақыт та, күш те жетпейді.


дініміз нағыз бейбітшілік пен әділет сөзіміз бен ісіміз бір болғанда ғана орнайтынын үйретеді.

Оларға: «Жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық шығарып елдің шырқын бұзбаңдар»,- делінген сайын, олар: «Біз бар болғаны қоғамды түзетіп, жөнге келтірушіміз»,- дейді. (2:11)


бұл аят бізге бейбітшілік тек сөзбен емес, барша адамға жақсылық әкелетін істермен жасалатынын еске салады. Жүрегіміз әрдайым әділдік пен бейбітшілікке ұмтылып, сөзіміз шынайы істермен көрінсін…




Адамның бойында ауырсыну, дерт болған кезде барлық фокус сол жерде болады. Барлық ой Аллада болғанда ғана жеңілдейміз. Дерт түгелімен Алла мен Оның діні болуы керек. Бұдан алыстаған адам өмірге келу мақсатынан алыстайды. Бұл сұраққа жауабы болмаған өмірлік құбылыстарда шатасып бастайды.

Адасқан адам не істейді? Әр жерге ұрынады, әр тесікке барады, әр батпаққа батады. Қашан өз ойынан бас тартып, қай жерден адасқаның түсініп, жол картасына мән бергенде жолын табады. Картамыз — Құранымыз, «Иә» деген шеңберде ғана болу, «Жоқ» дегеннен тыйылу.

Барлығының бастауы — Алла, Ұлы Жаратушымыз. Сондықтан адам адаспауы, өмірде шатаспауы үшін Оның үстіне ешнәрсе шығармауы керек.
Егер Алладан жоғары бір ісін қойса, сол ісінен сыналады. Сол таңдауынан таяқ жейді. Адамдардан дәл сол ісі мен таңдауынан жек көрініш күйге түседі. Өйткені ол жаратылыс сезімдеріне сай келмейді.


жауапкершілік ісі — 1 ғана кесінді емес, 1 адамның соңғы нүктесінен тоқтамайды.
жасалмаған міндет келесі адамның ісіне, одан кейін нәтижесіне әсерін тигізеді.
адам — қоғам атты жүйенің бір түбірі.

мысалы, оқудан өзіңізді шаршату арқылы адамзатты шаршатпаудың алдын аласыз.
білімге жұмсалған еңбектің пайдасы бәріне ортақ.
дәл осы жүйе өміріміздегі барлық міндеттерде қойылған.




Бала кезімде ауладағы қарды тазалап ойлайтынмын: «Еріп кететін, уақытша болатын құбылыс. Бірақ, соны тазартып, қанша энергия жұмсаймыз…»,-деп.
Бүгін де ойлап отырсам, еліміздегі қазіргі жағдайлар да, иншаАлла, уақытша құбылыс. Болмауы да мүмкін еді. Қазіргі жасалып жатырған жұмыстар, жиналып жатырған ақшалар дүнею көзқараспен өлшесек ешқандай пайда әкелмейді. Бірақ, рухани әлемде қанша жетістіктер болуда.
бауырластық, мейірімділік, қолғабыс болу, жақының үшін уайымдай алу…
ал, Алланың құзырында, ақырет әлеміндегі жетістіктер одан да үстем…


адамның ісіне қарап тәрбиесін байқауға болатыны секілді, дұғасына қарап Исламды қаншалықты түсінгенін, мұсылмандығын байқауға болады екен…
рух немен азықтанса, тіл соны сөйлейді.
дұрыс толып, кейін дұрыс сұрау керек…

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.