🖥️
app.testcenter.kz сайтына тіркелу бойынша нұсқаулық
⭐️ Ең бірінші
app.testcenter.kz сайтына кіресіз.
📌 Интерфейс тілін таңдайсыз.
📌 Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз.
📌 Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз.
📌 Сол кезде сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерге өз ЖСН-ыңызды енгізу қажет. Соңында «Сақтау» батырмасын басасыз.
📌 Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет.
🙌Сәттілік, бәріңе!