Билетті қалай қайта брондауға немесе қайтаруға болады?
Егер әуебилет ресми сату арналарынан, яғни FlyArystan мобильді қосымшасы немесе www.flyarystan.com сайтынан сатып алынған болса, жолаушы «Менің сапарым»/«Броньді басқару» бөлімінде ұшудың күнін өзі өзгерте алады.
Егер әуебилет әуекомпанияның байланыс орталығы немесе сыртқы ресурстары (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel, туроператорлардың кассалары және т.б.) арқылы сатып алынған болса, жолаушы ұшу күнін өзгерту немесе билетті қайтару үшін сатып алу орнына жүгінуі керек.
Кешігулер немесе өзгерістер туралы қалай білуге болады?
FlyArystan рейстердің кешігуі туралы жолаушыларды WhatsApp арқылы хабардар етеді, сондай-ақ телефон нөміріне SMS немесе билетті сатып алу кезінде көрсетілген электронды пошта арқылы да ақпарат жібереді. Осы кезекте, әуекомпания жолаушылардан брондау кезінде дұрыс байланыс деректерін көрсетуін және рейс статусы туралы ақпаратты сайттан тексеруін сұрайды: https://flyarystan.com/flight-status.
Кейде нақты күнді анықтау қиын болуы немесе жоспарлар кенеттен өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда билеттерді икемді түрде басқару мүмкіндігі өте ыңғайлы. Мысалы, FlyArystan әуекомпаниясы ұсынатын Ozgert қызметі ұшу күнін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді, әрі бұл қызметті кез келген билетке қосуға болады.
Кешігулерді азайтып, барлық алдын ала ұшуға қажетті рәсімдерді уақытылы орындау үшін біз жолаушыларға әуежайға ерте келуді ұсынамыз. Бұл мереке күндері әуежай қызметтерінің артуы мен бақылау рәсімдерінде туындауы мүмкін кешігулерден туындаған стресстік жағдайларды болдырмауға көмектеседі.
FlyArystan рейстердің кешігуі мен орындалмауын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, ұшулардың қауіпсіздігі мен жолаушылардың жайлылығына ерекше назар аударады. Сонымен қатар, әуекомпания әуежайлармен координацияны жақсарту және ішкі процестерді оңтайландыру арқылы теріс әсерді азайтуға бағытталған түрлі шаралар қабылдайды. Алайда, күтпеген кешігулерден туындаған тәуекелдер әлі де қалады, бұл өз кезегінде жолаушылар арасында деструктивті мінез-құлықтың көбеюіне әкелуі мүмкін. Біз жолаушыларды кешігулерге түсіністікпен қарауға және ұшу қауіпсіздігі әуекомпания үшін басты құндылық болып табылатынын ұмытпауға шақырамыз.