Fonteam


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Қазақ футболының үздік эксперттері бірікті. Бұл – Fonteam! Біздің командаға қосыл.
YouTube – https://www.youtube.com/@fonteamkz
Instagram – https://www.instagram.com/fonteamkz/

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді.

Матчтағы екі гол да бірінші таймның соңында соғылды. 42-минутта Максим Самородов есеп ашса, 45-минутта Александр Марочкин басымдықты нығайтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🤯 Міне, керемет – есеп 2:0! Есепті еселеген – Александр Марочкин! ⚽️🇰🇿


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🇰🇿 Негізгі құрам


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿Болашақ жарқын болады деген сенім мол! 😍

Осы жігіттер бізді үлкен турнирлерге жетелейді!


🇰🇿 Еуро-2025: Қазақстан U17 Лига A-ға жолдама алды!

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2025 турнирінің екінші іріктеу кезеңінде топ жеңімпазы атанды. 19 наурызда біздің жігіттер Грузияны 3:0 есебімен тас-талқан етсе, бүгін Литваның қақпасына 5 гол соқты – 5:2!

Хет-трик авторы – Исмаил Бекболат. Сонымен қатар Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар да бір-бір голдан соқты.

Топ жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасы енді Еуро-2026/27 додасының іріктеуінде Лига А-да ойнайды.

Еуро-2025-тің алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстан Бельгиямен (1:3), Украинамен (0:3) және Косовомен (4:4) ойнаған. Бұл матчтарда құрама капитаны 16 жастағы Дастан Сатпаев болды.

🇪🇺 УЕФА жасөспірімдер Еуросының іріктеу форматтарын өзгертіп жатыр: енді А және В лигалары болады, командалар маусым бойы көтеріліп-төмендеп отырады. А лигасында биыл 2025 жылғы әлем чемпионатына 11 жолдама сарапқа салынады. Жүйе Ұлттар лигасынан да күрделірек.


🇱🇮🇰🇿Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында Лихтенштейн ұлттық командасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк қарсыластың деңгейіне ерекше назар аударды.

Бүгін жеңіске жетеміз бе?


🇪🇸 Екі есе аз ойын. Бірақ бірдей нәтиже. Ламин Ямал – бабында!

🏆Винисиусты екі есе аз матчта қуып жеткен Ямал – болашақ «Алтын доп» иегері ме?

🔥 Иә
🤔 Ерте
👎 Жоқ


🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы жеребесінде бірінші себетке түсті.

Ұлттар лигасының С дивизионы:

1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;

2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;

3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;

4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

Жеребе тарту рәсімі келесі жылы өтеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы В дивизионынан шығып қалды. Құрамамыз Норвегия, Австрия және Словениямен бір топта ойнап, небәрі 1 ұпай еншіледі.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
2:1 болған кезде прессинг байқалмады

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Асхат пен Серікжанға көп сенім артып қойдық.

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Дастан Сәтпаевтың дебюті жайлы не дейсіз?

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
“Үлкен турнирлерге шығамыз деген бос әңгімеден доғарайық”, – дейді Ермұхамед Мәулен

Келісесіз бе?

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Футболды жабамыз ба, ағайын?

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿 Капитанымыз психологиялық тұрғыда дайын болмады.

▶️ Толық шығарылым Fonteam YouTube-арнасында!


❤️Кардиффтен арнайы — жаңа Fonteam шығарылымы!

⚽️Қазақстан құрамасы маусымды Уэльске қарсы 1:3 есебімен жеңіліспен бастады. Бірақ бұл ойын тек нәтиже үшін емес, маңызды сәттерімен де есте қалды.

🔥16 жастағы Дастан Сәтпаевтың дебютін. Асхат Тағыбергеннің екі қателігіне не себеп болғанын?Неліктен Ислам Чесноков матчтың үздігі атанғанын
талқылайды

▶️ Шығарылымды соңына дейін қарап, пікір қалдыруды ұмытпаңыз: https://youtu.be/KAD3st2ogeU

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.