Ішкі сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау
Егер кәсіпкер болсаңыз және облыстық маңызы бар қала, моно және шағын қалада, ауылдық жерлерде саудамен айналыссаңыз сізге арналған мемлекеттік бағдарлама бар. Ол бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, ала аласыз.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкердің бизнесі экономиканың басымдық берілген тізбесіне жататын салада болуы керек. Бағдарламаның шарты бойынша облыс орталығындағы жобалар үшін несие сомасы 3 млрд теңгеден, моно және шағын қала, ауылдық жерлердегі жобалар үшін 1,5 млрд теңгеден аспауы тиіс. Инвестицияға субсидия мерзімі – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл.
Ішкі сауда объектілерінің кепілзаты аз болса: бизнесі бұрыннан бар субъектілер үшін несие сомасының 50%-на дейін, тіркелгеніне 3 жыл толмағандар үшін несие сомасының 85%-ға дейін Қордың кепілдігі беріледі. Кепілдік несие мерзіміне беріледі.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында сауда субъектілеріне қойылатын міндеттемелер бар. Атап айтқанда, сауда алаңында және/немесе сөрелеріндегі азық-түлік пен басқа да заттай тауарлардың кемінде 20%-ы отандық өнім болуы, өз аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатуы шарт.
Бағдарлама туралы толық ақпарат damu.kz сайтта бар.
Байланыс орталығы – 1408