25 жыл бойы өзге əйелдің қолын ұстамаған...
Бір кісі базарда білезік сататын саудагер екен. 25 жыл бойы ешқандай əйелге тіке қарамастан, қолында ұстамастан сол сауданы жасаған. Оның əйелі күйеуі жұмыста болғанда үйінде қалады. Үйінде бірнеше жыл бойы су тасып беріп тұратын еркек күн сайын шелегін əйелге көрінбей ғана беріп кетіп жүреді екен.
Бір күні су таситын еркек саудагердің əйеліне шелекті беріп жатып əйелдің қолын ұстай қалады, əйел шошып кетіп, қолын тартып алады. Əйел: "мен қандай қателік жасап қойдым, 10 жылдап үйімізге су таситын адам бүгін неге менің қолымды ұстап қалды" деп қатты қиын халге түседі.
Кешкісін отағасы келгеннен кейін: "бүгін не істедіңіз соны маған айтып беріңізші" дейді. Күйеуі күнделікті саудасын жасағанын айтады. Əйелі қайта-қайта тəлпіштеп сұрағаннан кейін, күйеуі: "бүгін шайтан азғырып, базарға бір сұлу əйел келіп, білезік сұрады. Мен білезікті беріп тұрып əлгі əйелдің қолын ұстап қалдым" дейді. Сонда əйелі мəселенің қайда екенін түсінеді.
Саудагер бөтен əйелдің қолын ұстаған сəтте, Алла Тағала қаншама жыл хиджабтың артында жүрген əйелінің қолын бөтен еркекке ұстатып қойды.
Қанша қыздың қолын ұстадым деп санап кеттіңіз бе?
Қанша жігітпен сөйлестім деп ойланып кеттіңіз бе?