🟢 Ислам діні бай болуға тыйым салады ма?
Ислам діні адамзат баласының жақсы тіршілік еткенін және ондағы аспан мен жердің шексіз нығметтерінен пайдаланғанын қалайды. Адамның бақытты өмір сүруінде материалдық заттарды негізгі тірек санады.
Осы хадис отбасылық өмірдің, көліктің, баспананың адамзаттың бақытты не бақытсыз болуына әсерін көрсеткендей. Өмір де оны растайды.
Ислам адамзаттың бақытты өмір сүруін қалап, кедейлік өмірді құп көрмейді. Кедейлікті құптамайтыны соншалық қоғамда орын алатын дұрыс үлестірмеу, бір бірін күңдеу секілді зұлымдық істерден қайтарады.
♦️Ислами жүйе мен материалды жүйенің айырмашылығы, материалды жүйе оның пайдасы осы дүниеден аспай қарын мен әуреттің қажетін өтеумен шектеледі. Ал, Ислами жүйе байлық пен жақсы өмір сүрудің артында адамзаттың нәпақа іздеу уайымынан арылып жан дүниесімен Раббысына бет бұрғанын мақсат тұтады. Солайша мұсылман кісі материалды да рухани да бай болады.
Оған тағы бір мысал. Бай кісі төрт түлік малдың зекетін берерде ұрғашы малды беруі. Себебі, кедей ұрғашы мал арқылы мал санын көбейтіп, сүтін пайдалана алады. Және қолынан егіншілік келетін кедейге зекет егінге қажетті заттарды әперу арқылы, зекет өтеледі. Солайша Асыл Дініміз кедей адамның байға айналып, зекетін беретін жағдайға жеткенін қалайды.
#зекет #байлық
https://t.me/islamiceconomicskz

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш нәрсе – адамның бақыты:
1️⃣ Оған қарағаныңда саған ұнайтын, бір жаққа кеткенде өзін және сенің дүниеңді сақтайтын әйел;
2️⃣ Жылдам әрі саған бағынатын, жолда сапарластарыңды тез қуып жетуге мүмкіндік беретін мініс көлігі;
3️⃣ Жайлы кең баспана. (Ал Хаким риуаят еткен)