“Jas Qazaq” жастар ұйымы


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Ta’lim


Мақсатымыз - әлемдегі қазақ жастарының бір-бірімен байланыса алатын платформа құру

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


«Otandastar Qory» dan repost
Моңғолиядағы қазақ жастары шахмат додасын ұйымдастырды

Моңғолиядағы ерікті қазақ жастары Дэлүүн сұмынында тұратын қазақ оқушылары арасында шахмат бәсекесін ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық интелектуалдық ойындарды дамыту, қазақ жастарының логикалық ойлау қабілетін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өтті.

Турнир Дэлүүн сұмынының толық орта мектебінде өтті және 130-дан астам оқушы қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Жарыс үш кезеңнен тұрды: бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары арасында.

Отандастар қоры бұл шараны қолдау мақсатында үш жас шахматшыға «Jas Qazaq» жазғы этно-танымдық лагеріне жолдама сыйлады.

Жарысқа қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймыз!

Отандастар қоры қазақ жастарының білім алуына, зияткерлік қабілеттерін шыңдауына әрдайым қолдау көрсетеді!

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
Абай Құнабайұлының 180 жылдығына орай «Абайдың асыл сөздері» әдеби туындылар байқауы

⚜️Абай мұрасына арналған өлеңдер, эсселер, қара сөздеріне талдаулар, әңгімелер және басқа да шығармаларды бізге жолдап, «Jas Qazaq» жазғы этно лагеріне жолдама ұтып ал!

⏰Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 1 сәуірге дейін

🔗Толығырақ: oq.gov.kz


Конкурс литературных произведений «Слова назидания Абая», посвященный 180-летию Абая Кунанбаева

⚜️Присылайте стихи, эссе, анализы «Қара сөз», рассказы и другие произведения, посвященные наследию Абая, и выиграйте путевку в летний этнолагерь «Jas Qazaq»!

⏰Прием работ: до 1 апреля 2025 года.

Подробнее: oq.gov.kz


Literary Works Contest «Abai’s Noble Words» Dedicated to the 180th Anniversary of Abai Qunanbaiuly

⚜️Submit poems, essays, analyses of Qara Soz, stories, and other works dedicated to Abai’s legacy for a chance to win a ticket to the Jas Qazaq summer ethno-camp!

⏰Submission deadline: April 1, 2025.

Read more: oq.gov.kz

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай қазақ әндері байқауы

Кез-келген қазақ әнін орындап, «Jas Qazaq» жазғы этно лагеріне жолдама ұтып ал!

Байқаудың бас төрешісі «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы - Мұса Марат.

Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 1 сәуірге дейін

Конкурс казахских песен, посвященный 190-летию Жаяу Мусы

Исполни любую казахскую песню и выиграй путёвку в летний этнолагерь «Jas Qazaq»!

Главный судья конкурса – победитель мегапроекта «Qazaqstan дауысы» Муса Марат.

Приём работ: до 1 апреля 2025 года.

Kazakh song contest dedicated to the 190th anniversary of Zhayau Musa

Perform any Kazakh song and win a ticket to the «Jas Qazaq» summer ethno-camp!

The main judge of the contest is Musa Marat, the winner of the mega project «Qazaqstan Dауysy».

Submission deadline: April 1, 2025.

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 20 наурыз 2025

Қатысу шарттары:
1) Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас;
2) Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау;
3) Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды;
4) Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

Толық ақпарат: oq.gov.kz сайтында

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
2024 жылы Өзбекстандағы қазақ қаламгерлерінің 20-ға жуық кітабы жарыққа шықты

Ташкент қаласында Өзбекстан Жазушылар одағына қарасты Қазақ әдебиеті кеңесінің есеп беру отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Жиынға кеңес төрағасы, мүшелері мен Өзбекстандағы белгілі қазақ қаламгерлері қатысты. Оның барысында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, қазақ-өзбек әдеби байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

— «Отандастар» қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған «Ұлы дала» халықаралық байқауында Жарасқан Мырзамұратов пен Лола Жүнісқызы жеңімпаз атанды. Мұны Өзбекстандағы қазақ қаламгерлерінің жетістігі деп санаймыз. Аталған екі жазушы Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Сондай-ақ ақын Қошқарбай Байжігітов те одақтың мүшелігіне өтті, - деді Тұрсынәлі Ахметов.


Бүгінде көршілес мемлекетте қолына қалам ұстаған 70-ке жуық қандасымыз бар, солардың 13-і - Өзбекстан Жазушылар одағына мүше.

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 20 наурыз 2025

Қатысу шарттары:
1) Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас;
2) Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау;
3) Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды;
4) Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

Толық ақпарат: oq.gov.kz сайтында

@otandastar


«Otandastar Qory» dan repost
«Ұлы дала – 2024» сериясымен шыққан шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының кітаптарының тұсаукесері өтті

2025 жылғы 22 қаңтар Астана қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы Дала – 2024» шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздарына арналған 9 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған жоба аясында 2023 жылы 10 кітап жарық көрген еді.

Шараның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығын қолдау, олардың еңбектерін қалың аудиторияға таныстыру және қазақ мәдениетінің бірегейлігін сақтап, нығайту.

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, кітап авторлары, Қазақстан Жазушылар одағы мен Отандастар қорының басшылығы қатысты. Шара барысында шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық еңбектері алғаш рет қазақ оқырмандарына ұсынылды. Кітаптар қазақ әдебиетінің байлығын көрсетіп, шетелдегі этникалық қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтауға бағытталған.

2024 жылы байқау жеңімпазы атанып, шығарылған кітаптар:
1. «Қобданың қоңыр желі» – Рысбек Зұрғанбайұлы (Моңғолия).
2. «Үркер ауып барады» – Зүлкәпіл Мәулітұлы (Моңғолия).
3. «Тәжікстандағы қазақтар» – Абдусаттар Нуралиев (Тәжікстан).
4. «Ақиқаттың дәмі ащы» – Жарасқан Мырзамұратов (Өзбекстан).
5. «Кімді кінәларсың...» – Ербақыт Нүсіпұлы (Моңғолия).
6. «Ұрпағың үзілмесін» – Мұхтасыров Пионер Солтанович (Ресей).
7. «Қарасу жырлары» – Лала Жүнісқызы Жұманова (Өзбекстан).
8. «Өрікті көл» – Елеусіз Мұқамәдиұлы (Моңғолия).
9. «Айтағалы салт атты» – Баман Құрманханұлы (Моңғолия).


Жоба туралы: «Ұлы Дала» жобасы шетелдегі қазақтардың мәдени және әдеби мұраларын зерттеуді, жинақтауды, басып шығаруды және көпшілікке таратуды мақсат етеді. Шетелдегі қазақтардың шығармашылық еңбектері Қазақстанда кеңінен танылып, олардың мәдени мұрасы насихатталады. Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен толығып, ұлттық бірегейлік нығайтылады. Жас ұрпақ қазақтың мәдени және әдеби құндылықтарына терең қызығушылық танытуға мүмкіндік алады.

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағы биыл да шетелдегі қазақтардың шығармашылық еңбектерін жинақтап, насихаттауды жалғастыратынын атап өтті. «Ұлы дала – 2025» халықаралық байқауына өтінім қабылдау басталды.

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar

7 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.