Жай Спорт KZ 🇰🇿


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Қазақстан спортының ең қызық жаңалықтары, өзекті тақырыптар мен сіз білмеген ақпараттар.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


❌Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

🇰🇿6 ойын
❌5 жеңіліс
🤝1 тең ойын
⚽️15 гол жіберді
❌қарсылас қақпасына гол соқпады


👏 Чесноков – маусымның үздік ойыншысы

“Тобыл” командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Тимур Сегізбаев атындағы номинацияның жеңімпазы атанды.

📊 Үздік ойыншыны анықтау турнирге қатысқан клубтардың капитандары мен бапкерлері арасындағы дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.

⚽️ 25 жастағы Чесноков маусымды жоғары деңгейде өткізді: 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді, 75 сәтті дриблинг жасап, 8 шешуші пас шығарды (хG - 7.06). Сондай-ақ, ол үш рет айдың үздік ойыншысы деп танылды.


Чемпиондар құрметке бөленді

Елорда да бокстан ерлер арасындағы Азия чемпионаты мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылар ақшалай марапатталды.

Азия чемпионатының жүлдегерлеріне 3,5 млн теңге, ал жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарғандарға 2 млн теңге табысталды.

Сонымен қатар, бапкерлер мен дәрігерлерге де 1 млн теңге көлемінде сыйақы берілді.


Қазақстан Испаниядан басым түсті

Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы ойында ұлттық құрама испандықтарды қапы қалдырды

🇰🇿KAZ 2️⃣:1️⃣ ESP 🇪🇸

Елена Рыбакина мен Александр Шевченко шешуші ойында Пабло Карреньо Буста мен Ивон Кавалье-Реймерсті 7:6(4), 6:7(2), 10:7 есебімен тізе бүктірді.


ҚФФ ресми мәлімдемесі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.


Черчесов аут?

❌Станислав Черчесов жақын күндері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді екен. Бұл ақпаратпен Ермұхамед Мәулен бөлісті.


ӘЧ-2026 топтық іріктеу кезеңінде ұлттық құрама қарсыластары анықталды

🇧🇪 Бельгия
🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Уэльс
🇲🇰 Солтүстік Македония
🇰🇿 Қазақстан
🇱🇮 Лихтенштейн

Топтан шыға аламыз ба?


Тайландтағы жорықта тайып құладық

Қазақстан ерлер құрамасы бокстан Азия чемпионатын жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.

Ұлттық құрама қоржынына 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль түсті.


ШАВКАТ РАХМОНОВ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ!

Рекордтық 19-0 болмады, дегенмен бастысы жеңіс!

Құтты болсын Қазақ елі🇰🇿


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🥊Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді


🥊Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри жекпе-жек алдында UFC үшін арнайы фотосессия жасады

🤔Фотодан кімнің физикалық тұрғыдан дайындығы мықты екенін көруге болады?

❤- Шавкат
🔥- Гэрри


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Максим тағы да гол соқты

🇰🇿Ұлттық құрама шабуылшысы Максим Самородов "Ахмат" сапында үшінші ойын қатарынан гол соғып, қазақстандық футбол жанкүйерлерін қуантты.


Алаң жиегінде⚽️💚 dan repost
"Астана" тең нәтижеге қанағат етеді


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Если что, ол Макс😎

⚽️Максим Самородов "Ахмат" сапында "Крылья Советов" қақпасына әдемі гол соқты.

Голды 1-10 аралығында бағалап кет👇


Лига Кубогының финалы

✅Негізгі құрам

😀Жеңіс - Астана😀

Кубок кімге бұйырады?

Жеңіс - ❤
Астана - 🔥


Елена Рыбакинаның көптен күткен жеңісі

Ұлттық құраманың көшбасшысы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрама сапына оралды.

Отандасымыз Билли Джин Кинг кубогы аясындағы екінші ойында құрама қоржынына кезекті жеңісті сыйлады.


Зарина Диас Қазақстанға алғашқы жеңіс сыйлады

Билли Джин Кинг турнирінің алғашқы ойынында Зарина қарсыласына қарсы керемет камбэк жасады.


🆘🆘🆘

РЕСМИ: ШАВКАТ РАХМАНОВ UFC 310 КЕШІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Қазақстандық файтердің қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри атанды.

Кездесу 8-желтоқсанда өтеді және уақытша титул сарапқа салынады.


🇰🇿Шетелде ойнатын қазақстандық ойыншылар ұлттық құрама сапына келіп қосылды

✔️Бақтиер Зайнутдинов
✔️Нұрәлі Әліп
✔️Абат Айымбетов
✔️Ғалымжан Кенжебек
✔️Максим Самородов


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Елена Рыбакина Қазақстанға ұшып келді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінен кейін Астанаға ұшып келді.

Елена елге ұлттық құрама сапында Белли Джин Кинг турниріне қатысу үшін келді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.