Қадыр түннің белгілері және қай күні, қалай күту керек.
Қадыр түнін қай күнінде күту керек десек негізі ол мәселеге әр түрлі көз қарастар бар. Бір рияуаттарда 30 күнде, бір рияуаттарда соңғы 20 күнінде және бір рияуаттарда соңғы 10 күн немесе 10 күннің бірі ықтималы 27-і күні делінген де бар. Басқа да 21, 23, 25, 27, 29 тақ сандар күндердің жайында сенімді хадистерде келген. Ғұламалар Алла Тағаланың бұл түннің нақты уақытын жасырғанында жатқан даналықты былай түсіндіреді: оның уақыты белгіленіп қойса, көптеген жалқаулар басқа түндерде құлшылық жасамас еді. Ал, оның нақты уақыты белгісіз болғандықтан, құлшылыққа аса ынта қоймайтындар Тағдыр Түні Рамазанның соңғы он түнінің тақ жұлдыздарының бірінде болады деген оймен бірнеше түн бойы мінәжат етуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, көптеген адамдар күнәларынан тыйыла алмайтындықтан, егер бұл түн белгілі бір уақытқа белгіленіп қойса, олар сол түнде де күнә жасар еді.
Ал, бұл олардың имандары үшін қауіпті болар еді.
Қадыр түнінде адам баласы шынайы Алладан кешірім сұрап жиі дүға ету керек.
«Ләйләтүл-Қадрды Аллаға ғибадат жасаумен өткізген адамның барлық өткен күнәлары кешіріледі». (Бухари,Муслим)
Одан бөлек салауат, зікірлер, истихфар айтып, діни кітаптарды, құран, нәпіл намаздарды оқу жақсы амалдардан.
Қадыр түннің белгілері
Ең дұрысы ‒ Рамазанның соңғы он түнінің бәрін құлшылықпен өткізу. Шамаңыз жетпей жатса, ең болмаса, тақ түндерінде ынта таныту. Сонымен қатар, бұл түнді өзіне тән белгілеріне қарап білуге болады. Хадистерде Ләйләтүл-Қадрдың төмендегі белгілері туралы айтылады:
Түн жарық, таза болады, ол түнде ауа райы ыстық та емес, суық та емес, жанға жайлы болады.
Ол түні ай самаладай жарық болады.
Қоңыр салқын, жағымды жел соғып тұрады.
Мұсылмандар бұл түнде ерекше мамыражай күй кешіп, рахатқа бөленеді.
Сол түннен кейін таңертең күн сәуле шашпай, толған Айдай дөңгеленіп шығады. Ғұламалар мұның негізгі белгі екенін және міндетті түрде болатынын айтады.
П/С Хайыз-нифас уақытындағы нәзік жандылар истихфар, зікір, салауат, дұға айту, дұға аяттарын дұға ретінде ниет қылып айту болады.