Дайындықсыз үйленбе!


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


• Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!
📝 Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Қарындасқа насихат… dan repost
#1 НЕГЕ НЕКЕГЕ ДЕЙІН БОЛАДЫ БҰЛ НӘРСЕЛЕР?!

Әр нәрсенің реттілігі бар иә?! Мысалы, даладан келе сала тамаққа отырмаймыз иә?! Бірінші жуынып, киімімізді ауыстырып келіп тамаққа отырамыз. Немесе қыздар тамақ пісірерде май құймай тұрып бірден етін салсақ қалай болады?! Тамақ піспейді дұрыс иә? Яғни әр нәрсенің реттілігі бар, егер оны бұзсақ нәтижесіз болады. Енді сұрақ әр нәрсенің реттілігін сақтаймыз да неге некеден кейін болатын нәрселерді некеге дейін істеп қоямыз?
Жігітпен жеке қала береміз, онымен жеке сөйлесе береміз, одан сыйлық, гүл алып жүре береміз. Тағы сорақысы одан неге бір жаққа баратын болсақ сұранып жүреміз осы?! Бұлар әрқайсысы жеке тақырып, бірақ бүгін дәл осыған тоқталмақпын. Қазір біраз жігіттер мен қыздар өздерін күйеуі мен әйелі секілді қатынас жасайды. Жігіт өзінше қызды тыйғысы келеді біраз нәрседен “қысқа киме, анда барма, үйтпе, сүйтпе” - деп, оның көзінде якобы тәрбиелеп жатыр ғой. Ал ол біздің көзімізде “забота, мені қызғанады, күшті” - деп жүре береміз. Құдай-ау сол жабық киінуді үйде әкеміз, ағамыз қақсап жүр ғой. Кешке сыртта жүрмеуді айтып-айтып шаршаған ғой уже. Бізге қызығы олардың ақылы керек емес те, айдаладағы әлі мен үшін жауапкершілік алмаған, әлі өзі өз қарындас, әпкесін дұрыстай алмай жүрген қайдағы жоқ біреудің айтқандарын тыңдағыш болып қаламыз. Сондай керемет тәрбиелеп аламын, намазда болмаса намазға әкем аламын дейтін жігіттер де бар. Соларға айтқым келеді “құдай-ау өз анаңды, қарындас, әпкең әкеп алшы сол намазға егер бәрі сенің қолыңда болса”.

Ертең сіз піріңіздей көріп жүрген жігіт сізге деген ниетін орындап алған соң, болды. Қош сау бол деуі мүмкін. Ал некеге дейін осындай әрекеттер жасайтын көп жігіттердің ойын (жігіт ретінде) айтайын “ниетім үйлену” дегені өтірік. Сол ниетті орындаған соң жігіттерге оңай сізбен қоштаса салып басқасына кету. Ал енді одан соң біздің тағдырымыз не болмақ?! Үлкен сызат қой біз үшін… Қашан сіз оның тыйымдарын, бұйрықтарын орындайсыз? Некеден кейін. Оның өзін әдемі жеткізуге ьолады жігітке.
- ол жаққа бармайсың. Шапкаңды ки. Қысқа киінбе.
- кешіріңіз, бұл күйеудің әйелге айтатын әңгімесі ғой. Иә, күшті уайымыңыз. Бірақ, мен тек некем қиылған адаммен мұндай қатынас құра аламын.
“енді үйленеміз ғой, анау ғой мынау ғой” деп қырта беруі мүмкін.
Бірақ менде принцип бар “некесіз некеден кейінгі істерді жасамаймын және басқаның да менімен жасауын жол бермеймін” деген. Жігіттен айырылып қаламын ба деп қорықпасаңыз болады. Ақылы бар, жауапкершілігі бар жігіттің көзінде сіз керісінше аспанға қарай дәрежеңіз ұшады. Ал теріс айналған жігіт болса, оның сол теріс айналғаны біз үшін хайырлы. Өміріңізді жауапуершілігі жоқ адамнан Құдай сақтады деп біліңіз!

(Тағы некеге дейін қандай қате әрекеттер жасалынады жігіт пен қыздың арасында?)


Жасыңыз қаншада?
So‘rovnoma
  •   17-19жас аралығы
  •   20-25жас аралығы
  •   26-30жас аралығы
  •   31-35жас аралығы
82 ta ovoz


Отбасылық жағдайыңыз
So‘rovnoma
  •   Үйленгенмін | тұрмыстамын
  •   Үйленбегенмін | тұрмысқа шықпағанмын
  •   Ажырасқанмын
109 ta ovoz


Қайырлы кеш! Арнамызда басым көпшілігі кім екенін анықтау үшін сауалнама жүргізудеміз. Сауалнамаға қатысып, екі нұсқаның бірін таңдаңыз.
So‘rovnoma
  •   Ер адаммын
  •   Әйел адаммын
125 ta ovoz


Akhmedov Yerbol dan repost
#Ортақ_ой

Қыз бала әкесінің үйінде жиырма жылдан астам уақыт өмір сүріп, армандарының ешбірін жүзеге асырмай өтуі мүмкін. Бірақ тұрмысқа шыққан соң, күйеуінің сол армандарды алғашқы жылдың өзінде-ақ орындауын талап етеді…

Бір қарағанда, ол Аладдиннің сиқырлы шамына үйленгендей көрінеді…!!!

Ер адамдарға түсіністікпен қараңыздар, өйткені қазіргі өмірдің ауыртпалығын тек Айюб пайғамбардай сабырлы жандар ғана көтере алады.

Дұрыс ❤
Қате 👍




ОТБАСЫНДАҒЫ ЫСЫРАП

Ысырапшылдық - адам бойында кездесетін ұнамсыз қасиет бола тұрса да, оған мәдениетімізде аса үлкен көңіл бөлінеді. Дінімізде тіпті өзеннен дәрет алсаң да, суды ысырап етпеуді талап етеді.

Ысырапшылдық - ресурсқа деген ұқыпсыздық, моральдік ауру және иманы бар адамға жат, жаман қасиет. Ысырапшыл адам - қолындағы нығметтердің қадірін білмейтін адам. Ал ондай адам сол нығметтерді теріс жолда, қажетсіз немесе орынсыз қолданады.

Ең үлкен ысырапқорлар - неке институтын мойындамай, оның маңызы мен нығметін түсіне алмағаны үшін бұл құрылымды айыптайтын адамдар. Ал енді осы тұста «Көтерілген шаңырақ ішінде де ысырап болуы мүмкін бе?» деген сұрақ туындайды.

Отбасы ішіндегі береке мына екі терезе арқылы шығып кетеді: біріншісі-жауапкершілікті атқармау арқылы отбасындағы позицияны ысырап ету болса, екіншісі - ресурстарды ысырап ету арқылы отбасындағы материалдық жағдайды құрту. Осы екі терезені берік жауып, қадағалау - шаңырағымыздағы татулықтың кепілі.
Отау құрған ерлі-зайыптылар өздерінің жаңа мәртебесін толық түсінбеуі және сол рөлге тиесілі жауапкершіліктерді толыққанды орындамауы салдарынан отбасылық берекенің ысырап болуына жол ашады.
Отбасы - адам өміріндегі баға жетпес қазынаға толы сандық іспеттес. Ал сол қазынаның қадірін білмей, оңға-солға шашатын адамды жай ғана ысырапқор емес, ақымақ деп те атауға болады.
Сондай-ақ, отбасындағы ысырап бірнеше топқа бөлінеді. Біріншісі және ең маңыздысы - жұптардың бірге өткізетін уақыттарын ысырап етуі, уақытын тиімді өткізуден мақұрым қалатындары. Бұл өкінішке орай ажырасудың негізгі себептерінің бірі. Зерттеулер нәтижесінде, бір-бірімен уақыт өткізбейтін жұптардың ұзақ уақыт бойы шаңырағын ұстап тұра алмайтындығы анықталды.
Бірге отырып әңгіме айта алмайтын немесе әңгімеге уақыт таба алмайтын, бірге шай ішпейтін, бірге фильм көрмейтін, қол ұстасып серуендемейтін жұптар өмір жолында да бірге көретін мәселелер туғанда болмашы кедергіден сүрінеді. Яғни, бір ысырап - екінші бір ысырапқа жол ашады.


Отбасындағы тағы бір ысыраптың түрі - материалдық ысырап. Қазіргі таңда адамдардың тіл табысуының қиынға соғуының бірден-бір себебі: кіріс пен шығыс арасындағы тепе-теңдікті сақтамау. Жаңа ғана отау тіккен жұптардың басым бөлігі лезде барлық дүниеге ие болуға талпынады. Көлігім болса, үйім болса, үйім үлкен және кең болса, танымал бренд киімдерін кисем деп өзінен тұрмысы, жағдайы жоғары адамдарға көз тігеді. Шамасына қарамастан олар осы жолда қаражатын жұмсайды.

Ал кредит немесе қарыз салдарынан проблемалар туындаған кезде, отбасылық кикілжіңнің алғашқы дәмін татады. Кейбір жастар үйдегі бақытсыздықтан құтылу жолын «шоппинг» жасау арқылы іздейді. Ал тағы бірі ұрысып қалған жұбайынан кек алу үшін қаражатты оңды-солды жұмсауды жөн санайды.

Адамдардың мүлігінде кішігірім ақаулар пайда болса, оны жөндеуге тырыспай, қоқысқа тастап, жаңасына ауыстыруды ажырасу санының көбеюіне де әсер етті дей аламыз. Болмашы қиындық туғанда, бірден ажырасуды таңдайтын адамдар осыған айқын дәлел. Өзін өзгенің алдында жақсы қылып көрсетуі үшін әлі де пайдалануға жарайтын заттарды жаңаға ауыстыру - ысыраптың нағыз өзі. Осы мақсатта ең көп ысырап жасалатын заттар: ұялы телефон, теледидар мен ноутбук. Материалдық жағдайының көрсеткіші осы заттар деп санайтын адамдар үйінің ішін техникалық дүкенге ұқсатып, мүлде пайдаланылмайтын заттарға толтырумен қатар, жаңа модельдері шыққанда бірден ауыстыруға асығатыны тағы бар. Бұл жауапсыз әрекеттер отбасыға да, мемлекетке де экономикалық зардап туғызуда.

«Бақытты отбасының сыры» кітабынан.


Мықты отбасының құрылуы мен оның бақытты жалғасымы үшін материалдық жетістіктерден бұрын рухани байлық қажет.
Отбасын құруға жар іздегенде де осы жүрек байлығына мән берудің маңызы зор. Мұсылман адам бақытты ғұмыр кешкісі келсе, өзіне жар іздегенде, оның жүрек байлығына көп назар аударғаны жөн.
Бақытты сырттан емес, жүректен іздеген жөн.

Ал үйленген соң, жұбайының сол рухани құндылықтарын бағалауы тиіс. Сол бір жапырақ жүрек бай болса, адамның өмірі де мәнді болады.

«Жанұя жарасымы» кітабынан


«Үй алма, көрші ал» деген бабаларымыздың тәліміне жүгінер болсақ, тіпті ұнамаса ертең сатып жіберетін үйдің өзін алғанда ондағы бірге тұратын көрші маңызды болған. Сол сияқты үйлену сынды адам баласының ең маңызды өмірлік шешімінің басты шешуші факторы ол адам құндылықтарына баса мән берумен ғана дұрыс болады.
Адам құндылықтары негізінде құрылмаған отбасы тек қана уақытша жыныстық қажет үшін, аш қарынды тойғызу үшін кафеге барып қайтқан сияқты бос жасалған бір әрекет қана болып саналады…


«Жұбайлар құпиясы» кітабынан


Жігіттердің қыздарға қоятын үш талабы:

1. Жақсы келін болу.
Ата-ана, туыс-туғандарына қызмет ететін, олармен бірге тұрып, ыстығына күйіп, суығына тоңатын «жақсы келін» болу.

2. Жақсы жар болу.
Отбасына қарайтын, білімді, білікті жар бола білу.

3. Жақсы ана болу.
Көп бала өмірге әкелетін, оларды заман талабына сай ақылды, дені сау етіп тәрбиелеу.

Қазіргі заманда бұл үш түрлі қасиетті бірден бойына жинақтаған жақсы келін, жақсы жар, жақсы ана болатын адамдардың кездесуі өте қиын.

Себебі мұндай біршама рөлді бір уақытта ойнау үшін әйел адамға өзінің жеке басын ұмытуға тура келеді.
Сондықтан жар таңдаған жігіттер осы үшеуінің қайсысы сізге ең жақын болса, соны таңдап, қалғанын сол жолда құрбан етуге тура келеді.

Мысалы, сіз үшін ата-ана бағу қатты маңызды болса, таңдайтын жарыңыз ата-ана тәрбиесін көрген, туыс-туғанмен араласа алатын сабырлы, салмақты адам болғаны маңызды. Ондай адам іскерлікпен қоғамда маңызды орында жұмыс істеуі, маман иесі болып ақша табуы қиын.
Ал егер сізге қоғамда беделді, іскер жар керек болса, ол адамның да өмірге бала әкеліп, олардың тәрбиесімен айналысуы өте қиын, бала туса да бағуы екі талай. Ондай адамның ата-анамен бірге тұрып, оларға қарайласуын елестету де қиын.

Сондықтан әркім өзіне қандай жар керек екенін анықтап алып, соған сай келетін адамды таңдағаны жақсырақ.
Әр адам іштей өзіне қандай адам керегін жақсы біледі.


#бір_ағамыздан_кеңес


Қазақ күйеу балаға не үшін төстіктің басын жегізген?

Қазақта «күйеу бала қайын жұртына келгенде тартылатын табақтың ішінде міндетті түрде төстік болуы әрі оны күйеу бала мүжіп жеуі керек» деген дәстүр бар. Әрине, төстіктің майының құрамында адам ағзасын қуаттандыратын қуатты дәрумендердің мол екені даусыз. Төстік міндетті түрде салынатын «күйеу табақтың» қазақы болмыстағы рухани құндылығы жағынан әкелетін мағынасына үңілсек, малдың төстігі - барлық қабырғалардың аса шеберлікпен қиюын тауып, әрқайсысы өзінің орнымен бір төстікте бар қосқан жері. Сол мағынадан алғанда, күйеу үйленгеннен кейін «татулығы мың жылға созылатын екі жақтағы құдалардың арасын татуластырушы, жалғаушы, бір отауда бас қостыратын берекенің шаңырағы бол» деген үлкен мағына жатқаны белгілі.

#дәстүр #тәлім


TAǴYLYM TAMSHYLARY dan repost
Үйленудің үкімдері:

1. Егер адам шахуатының күштілігі себепті зинаға нақты түсу қаупі болса, үйлену — парыз.

2. Егер адам зинаға түсу қаупі бар екенін сезінсе, бірақ нақты сенімді болмаса, үйлену — уәжіп.

3. Егер адам құмарлығы орташа, зинаға түсу қаупі жоқ, бірақ үйленуге қабілеті бар болса, үйлену — бекітілген сүннет.

4. Егер үйлену тек шахуатты басу үшін ғана жасалса, үйлену — мубах.

5. Егер адам әйеліне зұлымдық жасау ықтималынан қорықса, бірақ нақты сенімді болмаса, үйлену — мәкруһ (харамға жақын).

6. Егер адам әйелінің қажеттіліктерін өтей алмайтынына және оған нақты зиян келтіретініне сенімді болса, үйлену — харам.

(Фатхул Қадир 3/187, Бәхр Райқ 2/84)


Балаға жақсы ана таңдау.

Бүгінде отау құрып, шаңырақ көтерем дейтін жастар көбінесе алатын жарының сыртқы келбетіне, шыққан жеріне, тегіне, байлығына, пысықтығына қарайды. Бұл, әрине, дұрыс. Алайда Ислам тәлімі бойынша бұл аталғандар өмірлік серік таңдаудың шарттарын түгел қамти алмайды. Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде дініне берік, құдайшыл жар таңдауды өсиет еткен. Бұл - мәселенің бір жағы. Екінші жағынан алғанда, ер кісілер жұбай таңдағанда, оның күні ертең бала-шағасына қандай ана болатынын ескеруі керек.
Өйткені перзенттеріміздің бұл дүниедегі ең алғашқы ұстазы да, тәлімгері де олардың анасы.

Бұл тұрғыдан келгенде, егін егетін кісі үшін дән көметін құнарлы топырақ табу қаншалықты маңызды болса, мұсылман өмірінде жақсы жар таңдаудың мәні сондай. Құранда мынадай аят бар:
«Топырағы құнарлы, жақсы бір жұрттың өсімдігі Раббысының әмірімен көгеріп, жақсы өседі. Ал нашар жерде тым аз және пайдасыз өсімдіктер шығады. Шүкір еткен қауымдар үшін аяттарымызды, міне, осылай әр қырынан сала-сала етіп баян етеміз» («Ағраф» сүресі, 58-аят)

Бұл аятты кейбір ғалымдар жар таңдауға да қатысы бар деп түсіндіреді. Ендеше, өмірлік серік таңдағанда, олардың сұлулығы мен тартымдылығын немесе шаруаға пысықтығын ғана ескеру жеткіліксіз. Кез-келген сұлулық мәңгі емес. Сондықтан дүниеге Алла тағалаға құлшылық ететін, игілік істер атқаратын, ата-анасын қадірлейтін, Қияметте ардақты Пайғамбарымызды қуандыратын, еліне пайдалы ізгі ұрпақ әкелу бәрінен бұрын жар таңдауға байланысты.

Ертеде Әбул-Әсуад деген кісі балаларына: «Мен сендер кішкентай кезде де, есейген кездеріңде де, тіпті дүниеге келмей тұрғандарыңда да жақсылық жасадым», -депті. Сонда перзенттері:
«Кішкентай күніміз бен есейген шағымыз түсінікті, бірақ біз туылмай тұрғанда қандай жақсылық жасадыңыз?!» - деп сұрайды таңғала.
- Мен сендер кейін ұялып, қысылмайтындай ана таңдадым,-дейді әкесі.

[Асылбек Әуезханұлы ағамыз]


Үйлену мәселесіне үлкен мақсатпен келу керек.
Бір қызға үйлене салсам, бірге тұра берсем, соным неке болады деген тар түсініктен аулақ болу керек. Некенің шарттары сақталмай, шариғат талаптары орындалмай, яғни мақсатсыз құрыла салған отбасы мұсылмандық негіздерден алшақ.
Мақсатсыз құрылған жанұя ниетсіз амал секілді. Онда береке болмайды.
Мақсатсыз құрылған отбасы әдемі басталғанмен, бір күні гүрс етіп құлауы мүмкін. Ал енді мақсатқа келер болсақ, отбасының әуелгі мақсаты Алла тағаланы разы ететін, ақыретте Пайғамбарымызды қуандыратын ұрпақ жетілдіру болуы керек.
Сәтті құрылған отбасы бұл өмірдің де, бақи өмірдің де сәтті болуының алғашқы баспалдағы.


[Асылбек Әуезханұлы ағамыз]


Отбасының билеушісі кім? III бөлім

Шын мәнінде, бүгінгі қоғамда шешімін таппай келе жатқан отбасында еркек пен әйелдің бір-бірін билеуге, басқаруға ұмтылып, сол үшін бітпейтін дау-жанжалмен жарысқа түсуі, тіпті сол үшін балаларын жетім қалдырып, ажырасуға дейін баруы - қоғамдағы СПИД пен рактан, обадан да қауіпті ауру.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде:
«Адамдардың ең жаманы - отбасына өктемдік көрсеткені»,-деген. Демек, отбасында билеп-төстеуге ұмтылудың астарында, біріншіден, ғаламдық әйелдерге арналған психологиялық гендердік саясат жатыр.
Екіншіден, салт-дәстүрді заман талабына сай дұрыс қолдана алмау. Қазақта:
«Әке - асқар тау,
Ана - мөлдір бұлақ,
Бала - жасыл құрақ
» деген ұғыммен қоса «Екі жақсы қосылмайды дейді ғой, тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын» деген сөзден-ақ отбасында мәселені шешудің тарихи формуласы бар екенін білуге болады.
Үшіншіден, еркек пен әйел арасындағы «менмендік», «өзімшілдік» сезімінің басым болуы.
Төртіншіден, еркек пен әйелдің жаратылыс табиғаттарына сай берілген өз міндеттерінің асыл мақсаттарын толық түсінбеуі.
Бесіншіден, әр екеуінің арасында «эмпатия» түсінігінің болмауы (бір-бірінің орнына өзін қойып көрмеуі, өзгені өзіндей ойлай алмау.)
Алтыншысы, екеуінің де өз отбасыларында көрген тәрбиесі әсер етеді.

Екі жастың үйленуі ең әуелі сүйіспеншілік пен сенімге құрылуы керек. Сосын әркім өзінің табиғи жаратылысына сай жауапкершіліктері мен міндеттерін дұрыс атқаруға өзара көмекші болуы шарт.

[Қазим Мұстахимұлы]


Отбасының билеушісі кім? II бөлім

Табиғатынан әлсіз, нәзік жаратылған әйел баласы еркекті өзіне әрқашан қорғаушы, қолдаушы, пана ретінде қарап, өзінің үйленгенге дейінгі әкесі, болмаса ағасы, үйленгеннен кейін де сүйген жарының қорғауында болуға қуана келіскен.
Көне қазақ болмысында «еркек - үйдің билеушісі, әйел - үйдің ісін жүргізушісі» ретінде қаралған. Қазіргі заман тілімен айтсақ, еркек - мемлекет басшысы президент болса, ал әйел - сол президенттің көмекшісі, бас уәзірі немесе премьер министрі. Еркек сырттан басшы ретінде отбасын қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, жұмыс істеу, кәсіп жасау т.б. арқылы оны табудың жолын қарастырады. Ал әйелі болса, еркегі тауып, үйіне әкелген табыстарын отбасында балаларының денсаулығы, білім алуы, киімі, тамағы т.б. дұрыс жолға жұмсауды жүргізеді. Демек, екеуінің міндеті осылай бөлініп, бір-біріне байланысты болғанда, екеуара сүйіспеншілік пен түсінушілік, өзара құрмет орнайды. Сол кезде отбасында берекет орнап, ғұмыры ұзаққа созылады. Бұл туралы Алла қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 34-аятында:
«(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету, қорғау және тәрбиелеу ер адамның міндеті болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған. Мұның себебі, Алланың кей адамдарды кейбіреуінен (басқару, қорған, қамқор болу сынды мәселелерде) артық (әрі қабілетті етіп) жаратқандығы, сондай-ақ ер адамдардың (әйелдеріне мәһір беру һәм отбасының нәпақасын табу сынды) қаржы-қаражат жауапкершілігін арқалағандығы. Ал ізгі әйелдер - Аллаға толық мойынсұнатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде де ерлерінің құқығын аяқасты етпей (ар-ұяттарын, отбасылық сырларды, отбасына тән абырой мен ерлері тапқан мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар…»

деген аятынан ақ мәселенің басынан осылай жаратылғанын көруге болады.

Дегенмен әйел адам отбасының билеушісі бола алмай ма? Отбасы былай тұрсын, қаншама кәсіпкерлер мен мекемелерді, тіпті мемл.министрліктер мен президенттіктерді жылдар бойы нәтижелі басқарып келе жатқан іскер әйелдер қаншама деген сұрақ туады. Әйел қанша іскер, ақылды болғанымен әйелдің аты әйел. Алла Тағала әйел адамның жаратылысына нәзіктік пен мейірімділік беріп жаратқандықтан, қалай болса да ол екі мінез басым болады. Сондықтан бұндай міндеттерді атқарып жүрген, қоғамда лидер болып кәсіпкерлік пен түрлі салада жетістікке жетіп жүрген әйелдердің отбасы және бала тәрбиесіне бір қараған жөн. Қысқасы, олардың қаншасы отбасынан ажырасқан немесе үйленбеген, қаншасы өмірге бала әкелмеген.

Әйел адамның жаратылысының басты әрі ең ұлы мақсаты болған жар құшып, өмірге бала әкеліп, ана атану сынды ұлы міндеттен айырылып кеткен, не отбасы, не дұрыс адамзат үшін жасаған ісі жоқ еліміздегі сан мыңдаған карьера қуған кәрі қыздар мен ажырасқан әйелдер немесе “жұлдыз ауруымен ауырған” жұлдызсымақтардың өмірі - осы сөзіміздің дәлелі.

[Қазим Мұстахимұлы]
Жалғасы бар


Отбасының билеушісі кім?

Қазақ ұлттық болмысында «төбесіз жер болмас, төресіз ел болмас» деген түсінік бар. Асыл дініміз Исламда да «үш адамның басы қосылса, біреуін басшы сайлап, оған бағыну керектігі» айтылады. Демек, кез келген мекеме, адамдар өзара қатынаста бір мақсатта бас қосқан орталық ешқашан билеушісіз болуы мүмкін емес. Жеке кәсіпкерліктен бастап, мемлекеттік, халықаралық ұйымдарға дейін бір билеушісі бар. Осындай ұлы мекемелердің ең ерте қалыптасқан ең орнықты негізі болатын “отбасының” билеушісі болмауы ақылға сыймайды.

Бір отбасыны басқару - бір мемлекетті басқарудай маңызды. Екеуінің арасында көп айырмашылық жоқ.
(с) Францияның атақты философы Мантейгере


Капитансыз кеменің теңіз бен мұхит суларында қалай адасатыны сияқты, билеушісі болмаған отбасы да өмірдің ағысының дәу толқындарында солай адасады.
Демократияны ту еткен бұл заманда «отбасында әйел ме билеуші, еркек пе?» деген сұрақ үнемі жауабын таба алмай келе жатқан мәселе.
Батыс әлемінде осыдан 200-300жыл бұрын шіркеулердің билікті қолдан бермеуі үшін әйелдер қауымына жасаған сан түрлі айлалы езгісі мен қанауының кесірінен 20-21ғасырда жаппай әйел адамдар бас көтеріп, өздерінің адам ретінде құқықтары мен мүдделерін қорғады. Алайда сол қорғауға шыққан ереуілдердің соңы төңкерістерге ұласып, әйелдер қоғамда еркектермен тең дәрежеде статус алып, еркектер істеген жұмысты олар да істесін, еркектер басқарған саясатты олар да басқарсын деген ұрандармен әйелдердің құқығы қорғалудан басталған іс соңы әйелдерге еркектің жұмысын жасатып, оның жартысындай айлық беріп, ауыр да бітпейтін жұмыстарға немесе отбасы мен балаға қарауға жағдайы болмайтын бітпейтін карьера қуып, айналып келіп, әйелдің құқығын таптаудың жаңа заманына ұласты.
Адамзат қоғамының сақталуы мен алға жылжуына сүбелі үлес қосатын қасиетін жойып, қаншама әйелді үйден бездірді. Кез келген жағдайда “құқығымды қорғаймын” деген желеумен еркегіне әйелі қарсы шығып, ажырасқандар мен кәрі қыздардың санын көбейтті.
Сан ғасырлық адамзат мәдениетіне үлес қосқан біздің Тұран топырағында өмір сүрген түркі тілдес халықтарда «
отбасы билеушісі кім болған?
» деген сұрақ
ешбір заманда таласқа түспеген
. Исламға дейінгі тек Тәңірлік дәуірде де, Исламды қабылдағаннан кейінгі ғасырларда да бұл мәселе қазіргі замандағыдай қиындық тудырмаған.

«Ит бастаған көш оңбайды,
Қатын бастаған ер оңбайды
» -деген бабаларымыздың дана тағылымына қарасақ та, бұл мәселеде отбасы билеушісінің табиғаттың жаратылысы мен заңдылығына сай еркекке жүктелгенін көре аламыз.

[Қазим Мұстахимұлы]
Жалғасы бар


Отбасыны құруда әр екі жақ тек қана жеке бастарын ғана ойламай, бұл істің соңы болашақ ел мен жерге, ұлт пен ұлысқа аса қатты әсер ететін жауапкершілікті іс екенін жақсы сезінуі керек. Сол үшін үйленетін жастар алдын-ала өзінен тәжірибесі көп, айналасындағы жақын адамдардың көмегіне сүйене отырып болашақ өз отанының бір кірпіші болып қаланатын отбасының негізін басынан бастап дұрыс қалау үшін, барлық сұрақтар негізінде жоспарлар құру керек.

Үйленгеннен кейін кімдермен бірге тұрады?
Отбасында кім негізгі шешім қабылдаушы, яғни кім кімге мойынсұнады?
Туысқандармен байланыс қандай деңгейде болады?
Отбасылық өмірде екі жақтың жауапкершіліктері қалай бөлінеді?
Қашан, қалай, кімдермен үйлену тойын өткізеді?
Кім жұмыс істеп ақша табады?
Діни сенімдер мен ұлттық дәстүрлерге қалай құрмет көрсетіледі? т.б сұрақтардан бастап ұсақ-түйек мәселелерге дейін ақылдасуы керек.
Себебі дер кезінде ескеріліп, емделмеген ұсақ бөрткендер асқына келе алып жараға айналып, кейбір мүшенің кесілуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Тура сондай, кейде мән берілмеген ұсақ істер екі жастың арасына сызат түсіріп, шаңырақтың шайқалуына себеп болуы да мүмкін.

#кітаптан


Тұрмысқа шығуға не үйленуге дайын адам әдейі уақыт созатын болса, жүрек тыныштығы дейтін үлкен құндылықтан мақұрым қалатынын қаперінде ұстасын.

#бір_ағамыздан_кеңес


5. Еркек бір уақытта бір нәрсеге ғана назарын шоғырландыра алады.

Еркектің миы жүйелікті, нақтылықты қалайды.
Сондықтан да еркектердің басым көпшілігі бір мезгілде бір нәрсені ғана істей алады.
Әйел еркектің миының дәл осылай жұмыс істейтінін ескеріп, оны қабылдамаса, еркектің ерекшеліктері отбасылық қарым-қатынаста жағымсыз жайлардың басталуына әкелуі мүмкін.

Ал әйелдің миы бір уақытта бірнеше жұмысты қатар жасай алуға бейімделген. Әйелдер бір мезгілде телефонмен сөйлесіп, тамақ жасап, теледидар көре алады.

6. Әйелдер кейде оңы мен солын ажырата алмай қалады.
Ми сыңарының екеуі қатарынан жұмыс істегендіктен, әйелдер оңы мен солын кей кезде ажырата алмай қалады. Әйелдердің 50 пайызға жуығы саусағындағы неке жүзігіне қарап алмаса, оң қол не сол қол екенін бірден айта алмайды.
Ал еркектердің оң немесе сол жақ ми сыңарының біреуі ғана іске қосылатындықтан, оң қол мен сол қолды оңай ажыратады.
Сондықтан әйел солға бұрылу қажет жерде шатасып, оңға бұрыл деп айтып, еркекті ашуландырып, ұрыс естіп жататын жағдайлар көптеп кездеседі.

7. Еркектер үнсіз сөйлесе алады, ал әйелдер дауыстап ойланады.

Еркектің миы мәліметтерге толып кетсе, олардың бәрін жинақтап, бір бұрышқа ысыра тұрады, ал шешімін іздеуді ертеңіне жалғастыра алады.
Әйел үшін жиналып қалған қиындықтардан құтылудың жалғыз жолы - оларды біреуге айту. Сондықтан кешке үйге келгенде әйел тоқтаусыз сөйлесе, мұнысын ол әлдебір қиын мәселенің шешімін табуға тырысып жатыр деп түсінбеу керек. Оның ауыз жаппай сөйлеудегі негізгі мақсаты - қиындықтан құтылу.
Еркек әңгімесін тыңдасын десе, әйел:
• күйеуіне алдын ала ескертіп қоюы керек;
• қай кезде және не жайында сөйлескісі келетінін айтып қоюы керек.

Балық аулаған кезде еркектер қармаққа қарап, күнұзақ сөйлеспей отыра алады. Олар сөйлеспесе де, бір-бірінің қасында отырып, уақытты тамаша өткізеді.
Ал енді бір жерге жиналған әйелдер бір-бірімен сөйлеспей отырса, бұл олардың араларының дұрыс емес екенін көрсетеді.

Мәліметтер “Мазмұндама” баспасының отбасы туралы оқуға тиіс 10 кітап атты summary кітабынан алынды.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.