Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тез өте шықты ғой😪😭




Пайдалы сұрақ жауаптар🌸

1)Құран сөзі қандай мағына береді?
A)Оқу дегенді білдіреді

2)Құранның алғаш түскен жері
A)Хира Үңгірі, Мекке

3)Құранның алғаш түскен түні?
A)Қадір түні

4)Құран кімнің сөзі?
A)Аллаһның сөзі

5)Құранды әкелген періште?
A)Жәбірейіл (ғ.с) періштесі

6)Құранды алғаш оқыған адам?
A)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у)

7)Құранды қорғайтын кім?
A)Аллаһ

8)Құранды қалай ұстауға болады?
A)Таза және дәретті болу қажет

9)Ең көп оқылатын кітап қай кітап?
A)Құран

10)Құранда Құранның өзін басқаша қандай атаулармен атаған?
A)Әл-Фурқаан, Әл-Китаб, Әл-Зикр,Әл-Нұр, Әл-Худа

11)Құранның Меккеде түскен сүрелердің саны нешеу?
A)86

12)Мединеде түскен сүрелердің саны нешеу?
A)28

13)Құран неше жүзден (бөлімнен) тұрады?
A)30

14)Құранда қанша сүре бар?
A)114

15)Құран қанша рүкуден (параграфтан) тұрады?
A)540

16)Құранда қанша аят бар?
A)6666

17)Құранда Аллаһ сөзі қанша рет қайталанған?
A)2698

18)Құрандағы аяттар қанша түрге бөлінеді?
A)10

19)Құранның ең алғашқы хафызы (жатқа білетін адам) кім?
A)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у)

20)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) дүниеден озған кезде қанша хафыз болған?
A) 22

21)Құранда Намаз туралы қанша рет айтылған?
A) 700 рет

22)Құранда пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) Ахмед деген атпен аталған ба?
A)Иә, Сафф сүресі,6-аятта

23)Пайғамбарымыздың аты Құранда қанша рет жазылған.
A)Мұхаммад есімі (с.а.у)-4 рет Ахмед(с.а.у)-1 рет жазылған

24)Құранда ең көп аты аталған Пайғамбар кім?
A)Муса(а.с)

25)Құранның аяттарын алғаш санап шыққан кім?
A) Хадиша анамыз

26)Ең алғашқы және ең көне мешітті атаңыз?
A) Қаағба.

27)Құранда аты аталған пайғамбарымыздың (с.а.у) сахабасы кім?
A)Заид Бин Харит

28)Құранда аты аталған пайғамбарымыздың (с.а.у) жақын туысының аты кім?
A)Әбу Лахаб

29)Құранда шешесінің атымен шақырылған Пайғамбардың аты кім?
A)Иса (а.с) Мәриямұлы деп шақырылған

30)Құран бір күнді ерекше ескертедi. Ол қай күн?
A)Қиямет күні

31)Құран адамдардың қандай адам болуын қалайды?
A)Мумин

32)Құрандағы ең ұзын сүрені атаңыз?
A)Бақара сүресі

33)Құрандағы ең қысқа сүрені атаңыз?
A)Кәусәр сүресі

34)Пайғамбарымыз Мұхаммад-ке (с.а.у) Жәбірейіл періштесі Құранды алғаш түсірген кезде Пайғамбарымыз қанша жаста болған
A)40 жаста.

35)Пайғамбарымыздың (с.а.у) Меккедегі пайғамбарлығы қанша жылға созылған
A)13 жыл.

36)Пайғамбарымыздың (с.а.у) Мединедегі пайғамбарлығы қанша жылға созылған
A)10 жыл.

37)Құран қанша жылда түскен?
A)22 жыл, 5 ай 14 күнде.

38)Құрандағы қай сүре намаздың әрбір рекағатында оқылады?
A)Фатиха сүресі

39)Аллаһ тағала дұға орнына оқуға болатын сүре деп қай сүрені атап көрсеткен?
А) Фатиха сүресі

40)Құрандағы ең бірінші сүре?
A) Фатиха сүресі

41)Құранда аты аталған жалғыз әйел кім?
A)Мәриям (а.с).

42) Құранның қай сүресінде Бисмиллаһ сөзі екі рет қайталанған?
A)Намл сүресінде.

43)Құранда Пайғамбарлардың атымен аталған қанша сүре бар?
A)6 сүре
a)Юнус сүресі. b)Худ сүресі. c)Юсуф сүресі
d)Ибрахим сүресі e)Нұқ сүресі f) Мұхаммад сүресі

44)Құранда Аллаһның қанша аты аталған?
A)99.

45)Әлемдегі миллиондаған адамдар жатқа білетін жалғыз кітапты атаңыз?
А)Құран.

46)Құран қанша тілге аударылған
A)103 тілге

47)Құранда аты аталған, 3-ші ұрпағына дейін Пайғамбарлық жалғасқан Пайғамбарды атаңыз?
A)Ибрахим (а.с) .

48)Құран байлық туралы не айтады?
A)Ол - адамның иманының сынағы

49)Құранда аты аталған мешіттер?
A)5 мешіттің аты аталған:
a)Масжид-ұл-Харам. b) Масжид-ұл-Зирар
c)Масжид-ұл- Набауи d)Масжид-ұл-Ақса. e)Масжид Құба.

50)Құранда аты аталған періштелерді атаңыз
A)4 періштенің аты аталған
a)Жәбірейіл b)Михайл c)Харут d)Марут


Ұйықтарда Аят әл-курси оқыңыз/тыңдаңыз

"Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум лә тә'хуз‌уһу синәтуу уәлә нәум ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд мән з‌әл ләз‌ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз‌ниһ йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда уәлә йәуудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим"

﴿ اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ﴾.

Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы). Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та,) ұйқы да баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Оның Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін бұйым емес, Ол – Али (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы, бәрінен зор).



Бақара сүресі, 255




Орамал жараса ма?


Жандарым осылай колдап койсаныздаршы🥰, а то мына каналда ешким жок сиякты обратный связь берип🥲


Давайте жазып кетейык соган карай шешим кабылдаймын


Сонгы кезде актив аз боп кетти, соган ойлап отырмын жаба салам ау деп


Ойларынызды жаза кетиниздерши


Кыздар каналды ары карай жургизейынба? Алде жаба салайын ба?
So‘rovnoma
  •   Ия
  •   Жок
22 ta ovoz




Тіркелген жандарға “ризық” Құрманғазы Садтың кітабын жіберемін жекеге




🌸 Инвестируй в себя:

⭕️выучи новый язык
⭕️сделай доску визуализации
⭕️занимайся спортом
⭕️веди личный дневник
⭕️создавай пространство, которое вдохновляет тебя
⭕️читай больше книг


(47) Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар" деді.
(48) Олар: "Егер шын айтсаңдар, бұл құқайларың қашан?" дейді.
(49) Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады.
(50) Сонда олар өсиет айта алмайды да үйлеріне де қайта алмайды.
(51) Сүр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді:
(52) "Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі. Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді).
(53) Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады.
(54) Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер.
(55) Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады.
(56) Олар да, жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады.
(57) Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар.
(58) Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: "Сәлем" сөзі болады.
(59) "Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!"
(60) Әй адам баласы! Сендерге: "Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан" деп, серт бермедім бе?
(61) "Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!"
(62) Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
(63) Сендерге уәде етілген тозақ осы.
(64) Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер.
(65) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады.
(66) Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді?
(67) Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді.
(68) Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей ме?
(69) (Мұхаммед Ғ.С. ға) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана.
(70) Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.
(71) Олар үшін рас құдыретімізбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді.
(72) Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді.
(73) Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма?
(74) Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт етеді.
(75) Олар (пұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол пұттарды қорғау үшін әзір әскер.
(76) (Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де, көместерін де білеміз.
(77) Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді.
(78) Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?",- деді.
(79) (Мұхаммед Ғ.С.): "Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" де.
(80) Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар.
(81) Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші.
(82) Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған "бол" деу. Сонда ол бола қалады.
(83) Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк.


(1) Иа Син.
(2) Терең сырлы Құранға серт.
(3) (Мұхаммед Ғ.С.) Шәксіз сен анық елшілерденсің.
(4) Тура жолдасың.
(5) Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы).
(6) Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.
(7) Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді.
(8) Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол, иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған.
(9) Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді.
(10) (Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді.
(11) Шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант!
(12) Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық.
(13) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет.
(14) Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: "Рас сендерге елшіміз" деді.
(15) (Кент халқы): "Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар" деді.
(16) (Елшілер): "Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз."
(17) "Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет" деді.
(18) Олар: "Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер" деді.
(19) (Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (Өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер" деді.
(20) Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: "Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер" деді.
(21) "Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда."
(22) "Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар."
(23) "Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды."
(24) "Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын."
(25) "Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар."
(26) "Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді;"
(27) "Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді.
(28) Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.
(29) Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.
(30) Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш!
(31) Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме?
(32) Біртұтас барлығы алдымызға жиналады.
(33) Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді.
(34) Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық.
(35) Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма?
(36) Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын.
(37) Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады.
(38) Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.
(39) Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін.
(40) Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түн де күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді.
(41) Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі.
(42) Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі).
(43) Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да.
(44) Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады.
(45) Қашан оларға: "Алдарыңдағы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер" делінсе;
(46) Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.


Ясин сүресі — Құрандағы 36-сүре, оның мағынасы мен мәні өте зор. Исламда ол көптеген жақсы қасиеттерге ие деп саналады. Бұл сүренің пайдасы туралы айтар болсақ, бірнеше маңызды ұғымдарды атап өтуге болады:
1. Жұмыс пен өмірде табыс: Ясин сүресін оқу адамға жұмысында және күнделікті өмірінде табыс әкеледі деп саналады. Оны адамдар көбінесе қиындықтарды жеңу үшін және алға қойған мақсаттарына жету үшін оқиды.
2. Қиындықтарды жеңу: Бұл сүре адамға рухани күш-қуат беріп, қиындықтардан шығуға көмектеседі. Ол сабырлы болуға, мықты рухқа ие болуға ықпал етеді.
3. Өлімді жеңу және тыныштық: Ясин сүресі өлім мен ақырет туралы ойларға да қатысты. Оның ішінде өлімнің шындығын қабылдау, ақыретке сенім артудың маңыздылығы туралы айтылады. Бұл сүре оқылған сайын адамда тыныштық сезімі пайда болады.
4. Дұғалар мен тілектердің қабыл болуы: Ясин сүресі көпшілік арасында дұға тілектерін орындауға, Алладан көмек сұрауға да қолданылатын сүрелердің бірі болып табылады.
5. Өмірдегі қиындықтардан сақтану: Бұл сүре тек өмірлік сынақтар мен қиындықтардан ғана емес, адамдардың жамандықтан, зиянкестерден де сақтануына көмек береді.

Ясин сүресін күніне бір рет немесе мүмкіндігінше көбірек оқу исламда үлкен сауап деп саналады.


Ясин сүресін күнде таңда оқыңыздар.


(58) сәләмун қауләм мир раббир рахиим
(59) уәмтәзуул йәумә әййуһәл мужримуун
(60) әләм әъһәд иләйкум йә бәнии әдәмә әл лә тәъбудууш шәйтанә [cалә] иннәһу ләкум ъадууум мубиин
(61) уәәни ъбудууни [жим] һәз̃ә сирәтум мустәқиим
(62) уәләқад әдаллә минкум жибиллән кәс̃иирән [cалә] әфәләм тәкуунуу тәъқилуун
(63) һәз̃иһи жәһәннәмул ләтии кунтум тууъадуун
(64) исләуһәл йәумә бимә кунтум тәкфуруун
(65) әлйәумә нәхтиму ъалә әфуәһиһим уәтукәллимунә әйдииһим уәтәшһәду әржулуһум бимә кәнуу йәксибуун
(66) уәләу нәшәу ләтамәснә ъалә әъйуниһим фәстәбәқуус сирәта фәәннә йубсируун
(67) уәләу нәшәу ләмәсәхнәһум ъалә мәкәнәтиһим фәмә стәтаъуу мудиййәу уәлә йәржиъуун
(68) уәмән нуъаммирһу нунәккисһу фиил халқи [cалә] әфәлә йәъқилуун
(69) уәмә ъалләмнәһуш шиърә уәмә йәнбәғии ләһ [жим] ин һууә иллә з̃икруу уәқурәнум мубиин
(70) лийунз̃ирә мән кәнә хәййәу уәйәхиққал қаулу ъаләл кәфириин
(71) әуәләм йәрәу әннә халәқнә ләһум миммә ъамиләт әйдиинә әнъамән фәһум ләһә мәликуун
(72) уәз̃әлләлнәһә ләһум фәминһә рәкуубуһум уәминһә йә'кулуун
(73) уәләһум фииһә мәнәфиъу уәмәшәрибу [cалә] әфәлә йәшкуруун
(74) уәттәхаз̃уу мин дууниллаһи әлиһәтәл ләъаллаһум йунсаруун
(75) лә йәстәтииъуунә нәсрәһум уәһум ләһум жундум мухдаруун
(76) фәлә йәхзункә қаулуһум [мим] иннә нәъләму мә йусирруунә уәмә йуълинуун
(77) әуәләм йәрәл инсәну әннә халәқнәһу мин нутфәтин фәиз̃ә һууә хасиимум мубиин
(78) уәдарәбә ләнә мәс̃әләу уәнәсийә халқаһу [cалә] қалә мәй йухиил ъизамә уәһийә рәмиим
(79) қул йухииһәл ләз̃ии әншәәһә әууәлә мәррәтин [cалә] уәһууә бикулли халқин ъалиим
(80) әлләз̃ии жәъалә ләкум минәш шәжәрил әхдари нәрән фәиз̃ә әнтум минһу тууқидуун
(81) әуәләйсәл ләз̃ии халәқас сәмәуәти уәләрда биқадирин ъалә әй йәхлуқа мис̃ләһум [жим] бәлә уәһууәл халләқул ъалиим
(82) иннәмә әмруһу из̃ә әрәдә шәйән әй йәқуулә ләһу кун фәйәкуун
(83) фәсубхәнәл ләз̃ии бийәдиһи мәләкууту кулли шәйиу уәиләйһи туржәъуун

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.