Сәждеде...Ұзақ... Беріле... Махаббатпен...Сүйе отырып... Жасты төгіп... Әлсіздікті көрсете отырып... Оның сондай жақындығын сезініп... Раббыңызбен сырласыңызшы... Сосын сәл күтіп, ол сізді жұбатқандай күйді елестетсеңіз, ол сізге жауап қайтарады, оны тек жүрекпен тыңдайсыз:
"Құлым менің,сені қандай махаббатпен жараттым, саған жамандық қаламаймын, уайымдамашы, сенімен біргемін ғой, көремін ғой, естимін ғой, кешіремін ғой, сенің жүрегіңе ғана қараймын ғой сүйіктім менің.
Барлығын білемін құлым, сен тек сабыр қылшы. Намазыңа бекем бол, барынша менің кәләмыма сай бол. Менімен кездесетін күнге асық, ол күн де алыс емес, соған дайында өзіңді құлым. Мені ғана ойлашы, қиындықтан кейін жеңілдік беремін ғой. Сен қиналсын деп емес, жақсы жаққа өзгерсін деген менің мейірімім деп қабылда! Бәрі жақсы болып кетеді, менен үміт үзбеші. Мұның барлығы менен келетінін сезін, сондықтан менен сұрай бер, сұраған сайын беремін. Саған әрдайым кеңшілмін құлым. Жүрегіңмен, бар тұла бойыңмен маған байлан."
Мұны ести алсаңыз, бұл үлкен бақыт.
Жүрегіңіз тыныш.
Қайғыңызды сейілтеді