Кітапсүйер


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..
✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Енді 3 жұмадан соң барамын

© Көктем 🌷


Кәзіргі таңда азайып бара жатқан жылы сөздер:

— Сенің жалпы осы әлемде бар болғаның үшін көп рахмет, саған ризамын

— Сізге алғысым шексіз, мен сіздің бұл жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын,

— Досым менің үйіме кез келген уақытта қонаққа келсең болады, тіпті қуанып қалар едім )

— Досым, бүгін маған айлық түсіпті. Өткенде маған 500 теңге беріп тұрған едің ғой. Міне 5000 теңге ертең кафеге барып ыстық тамақ іш.

— Балам, сен үйленгеннен соң бізден бөлек тұрсаң болады. Біз қарсы емеспіз. Қолымыздан келгенше үй салуыңа көмектесеміз. Бізді уайымдама.

— Балам, сен ҰБТ-дан өте аз балл алсаң да біз сені өзің қалаған оқу орнына түсіреміз

— Әке, ана, енді сіздер еш жерде жұмыс істемесеңіздер де болады. Менің жұмыстағы жалақым екі есе өсті.


(Аздап әзілден)

Кітабым, кітабым, кітабым, баарлық кітаптарды оқи бергім келеді,оқи бергім келед. Білмеймін неге екенін. Жоғарыдан төмен қарай,төменнен жоғары қарай барлық жеріңді оқи бергім келед... 😂




Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» атты кітабы – ауылдан шыққан қарапайым адамның табандылығы, еңбекқорлығы және өмірдегі биік шыңдарды бағындыруы туралы әсерлі шығарма. Кітапта өмірдің шынайы қиындықтары, кедергілер мен мүмкіндіктер, ауылдан шыққан адамның үлкен қалада өзін дәлелдеуі баяндалады. Автор бұл еңбегінде әлеуметтік мәселелерді, адамгершілік құндылықтарды және жетістікке жету жолындағы табандылықты терең түсінгенін көрсетеді.

🖊️ Сәуле Досжан
📕 Ауылдан шыққан миллионер


Мына мені өзгерткен тірі адамдар,
Сынсам күліп, бақыт тапсам жылағандар,
Тас лақтырып сүрінген жүрегіме,
Неге өзгеріп кеттің деп сұрамаңдар.

Адал болып көрінген қу адамдар,
Әртіс болып мен үшін жыламаңдар.
Құбылмалы қу түлкі бұл заманда,
Өзгеріп кетуіме правам бар. 🔖

4.6k 1 37 6 147

🍂Адам жанына ең ауыр тиетіні – ол, өзіне лайық емес адамдар үшін өзін құрбан етуі.

@Kitapsuyer

6.5k 1 42 8 214

Адамның соры — өзін өзгемен өлшеуі.

🤩Асқар Сүлейменов

🌱@Kitapsuyer

6.2k 1 52 10 164



🪶 «Крейцер сонатасы» – Лев Толстой шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік хикаяттарының бірі. «Жанжал тудырғыш сипаты» үшін алғашқыда цензурамен тыйым салынған повесте отбасылық қарым-қатынас, махаббат пен ғадауат, тәкаппарлық пен қызғаныштың адамды қанды қылмысқа итермелей алатын жойқын күші туралы баяндалады. Махаббат пен адамгершілік жайлы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейтін, көп қырлы адам психологиясын айшықты суреттейтін бұл хикаят қай дәуірде оқылса да, оқырманның көңілінде қайшылықты сезімдердің дауылын тудыра алатыны анық.
Кітап барша оқырман қауымға арналады.

🍓@Kitapsuyer




Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі.

Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.

📚 Бейсен және болмыс

🍂 @Kitapsuyer


Бұл өмірден кәрі де кетіп жатыр, жас та кетіп жатыр, бүгінгі тірінің ертең марқұм боп, аласұрған әрекетінің бәрі әдіре қалғанын жұрт көріп жүр, біліп жүр, сонда да қанағат тұтып, атақ пен байлыққа, жалған намысқа көзі тойған емес.

🤩 Дулат Исабеков

🤩 @Kitapsuyer


Қазіргі заманда қазаның жиілігі, қатыгездіктің өрістеуі, немқұрайдылықтың көбеюі ұлы романдарды оқымағандықтан, ғұлама персонаждарды танымағандықтан, қамқор образдарды білмегендіктен туындап отыр.

Ұлы шығармалар адам бойына кісілік қасиеттерді егеді. Кітап адамды жанашырлыққа үйретеді. Кітап бала санасына жақсының ең жарқын қасиеттерін сіңіреді. Бүгінгі адамдар неге өзімшіл? Бір-бірінен жақсылық күтпейді. Өйткені олар материалдық игіліктің соңында жүр. Бар нәрсе ақшамен өлшенеді. Кез келген ойдың да, өлеңнің де, өмірдің де өлшемі – ақша. Бұрын кісі құнына ақша жетпейтін, қазір ақшаның құны адамнан артық.

📌Дидар Амантай

8.5k 1 21 2 135

💚 Хасан әл Басри: мына алты нәрсе жүректі қарайтып, иманды әлсіретеді:

1 Тәубеге үміттеніп күнә жасау
2 Білім үйреніп, оған амал жасамау
3 Амалын ықылассыз жасау
4 Алла тағаланың ризығын жеп, оған шүкір етпеу
5 Алла тағаланың бергеніне разы болмау
6 Жаназаға барып, одан ғибрат алмау

@Kitapsuyer 💚


🍂 Егер сіз кейде тыныштық пен жайлылықты қаласаңыз, екі адамның бірімен сөйлесіңіз:

•не жас баламен сөйлесіңіз, •не үлкен адаммен сөйлесіңіз, өйткені біріншісі үлкен әлем туралы ештеңе білмейді, ал екіншісі үлкен әлемде өмір сүріп көрген.

@Kitapsuyer


▪️ Кішіпейіл үнсіздік бос сөзден артық...!

9.2k 1 10 1 104

🤩Кейде күту жүгіруден де қиындау!

8.9k 1 16 2 114

Мен өзіме қымбат жандарды үнсіз жақсы көремін...! 💗

@Kitapsuyer

9.2k 1 35 2 123

...
Көздесе сынақ жебесін саған,
Ғұмырың өтер бір күндей.
Өмір ғой, өмір көнесің соған,
Өкінішіңді білдірмей.

Тати ма тағдыр сүйдім-ау деуге?
Бар ма әлде оған таласың?
«Бәрі де жақсы» деймін-ау елге,
Жасырып жанның жарасын.

Жанымды талай жатты өмір жонып,
Артылар онсыз жүк те көп.
Құшақты жайғам ақкөңіл болып,
Не таптым содан? Түк те жоқ!

Сырласар адам тапса да кісі,
Таусылып қалмас күресің.
Тағдырдың талай батса да тісі,
Тістеніп өмір сүресің.

Төгілді бүгін тағы да шерім,
Қайтесің, бәрін жалған де...
Ақселеу ғұмыр арыңа сенің,
Адал боп  қалсам, арман не?!

©️ Азамат Әбілқайыр.

9.8k 1 38 2 104
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.