2. “Кәйфә әтууб” (Қалай тәубе етемін?)
Имам әл-Қуртуби (рахимаһулла) былай дейді: «Күнәға тәубе ету – мүміндерге парыз. Бұл үкімге бүкіл үммет бірауыздан келіскен».
Үлкен-кіші күнәлардың барлығына да тәубе етілуі тиіс. Алла елшісі ﷺ өзінің бір хадисінде:
«Көзге еленбейтін кіші күнәлардан сақ болыңдар. Өйткені олар барлығы жинала беріп адамды біржолата құртып тынады» дейді.
Күнә сен мен Раббыңның арасында ғана қалуы керек. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадисінде: «Өз күнәсін өзі жария еткендерден басқа бүкіл үмметім амандықта болады» дейді.
Күнә жасап қойсам не істеймін?
Күнә жасап қалсаң, тәубе ет. Оны ешкімге айтпа. Тек Аллаға мінәжат қыл. Сосын былай жаса: “Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кімде-кім күнә жасап қойып, артынша дәрет алса, әрі дәретін жақсылап алып, екі рәкәт намаз оқыса, содан соң әлгі күнәсін тәубе етіп истиғфар айтса, Алла оны кешіреді» дейді. (Муснад Ахмад)
Тәубенің шарттары:
• Өкіну
• Күнәні тоқтату
• Ендігәрі қайта оралмауға шынайы бел буу
• Адамдардың хақысына кірген болса, олардан ақысын адал ету. (Кешірім сұрау, қарызы болса қайтару)
Тәубе етуші адам мына нәрсені білуі тиіс. Сен күнәні доғарған сәтте Алла саған одан да хайырлы нәрсені нәсіп етеді. Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
«Кімде-кім бір істі Алла үшін тәрк етсе, Алла оған одан да хайырлысын нәсіп етеді». (Муснад Ахмад)
Күнәні тастауға көмек болатын істер:
• Ізгі дос табу
• Күнә орын алатын жерлерден аулақ болу
• Күнәға итермелейтін құралдарды тәрк ету
• Күнәһарларға қатысты айтылған құран аяттарын көп оқу
• Алланың азабы жылдам екенін ұмытпау
• Бос уақытын зікірмен толтыру
Алланың кешіріміне себеп болатын хадисте айтылған істер:
1)«Сәлем жаю(танығанға да, танымаған да сәлем беру) жақсы сөз сөйлеу». (Әл-Хараити, хадис)
2)Тамақ жеген кезде де, киім киген кезде де: “Бұны маған берген Аллаға мақтаулар болсын”– деп, әлһамдулиллә сөзін айту. (Термизи, Әбу Дәуд)
3)Садақа беру. «Расында, садақа – су отты өшіргендей, күнәларды өшіреді». (Ахмад, Термизи)