Qözqarasim


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Telegram


Bälkim bizdiñ oylar marïyannan tereñde, éveresten bïikte.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Бір жанның өмірге деген талпынысы қатты ұнады. Адами тұрғыдан да өте жақсы адам. Күнде сыртынан жай ғана қызығып қарайсың, себебі басқа амал жоқ. Артық ойым да жоқ. Тек барлық адам сол сияқты болса екен деп қаласың. Алайда “Бір адамның кемшілігі барлығын құртады” дейді ме? Ол жанның да кемшілігі бар еді, бірақ жүзіне барып оны айта алмаймын. Жай ғана артынан дұға етіп қалдым.

Мен сондаймын – мінсіз адамды кезіктіремін деп, басқа адамдардан көңілім тез қалады. Ал өзімнің күнәсі көп пенде екенімді ұмытып кете беремін.


Шабыт – ерке жел секілді, қалаған шағында есіп өтеді де, жоқ болып кетеді. Қанша шақырсаң да, кейде міз бақпайды, үнсіз жатып алады. Түннің түнегімен бірге қажыған ару да өз ойының шырмауында қалғып кетті. Көңілдегі көрікті ойлар сөз болып құйылса ғой, шіркін… Бірақ бұл жолы ақ қағаз да, қалам да үнсіз.

Таңның сәлемін азан үнімен бірге қарсы алды. Бойын тіктеп, парызын өтеп, жүрек түкпіріндегі ауыр ойлармен арпалыса жүріп, заттарын реттестіріп, сыртқа шықты. Адамның жаны қиналғанда, жүрегі өзіне жау болады деген рас екен. Кеудесін белгісіз бір бос кеңістік жайлағандай.

Жұмыс орнына асықпай, әр қадамын салмақтай басып келді. Бұл жолғы келісі ерекше еді. Бастығының есігін қаққанда, бұрынғыдай жүрегі атқақтамады. Жанарында – мұқалмас шешім, қолында – арыз.

— Сізге мақала әкелмедім, — деді ол баяу, бірақ нық дауыспен. — Бүгін мен жұмыстан шығамын.

Бастықтың жүзі бір сәтке өзгеріп кетті.

— Ойланып көрдің бе? Бір күндік көңілсіздікпен мұндай шешім қабылдауға болмайды.

— Мен бір күн емес, бір жыл ойландым…

Иә, ол ұзақ ойланды. Біреудің көңілі үшін, өз жүрегіне қаяу түсіріп жүргенін кеш түсінді. Әке мен ана разылығын табу – парыз. Бірақ өз қалауын құрбандыққа шалу – әділетсіздік. “Өзіңді жоғалтсаң, өзгенің көңілін тапқаннан не пайда?” деген сөз санасында жаңғырып тұр.

“Еріксіз жұмыстан еркіндік жоқ” дейді халық даналығы. Ол енді еркін еді. Тек бұл еркіндік қайда апарарын өзі де білмейтін…
Жалғасы бар
#екіншібөлім


Әр нәрсенің бір жолы бар. Ал жәннаттың жолы білім.
Дайлями


Бақыт- көлеңке сияқты оны қуған сайын қашады,тоқтаған кезде өзі келеді.


«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» –
Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
Мерекеңмен🌸


P/S Қайдасыңдар жамағат? Мен жұмаға келіп тұрмын ғой!ешкім жоқ па не?


Адамдар бізге таңдау береді
Әрқайсысының өз уақыты бар


Ешкімді себепсіз бағаламаңыз. Біреудің биік немесе төмен болып өзгеруіне сіз себепшісіз.


Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
“Қадыр Мырза Әли”


“Қалай бір күннің ішінде шығарма жазып, оны баспагерге апарып тапсырамын?” – деп күбірлей, маңдайын сипап, ойдың тұңғиығына бойлады. Басы шайқалып, есіктің тұтқасын баяу жауып, тұнжырай бөлмесіне кіріп кетті. Көңілі алаң, жан-дүниесі тыныштық таппай, бар назары жазбаға ауды. Құрғыр шабыт деген де кейде тым шалғайдан шақырғаныңды естімей, сырғып кетеді екен ғой. Әрі-сәрі күй кешкен ару айналадағылардан алыстап, өз ойымен іштей арпалыса берді.

Терезеден түскен күннің соңғы шапағы бөлмеге жан біткендей әсер беріп тұр. Сыртта ұшқан құстардың қанат қағысы да, жер бетін жайлаған салқын самал да шабыт шақырғандай еді, бірақ ішкі күмән бұл көріністің бәрін көмескілей берді. Ол жазу үстеліне жақындап, қалам мен ақ қағазға қол созды, бірақ қолы қалтырап, орнына қайта қойды.

“Табиғат туралы жазсам ба?” – деді іштей. “Жоқ, бұл тақырыпқа әлдеқашан ұлы зиялылардың қаламы жетті емес пе? Менің ойым олардан асып не болмақ?” Тынысы тарылып, жанын тағы бір күмән торлай бастады. Терезеден көз тастап еді, жасыл желекке оранған ағаштардың жапырақтары баяу тербеліп, дәл бір оған жылы шырай танытқандай әсер қалдырды. Бірақ шабыт бәрібір шалғайдан сырғып кетіп жатқандай еді.

Ұстазының бір кездері айтқан сөздері ойына оралды. “Бір елде бір шам бар екен. Олар оны қасиетті санайды, ешқашан өшірмейді. Тіпті шамды түнде жағып тұру үшін май құюды дәстүрге айналдырған. Бастапқыда май мөлшері жеткіліксіз болса да, уақыт өте сол шамға құйылған май артылып қалады екен. Бұл құбылысты ғалымдар зерттеп, уақыттың бұрынан қарағанда тез жылдам өтіп жатқаны туралы тұжырым жасады. Бірақ мұны ислам ілімі ғасырлар бұрын айтып кеткен еді. Уақыт деген біздің көз алдымызда сырғып, құм сағаттай таусылып жатыр. Мұны ұққан адам бар ма?” Ұстазының осы сөздері жүрегінің бір түкпірінде жаңғырып, оған естілер-естілмес үн қатқандай болды.

Осы оқиға түрткі болып, кенет. “Уақыт туралы жазсам ба?” – деп тағы ойлады. Бірақ өзі сол сәтте-ақ бұл ойынан бас тартты. “Жоқ, уақыт туралы қаншама ұлы ғалым, тіпті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі жазып, айтып кетті. Бірақ соның қадірін түсінген адам бар ма? Ешкім оқымайтын дүниені не үшін жазамын?”

Осылайша, ойы сан-саққа жүгіріп, жан дүниесі тыныштық таппай отырды. Шабытқа толы сәтті қайта аңсап, бала күніндегі жарқын естеліктерге ойы ауды. Сол кезде жүрегі елжіреп, терезе сыртындағы көрініске көз тікті. Құстардың қанат қағысы, кешкі көкжиектегі сарғыш қызыл бояу оны ертегі әлеміне жетелегендей болды. Бірақ жанын торлаған өкініш пен күмән мұның бәрін жеңіп, оны тағы да қаламынан алыстатып жіберді.

“Жоғары оқу орнын үздік аяқтағанымнан не пайда? Қазіргі таңда менің білімім де, еңбегім де түкке жарамай қалғандай,” – деп күрсінді. Қолы қаламға созылған сайын қайта тартылып, жанына тұсалғандай болды. Қанша жерден жазғысы келсе де, қаламның ұшы бір әріптен ары қарай жылжи алмады. Шабыттың тұтқынында қалған арудың жан дүниесі шаршағанын сезді.

Бұл оның соңғы жазбасы, соңғы шабыт шаққан сәті екенін қайдан білсін? Табиғаттың құшағында, күннің соңғы шапағына оранған сол бөлмеде оның жан-дүниесі бір сәтке жарық көрді. Бірақ сол жарық бәлкім оның соңғы шырағы болар.
Жалғасы бар


қара tea☕️ dan repost
Тағдырыңа ренжіме. Оған да оңай емес, именно сенің тағдырың болып жазылғанына…

#де


Сиди за столом, где обсуждают идеи, жизнь и мечты.
но не других людей


Егер Алла Тағала қаламаса, сіздер бір көшеде тұрсаңыздар да кездесе алмайсыз.


Тәттілік-тек дәмде емес сәтте.


Барлық адам сені жақсы көруі мүмкін. Бірақ барлығы шынайы сені жақсы көре алмайды.


Бір жерде әр-түрлі ойлар)


Мен қызғаншақпын. Тіпті өз бейнемді қатты қызғанамын.


Адамға мотивация емес, әрекет жетіспейтін сияқты.


Өмір шығармасына да нүкте қойып, жаңа тараудың басталуына мүмкіндік беру қажет.
#ойларым


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.