Ерген Құмаров


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


🕌 Астана медресесі. 🇰🇿
🏢 İstanbul Fatih Sultan Üniversitesi. 🇹🇷

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Шүкіршілік - Алла тағала берген нығметтерімен күнә жасамау

©️Джунәйд әл Бәғдәди
(шәрхул хикәм)


Сырымбек Әділболатұлы dan repost
Түркия елінде «Жегендей болдым» деп аталатын мешіт бар. Оны бір адам ұнатқан тамағын жегісі келген сайын: «жегендей болдым» деп, сол тамаққа кететін ақшаны жинап, мешіт салған. Осы секілді, қазіргі заманда шәкірттер телефонға қарағысы келген сайын: «көргендей болдым» деп, сол уақытын кітапқа арнаса, қандай жетістікке жетер еді…


Егер Алла тағала дұғаларыңыздың қабыл болуын қаламағанда, сені өзіне дұға жасауға бағыттамас еді .


Алла тағала осындай қуаныш нәсіп етті, Раббымыз баршамызға салиқалы ұрпақтар берсін 🤲


«Харамнан тыныштық іздесең, тыныштық саған харам болады».

Haramda huzur ararsan, huzur sana haram olur

(с) Мехмет Йылдыз ұстаз


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бас мүфтидің орамалға қатысты мәлімдемесі


Қарындасым...

Қарындасым
Сен менің бағымдасың барымдасың
Құлшылық пен өткізші өміріңді
Бұйрығына Алланың бағынғасын

Қарындасым
Жүрші әркез ақиқат жағында шын
Етегің тобығыңнан асып тұрсын
Сорыңнан болсын десең бағың басым

Қарындасым
Қаншама жігіттер бар қағынған шын
Әуретіңді жауып жүр әлдекімдер
Бір көріп сені түнде сағынбасын

Қарындасым
Өмірің өтірікке шағылмасын
Қырық үйден тыйылған қыз болып өс
Сөкпестен ата-анаңның қабырғасын

Қарындасым
Жаман әдет бойыңнан табылмасын
Есте сақта ұятың азаяды
Үстіңдегі көйлегің тарылғасын

Қарындасым
Түзу жолдан табаның жаңылмасын
Қорғалатын жеріңді қорлатпағың
Жаның кетіп жатса да арың қасын!

(с) Исатай Батыр


Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: "сендерге дүние істерінен сынақ пен қайғы мұң басқанда олардан құтылу жолдарының бірін айтайынба ?
Ол Зуннун (Юнус пайғамбар) дұғасы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин»."

Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».

لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ

(Сахих әл-жәмиғ 📚)


Бірде дана(хәкім) адам ұлына :
“Ұлым өмірде осы үш нәрседен бас тартпа:
- ең жақсы астан жеуден.
- ең жұмсақ төсекте ұйықтаудан
- ең жақсы үйде тұрудан “ - деген екен.
Сонда ұлы оған : "әке біз кедейміз ғой, оны қалай жасаймын ?” - депті.
Сол кезде әлгі дана адам : "Егер аш болған уақытта ғана тамақтансаң - жеген асыңның ең жақсысы сол болмақ.
Маңдай теріңді төгіп көп еңбек етіп, шаршап ұйықтайтын болсаң - төсегіңнің ең жұмсағы сол болады.
Жұртпен көркем қарым-қатынас құрып, жүректерінде орын алсаң, міне сол ең жақсы баспанаң болады “ - деп жауап беріпті.


Ұстаздармен өткен берекелі жаз.


Olzhas Hanafin dan repost
Oqy da jogaryla.pdf
5.0Mb
Сыйлық🎊🎁

Ойлана келе, сіздерге Құран оқып үйрену мен жаттау жайлы “Оқы да, жоғарыла!” кітабын сыйға тартуды жөн көрдік.

Кітап кез келген Құран оқу білетін және білмейтін адамға да арналған. Алла пайдасын беріп, баршамызға Құранды жүрегіміздің көктемі етсін.

Жақсылықты таратып, достар мен жақындарыңызбен бөліссеңіздер болады.

Ал сыйлықты қабыл алыңыздар🎊🎁

https://t.me/Olzhas_Khanafin


Хажжаж ұлы Мүслім Нәйсәбуридің (Аллаһ рахымына алсын) сахих хадистер жинағы кітабы тәмәмдалды. Хадистерді толық есту бақыты бұйырды. الحمد لله




🫀هم القوم لا يشقى بهم جليسهم
🫀Бұл сондай қауым олармен отырған бақытсыз болмайды


Бірнеше күннен бері Стамбул қаласындағы "Сұлтан Яууз селим" мешітінде он күнге жалғасатын, әлемге танымал үлкен ғалымдардың қатысуымен өтетін "Сахих Муслим" хадистер жинағын толық оқып шығу және ижаза беру мәжілісі өтуде.

Ол жерге хадис тыңдап, ижаза алу үшін барған адамның күнәсін былай қойғанда, жәй ғана басқа бір дүниелік қажетін өтеу үшін барған адамның күнәсі кешіріліп кететін, олармен жәй ғана бірге отырған адамның өзі бақытсыз болмайтын сондай бір берекелі мәжіліс болып жатыр ағайын! Пайғамбарымыздыңﷺ аузынан шыққан мұбарак сөздері оқылып, періштелер қоршап, тыныштық түсуде..
Қайдан білеміз ағайын!? Күнәларымыздың себебінен төбемізден жауайын деп тұрған тас сол мәжілістің себебінен қайтарылып, жаумай тұрған шығар.

Алла тауфиқ беріп мәжіліске қатысып жүрген бауырларымызға қызығада, қызғанада қараймыз, ал кімге Алла мүмкіндік бере тұра қатыспаған болса, бақытты басқа қайдан іздемек!?

(с) Айқын ұстаз


Дауд Абу Имран dan repost
Во время его победы мы делали таваф вокруг Каабы с его учеником, который делал дуа за него.


Дауд Абу Имран dan repost
Сегодня наш брат Елдос своей победой забил очередной гвоздь в гроб исламофобских заявлений о том, что Ислам, намаз, хиджаб и другие атрибуты нашей религии мешают быть успешным, мешают побеждать, реализовываться и достигать высоких результатов, а его прекрасная семья показала что такое скромная мусульманская одежда, одежда чистоты и святости. Мои поздравления.


Мұсылман үшін әйел бала шағасын Аллаға бойұсынған халде көргеннен артық көз қуанышы жоқ.

✍️ Имам Қуртуби (Алла рахымына алсын)


Міне бұл жарық, фәни (өткінші) дүние есігін ашқанымызға отыз жыл болыпты. Әлемдердің раббыс Аллаһ тағала аслында ешкімге ештеңе міндетті емес, егер берген олса кеңшілігі бермесе әділдігі. Мұсылман адам барлық жағдайда оған бойұсынып берген тағдырына разы болады. Кеңшілігімен берген ғұмырында Аллаһтан күнә қателіктерімізді кешіріп, шынайы тәубе етуімізді сұаймыз. Риядан, екіжүзділік пен күпірден сыйынамыз. Асыл дінімізге тамшыдай болсын қызметпен үлес қосуымызға нәсіп етсін.

Кейде алыс шалғай имамы, ұстазы ауылдардан "сіздің канал арқылы құран үйреніп жүрміз" деген сөзді есітігендне "Йә Аллаһ бұл амалымызды ақыретімде қабыл еткейсің, қараңғы қабірімде нұр болуын, осы амалдарымызды жолдасымыз қыла гөр " деп жүрек елжіреп ойланып қаламын.
Өткен ізгі адамдар өмірінде біреуі қайтыс болып оның досы түс көреді екен. Түсінде қайтыс болған досынан : Аллһа тағала саған нестеді деп сұрағанда. Ол : балаларға жиі фатиха сүресін үйретуші едім соның құрметіне Аллаһ мені кешірді, мейіріміне бөледі " -деп жауап беріпті.
Әр адамның өз өмірлік бағытына қарай Алланың дініне қызмет ете алады. Тек имам ұстаздықпен шектелмейді. Дінге күйе жағылып жатырған кезеңде жеңді түріп, мешіт жамағатынан, дәрістерден қалмай қызметтерге жәрдемдесіп, ұрпақтың тәрбиесін ойлап, "мұсылман" деген атқа сай болуды тереңірек ойлап қойған жөн.

Осы білім жолындағы қажеттіліктерімізге "Аллаһ разылығы үшін" деп қол ұшын беріп, жыртығымызды жамап жәрдемші боп жүрген аға бауырларымызға алғысымызды білдіреміз. Аллаһ тағала қабыл етсін, ұрпақтарыңыз салиқалы болсын.
Шет елде елдің қадірін көбірек түсініп. Қайтар отанымыз бар деп сағыныш артады. Отанымыз тыныш болсын. Бейбіт өмір сүру ұлы нығмет.
Әлемде жәбір көріп жатырған мұсылман бауырларымыздың Аллаһ көз жастарын сүртсін. Соғыс тоқтап бейбіт халдеріне оралуын сұраймыз 🤲

# Алпыстың жартысындағы ой толғау


Жәннатқа кірудің үлкен себептерінің бірі - түнде, адамдар терең ұйқыда жатырғанда намаз оқу.

Юсуф Хаттар ұстаз дәрісінен үзінді.


Olzhas Hanafin dan repost
اللهم لا تقبض روحي إلا وأنا مؤمن بك

Я Аллаһым! Менің жанымды тек мүмін болған халімде ал.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.