🕯️Имам Мәлик (Алла оны мейіріміне бөлесін) бір күні Һарун Рашидке барады.
Сонда халифа оған: «Уа, Абдулланың әкесі! Сен «Муатта» кітабыңнан менің балаларыма келіп сабақ беріп тұруыңды қалаймын» – дейді.
Сонда Имам Мәлик халифаға:
«Уа, мүминдердің әміршісі! Алла Тағала сізге ұлы мәртебе берсін! Асылында білімнің қадірі сіздерден басталады. Егер сіздер білімді құрметтесеңіздер, білім құрметті болады. Ал, білімді қорласаңыздар білім қадірсіз нәрсеге айналады. Сол себепті білім – барып берілмейді, білім – келіп алынады» – деп, халифаның баласы өз аяғымен келіп, білім үйренгені жөн екендігін өсиет етеді.
Бұны естіген халифа Һарун Рашид: «Сөзіңіз өте орынды», – деп, балаларына өзге балалардай мешітке барып, сабаққа көпшілікпен бірге қатысуларын бұйырады. Тіпті халифаның өзі де балалары мен бірге имам Маликтің дәрісіне қатысып тұратын болған.
🕌