Жүрек тыныштығы🫀


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Алланың бізге берген уəдесі бар: "ОЙЫҢДЫ ӨЗГЕРТСЕҢ, ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕМ".
Инста: gulshat.midina

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Кімде кімнің аузынан салауат шыққан болса біле берсін, ол Алланың сүйікті құлы..

«Егер Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның тілін Пайғамбарға салауат айтуға жеңілдетіп қояды».

©️Ибн әл-Жәузи


Қасиетті Жұманың берекеті мен жақсылығы бізбен сізге болсын!
Әмин!🤲🏻


1. Үнсіздік-мағынасыз сұрақтарға берілетін, ең жақсы жауап !

2. Біреуге көмектесу үшін мықты және бай болу маңызды емес. Мейірімді болу жеткілікті !

3. Жаныңа жақын тұтқанның бәрі досың емес , ренжіткеннің бәрі қасың емес !


Сен өткен шағында қате-кемшіліктері бар жақсы адамсың!

Өміріңнің қалған жаңа парақтарын тек жақсылыққа толтыр!


Егер біреуге ренжіп жатсаң, осы үш нәрсені ойла:

1. Ренішіңнің бір бөлігін өзіңе аудар. Мүмкін бұл менің айыбым шығар, қандай кемшілігім бұған себеп болуы мүмкін? - деп бір ой жүгірт.

2. Ренішіңнің екінші бір бөлігін тағдырға аудар. Бұның да бір хикметі бар шығар, бұл оқиғадан не түйдім? - деп ойланып көр.

3. Қалған бір бөлігін ренжіткен адамның нәпсісіне аудар. Мүмкін ол адам нәпсісіне беріліп, не істеп жатқанын білмей қалған шығар? - деп, барлығы қателесетінін есіңе сал.


Қателес. Шатас. Бәрін бұз, достарыңды жоғалт.

Сен өмір сүруді жалғастыруың керек.

Үйрен. Бұрынғы қателіктеріңді қайталамауға тырыс.

Сен өсіп жатсың. Осының арқасында, қандай адам болуың керек екенін түсініп жатсың

Асықпа.. Уайымдама.

Саналы бол, болып жатқан дүниенің мән-мағынасын түсін.

Соңында айтатыным, қаншама қателік жасасаң да Раббыңа қайт.. Өйткені ешқандай күнә Аллаһтан үлкен емес.. Ол кешіреді..

Және өзіңе әрқашан қамқор бол..

Мен саған сенемін…


Аллаһ, өмірдегі жолың әрқашан оңай болады деп уәде бермеді..

Бірақ, Мейірімді де Рақымды Раббың әр қадамыңда, сенімен әрқашан бірге болатынына уәде берді..

Оған деген сенім, қараңғы уақыттарда сенің нұрың болсын!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қайырлы күн! Қалайсындар?
Жадыраңыз,🌼 күліңіз,😊
Әдемі болып жүріңіз❤️
Сәтті болсын күніңіз🔥


Иә,РАББЫМ!
Иә,Рахман! Иә Рахим!
Мені материалды да, рухани да бай пенделеріннің катарына қосып қойшы!

Тек қана материалды жағынан емес, имани жағынан да, рухани жағынан да, моральдық жағынан да бірге баюды нәсіп етші екі байлыгымды тең дәрежеде ұстауымды нәсіп етші!

Материалдық байлыгым артқан сайын, рухани байлыгымды да арттырып отыршы

Тапқан табысымды жүрегімде емес, қолымда ұстауды нәсіп етші

Әмиин🤲🏻

1.3k 0 14 12 56

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қайырлы таң! Қалайсыздар?


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қайырлы күн! 🌞 Қалайсыздар?🍀


Өмірде қимылдауды қойған адам өмір сүруді қояды, тірі өлік сияқты, ешнәрсеге әлі жоқ, зауқы болмай жүреді. Белсенді өмір сүрудің мәні зор. Жата бермеңіз, телефонға үңіліп отырып қалмаңыз, сыртқа шығып келіңіз, аспанға қараңыз, айналаға көз тастаңыз. Аллаһтың Шексіз Құдіреті мен Шеберлігін жан жағыңыздан көре біліңіз. Балаңызды құшақтаңыз, анаңызға жылы сөз жазыңыз, күйеуіңізге күлімдеңіз.
Бәрі жақсы, тамаша!
Мына дүние керемет.

Динара Исмайл


Психологтар ренішті ұмыту үшін кешіру керек дейді. Бірақ іштен реніш шықпайынша кешіру де қиын. Олай болса, қарапайым осы бес амалмен реніштен уақытылы құтылып отырыңыз.

Жазира Смағұлова


5. Жазыңыз. Жазу арқылы да ренішті, басқа да жағымсыз эмоцияны босатуға болатынын көп адам білсе керек. Бірақ орындайтындар аз. Бір парақ қағаз бен қалам алып, жүректегі, көңілдегі реніштерді жазыңыз. Қағаз толып қалса, келесі параққа жазыңыз. Іште бір жеңілдік пайда болғанша жаза беріңіз. Жазып болған соң оқып шығыңыз. Қағазды жыртып, содан кейін өртеңіз. Отқа қарап отырып, реніштің жанып жоқ болғанын ойлаңыз.


4. Айқайлау да ренішті іштен қуып шыға алады. Ешкім жоқ жерге барып, айқайлаңыз. Ренжіткен адамды сырттай сыбап алуға да рұқсат. Айқайлап жатқанда тіліңізге келген сөздердің бәрін айтып салыңыз. Ал егер айтарға сөз таппасаңыз ренішті, ашу тудырған лас энергия айқайлаған дауыспен сыртқа шығып жатыр деп елестетіңіз.


3. Сөз арқылы шығару. Адам көбінесе ең жақын адамдарына ренжиді. Бұл әбден дәлелденген. Бірақ жақын адамдармен қарым-қатынасты салқындатып алмау үшін ренжіткенін ашып айта алмайтындар көп. Құрбыңызға, досыңызға айтып үйреніңіз. Ал егер олардан жеке, отбасылық мәселелеріңізді жасырғыңыз келсе, онда суға айтыңыз. Ағып жатқан өзеннің жағасына барып, жайғасып отырыңыз. Жаныңызды ауыртқан жағдайды, өкпеңізді суға айтып шығарыңыз. Тіпті жылап та алсаңыз болады. Бүкіл реніш өзен суымен алысқа ағып кетті деп ойлаңыз. Соңында бет-қолыңызды жууды ұмытпаңыз. Егер өзен таппасаңыз, үйдегі су құбырын баяу ашып, суды ағызып қойып, осы бір амалды жасауға болады.


2. «Ұрып шығару» әдісі де кең тараған. Әрине мұнда адамды ұрмайсыз. Үйіңіздегі бір жастықты таңдап алыңыз. Оны жастанбайсыз, тек ренішіңізді өзгеге айта алмай қиналғанда тоқпақтап ұрасыз. Ұрып жатып ренжіткен адамға айта алмаған сөздерді айтсаңыз да болады.


1. Ең оңай жолы – жылау. Көңілдің кірі (реніш, өкпе, кек, уайым) көз жасымен жуылады. Ренжігенде көзіңізге жас келді ме, оған бөгет болмаңыз. Мүмкін мықты боп көрінгіңіз келер, тәкаппарлығыңызға нұқсан келер, бірақ оның бәрі денсаулықтан қымбат емес. Ешкімнен ұялмай, жасырмай жылап-жылап алыңыз.


Сондықтан да оны ішке жұта бермей, дер кезінде құтылып отырған дұрыс. Ал сізге көмектесетін бірнеше психологиялық әдіс-тәсілдерді Орындаңыз!


Өкпе-ренішті сақтауға болмайды. Бұл физикалық та, психологиялық та тұрғыдан зиян. Қаупі де бар. Психосоматиктердің зерттеуінше, ол қатерлі ісік ауруларын тудырады екен.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.