Narikbi LIVE


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Гений

Мен ес білгелі өзімді менен білімі, біліктілігі жоғары адамдармен қоршауға ұмтылатын едім. Солай жүріп, мен өнер мектебінен (мен балетпен айналыстым, қалай түскенім ұзақ әңгіме), физмат мектепке түскем.

Ол жердегі ақылды балалардың санынан шошыдым. Өзімді бұл ортада көрмедім, себебі деңгейлеріміз тым алыс болатын. Кейін оған да үйреніп, сол ортаның баласы болып қалдым.

Бірақ, кейін олимпиадамен айналыса басталғалы, республикамыздағы ең білімділерін көре бастадым. Ол енді жаңа деңгей болды. Араласа отырып, олардың кейбірі білімі жағынан ғарышта екенін түсінесің. Нағыз гений мынау шығар дейсің.

Мен өз қатарымның генийі деп үнемі бір баланы айтатынмын. Оның есімі Али-Амир. Республикалық физмат мектептің түлегі, мектеп кезінде біз жете алмайтын дәрежеде есеп шығара беретін.

Кейде ол командалық олимпиадаларды жалғыз өзі шығарып, бәрімізді еш қиналмастан ұтатын. Мектеп оқушысы болып, студенттерді озатын. Олимпиаданың нәтижесі шықпай жатып, ол есептердің шешу жолдарын (разбор) түсіндіретін.

Барлық республикалық, халықаралық олимпиадаларды жеңіп, мектеп бітірген соң АҚШ-қа оқуға түсті. Әйгілі MIT университетін бітіріп, халықаралық студенттік олимпиадада орын алған алғашқы қазақ болды.

Студент кезінде талай рет гугл, фейсбукте стажировка өтті. Екі стартап ашып, біреуін гуглға, біреуін эпплға сатты. Қазір жаңа стартап ашып, жүргізіп жатыр.

Али-Амир әлі мен үшін гений статусын ұстап тұр. Жай гений шығар деп ойласаң, оның астында талай еңбек жатқанын түсінесің. Күні кеше Арман Сүлейменов досым сол жігітпен подкаст жазып, сол тарықыптарды ашты. Қарап, тыңдап шығуға кеңес беремін.

30-ға енді толған жігіт. Осындай да қазақ болады екен ау дейсің)

https://youtu.be/JjGCSf5n-Dg?si=adDtR91TAAshX1pu


Тілеген Еркінбеков: сатира - қылмыс емес / Narikbi LIVE #113

Құрметті көрермен, бүгінгі қонағымыз белгілі стендап-комик - Тілеген Еркінбеков.
Соңғы жылдары елімізде стендап өте қарқынды даму үстінде. Тілегенді өткен жылдың стендап сахнасындағы жарқын жұлдызы десем болады.

Біз әзілі өткір әрі өзекті болған Тілегеннің Семейден үлкен қалаға келіп, күзетші жұмысынан бастап, үлкен сахнаға дейінгі жолын ашып өттік.

https://youtu.be/vCdBSZsg8EQ




Осыдан бір жылдан астам біз Аралбек Берікұлы атты мектеп директорымен подкаст жазған едік. Білмеген кісілерге - Аралбек мырза Астанадағы физмат мектебінің директоры болудың орнына, Шығыс Қазақстандағы Құлынжон ауылының директоры болуға шешім қабылдады.

Бұл ауыл мектебін көтеруге арналған арнайы эксперимент болды. Жоба бойынша 3 жылға созылу керек еді. Біз Аралбек мырзамен сол үшінші жылға тамап қалғанда түсірдік. Шыны керек, өзім өте әсер алдым. Комментарийлерде де таң қалған адам аз болмады.

Бәріміз ауылдан шыққанбыз ғой, алайда сол қазіргі ауылдың жағдайын, білім жүйесін, балалардың арман, мақсаттарын ашық талқылап, біраз затқа көзімізді ашқан әңгіме болды.

Енді қызығы, Аралбек аға жоба аяқталған соң қалаға қайтпай, сол ауылда қалуды шешті. Отбасысы бар ретінде бұл шешім қаншалықты қиын түсіне аламын. Өзінің айтуы бойынша - жүйе өзгеруі үшін кему 10 жыл қажет. Яғни, 1 сыныпқа келген бала, 10 сыныпқа келгенде ғана эффект білінеді. Бір буын ауысу керек.

Сол жайлы Ханзат Кеңес деген режиссердің арнайы деректі фильмі жарық көрді. Аралбек және команданың бүгінгі тіршілігі, алған сабақтары, жалпы ауылдың атмосферасын жақсы жеткізе білген. Сіздерге де қарап шығуға кеңес беремін.

https://youtu.be/ljTCx2Qk5QY?si=8jp4ogR0hEGXjnkQ


Азамат Марклен: өлім таяп қалғанын сездім.. / Narikbi LIVE #112

Бүгінгі қонағымыз елімізге әйгілі Ирина Кайратовна тобының мүшесі - Азамат Марклен.

Бұл Азаматпен шыққан алғашқы ұзын форматтағы диалог әрі подкаст. Шығарылымда Азаматтың өтіп шыққан жолы, жеке трансформациясы, тумен қатысты оқиғадан кейінгі кибербуллинг, Меккеге барып келгендегі түйіндері мен жоспарларын талқыладық.

https://youtu.be/6zv423gsahE


Төлеген Талдыбаев: түсімде сахабаны көрдім / Narikbi LIVE #111

Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, теолог және ұстаз - Төлеген Талдыбаев.

Төлеген ұстазбен "Бүгінгі бізде қонақта" сахабалар өмірін талқылайтын атақты жобасын, діни қылмыстық топтармен күрес, эмоционалды ислам және діни қызметкерлерді қолдау жобаларын талқыладық.

https://youtu.be/meL9-lxAX5U?si=gjO_ek6OHOdZdvss


Данияр Жігітбек: кедей болсаң, балаңның баюы қиын / Narikbi LIVE #110

Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жылдық қорытынды подкастымызды қабыл алыңыздар. Өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, түйген ойларымыз бен сабақтарымызды ортаға салдық.

Бүгінгі қоғамның жетіспейтін дефициті қандай, ата-ананың жұмысы балаларына қалайша әсер етеді және балаға білім беру кімнің мойнында екенін анықтауға тырыстық.

https://youtu.be/gBRySIQXKAg


Бұл жазбаға бүгін үш жыл болыпты. Тарихи сәт деген осы шығар..

Жалпы, өз тарихын тез ұмытатын халықпыз. Сол үшін осылай еске салып, алған сабақтарымызды ұмытпау керек.

Дәл осы күні мен Амстердамда ештеңе түсінбестен жалғаз өзім пәтерде отырдым. Сіздер ол күні не істедіңіздер?

6.1k 1 2 15 116

End of 2024

Салем, достар. Жылдың соңғы күніне менің бірнеше жақсы жаңалығым бар.

- Мен Алматыға келдім. Жаңа жылдық демалысты ата-анам мен туыстарыммен өткізейін деп шештім. Ұлым алғаш рет қар көріп мәз болып жатыр.

- Біздің лого мен айдентикамыз ауысты. Жобаға қатысты жаңаша ойымыз бен идеямыз көп. Бұл тек бастамасы ғана. Қалай шығыпты?

- Подкасттың жаңа маусымын түсірудеміз. Егер қонаққа немесе жарнамаға ұсыныс болса - мархабат. Ұсыныстарға ашықпыз.

Жалпы, 2024 қызық жыл болды. Оны қорытындылайтын да шығарылым керек шығар, иә?)


Сергек: штрафтан инновацияға, қаланың бас күзетшісі қалай істейді? / Әсет Ахметов / Narikbi LIVE #109

Сергек технологиясы қазақстандықтардың жолдағы тәртібін түбегейлі өзгертті десек, қателеспейміз. Көпшілік үшін Сергек — тек жол қозғалысын бақылайтын, айыппұл салатын камералар жүйесі. Алайда, бұл технологияның арқасында жол апаттарынан болатын өлім-жітім 40-50%-ға азайғанын білеміз бе?

Подкаст барысында Сергектің негізін қалаушысы Әсет мырзамен бірге халықты алаңдатқан маңызды сұрақтардың жауабын іздедік:
- Сергек камералары қалай жұмыс істейді?
- Айыппұлдар қайда жұмсалады?
- Сергекті айналып өту мүмкін бе?
- Кептелістерді Сергек арқылы шешуге бола ма?
және басқа да қызықты тақырыптарды талқыладық.

Сонымен қатар, Әсет мырзаның жаңа жобасы — Tasqyn анимация студиясы туралы да сөз қозғадық. Бұл студия қазақ тіліндегі сапалы мультсериалдар жасап, балаларымызға отандық анимацияны қолжетімді етуге атсалысуда.

https://youtu.be/A000RvKY0Gg


Balochistan

Шетелде жұмыс істеудің бір қызық тұсы - түрлі халықтардың өкілдерімен танысып, олардың тарихы мен мәдениеті жайлы біледі екенсің. Кейбірімен алғаш рет сөйлескенде, тіпті өмірімде естімеген елдер мен аймақтардың бар екенін түсініп, таңғаламын. Бірде сондай қызықты оқиғаның куәсі болдым.

Бір ай бұрын жұмыстағы намазханада бір жігітпен сөйлесіп қалдым. Танысып, қай елден екенін сұрағанымда, ол: «Balochistan» деп жауап берді. Мұндай елді бұрын-соңды естімегендіктен, қайта сұрадым. Жауабы сол қалпы өзгермеді.

Сөйтсем, Белуджистан — тәуелсіздікке жете алмаған халықтардың мекені екен. Ол Пәкістан, Ауғанстан және Иран шекараларында орналасқан. Аумағының 44%-ы Пәкістанға тиесілі. Халқының саны шамамен 12-15 миллионға жетеді. Діні — сунниттік ислам, ал негізгі тілі — белудж тілі. Сонымен қатар, тарихындағы ағылшын отаршылдығының ізі қалдырып кеткен урду, пушту, ағылшын тілдерін де меңгерген.

Әңгіме барысында бұл аймақтың саяси және тарихи қиындықтарын, олардың не себепті тәуелсіз ел бола алмағанын түсіндім. Гугл деректері бойынша, Белуджистан — күрд халқынан кейін тәуелсіздігі жоқ, халқы ең көп ұлттардың бірі.

Осының бәрін ой елегінен өткізгенде, тәуелсіздік біз үшін тек сөз ғана емес, баға жетпес ұлы құндылық екенін сезінесің. Иә, елімізде көңіл түсіретін мәселелер де жоқ емес. Бірақ бізде ең бастысы — сол мәселелерді шешіп, болашақты жарқын етіп құруға мүмкіндік бар.

Ал кейбір халықтарда ол мүмкіндіктің өзі жоқ. Сондықтан біз Тәуелсіздігімізді бағалай білейік, қастерлейік, ұрпаққа аманат етейік.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿

5.6k 1 10 4 325

Айтпақшы, әлгі чехолдың түрі осындай. Үсті магнитпен жабылып, сыртқа шыққанда қызметкерлер арнайы магнитпен ашып береді.


Dave Chapelle

Есте қалар оқиғалардан, мен жақында әйгілі стендаптың аңызы болған - Дейв Шапелдің (Dave Chapelle) концертіне бардым. Бұл есім сізге ештеңе білдірмесе, гуглдан іздеп көруге кеңес беремін. Қысқаша айтсам, бұл америкалық шоу бизнестің ең танымал өкілдерінің бірі, тірі аңыз десем кем болмас.

Дейв стендап жанрымен 16 жастан айнасылып келе жатыр. Қазір 51 жаста. Оның жеке концерттері (ағылшынша - special, спешл деп айта берейін) Netflix платформасында көп.

Оның әзілі өте өткір, дәл тиеді, қоғамды оятады. Талай рет өз әзілдері үшін хейт қабылдап, қоғам тарапынан сөз естіген. Мысалы, ол трансгендер адамдар туралы әзілдеп, америкалық либералдар тарапынан кэнселлинг-қа (cancelling, жоқтау, қабылдамау мәдениеті) ұшыраған. Оған қарамастан, Дейв өз сөзінен еш қайтпайтын азамат.

Тағы бір ерекшелік - Дейв осыдан жиырма жыл дұрын Ислам қабылдап, мұсылман атанған. Қызығы, оны күні кешеге дейін ешкім білмеген. Біраз адамға бұл тосын сый болды.

Танымалдығына қарамастан, Дейв осыдан бірнеше жыл бұрын “менің соңғы спешлым” деп ең соңғы түсірілімін Нетфликсе жариялады. Американдықтар үшін бұл үлкен жаңалық болды, себебі бұл легенданың бұдан басқа спешлдарын көру мүмкіндігі болмайды деп түсінді.

Алайда, ол әлі де лайв спешлдар өткізіп жатыр екен. Мен соған барып қайттым. Сонымен, Роттердам қаласындағы концертіне Амстердамнан бір жарым сағат көлік айдап бардым. Концерт залына жақындағанда шегі жоқ кезекті байқадым.

Неге сонша адам кіре алмай тұр? - деймін ішімнен. Сөйтсе, кірген әрбір адам ұялы телефонын өшіріп, арнайы магнитпен толық жауып тастайтын чехолға салу керек екен. Яғни, шоу үстінде ешкім телефон қолдана алмайды.

Бұл қалай болады екен? - деген ой кетті. Алайда, бұл керемет шешім екеніне тез-ақ көзім жетті. Залда жиналған 4000 мың адамның ешқайсысы сторис түсіріп, инстаграмын тексеріп, мазаны алмады.

Екі сағат бойы бәрінің назары тек шоуда болды. Мен көптен бері осындай сезімде болмадым. Әдетте, “қызық емес қой” деп телефон ақтарып кететін Нәрікби, бұл жолы концертті басынан аяғына дейін рахаттанып көрді.

Ал, Дейв болса әдеттегідей әлемдегі ең өзекті тақырыптарды ортаға салып, адамды бір ойландырды. Миға кәдімгідей демалыс болды.

Бұдан түйген ойым - келешекте осындай іс-шаралар ұйымдастыратын болсам, осылай телефонды өшіргізіп қояр едім. Эффектін айтып жеткізе алмаймын)


Осы жылдың ең қызықты әрі жылы подкастымыз Раиса Қадыр ханыммен өткен шығарылым деп есептеймін. Дайындық барысында тұлғалың қаншалықты терең екенін түсінесің ғой. Бұл тұрғыда Раиса ханымның айтары көп екеніне көзім жетті.

Ал бүгін КітапАл-дағы достарым Раиса ханымды қонаққа шақырыпты. Байқағаным - біз қамтымаған тақырыптар қозғалыпты. Қарап, қолдап қоюға кеңес беремін.

Менен өткендер әдеттегідей комменте “Нәрікбиден келдім” дейміз ғой, иа?)

https://www.youtube.com/watch?v=1vbx8XxzM10


Арсен Шади: Түркия идеологиясы, Сауд Арабия мен Иран саясаты, Палестина шешімі / Narikbi LIVE 108

Бүгінгі подкаст қонағы – шығыстанушы, полиглот Арсен Шади мырза. Осыдан 5 жыл бұрын дәл осы подкастта алғаш рет жолыққан Арсен екеуміз бүгін шығыс әлемінің қыр-сырына үңілеміз.

Бұл шығарылымда біз өзекті әрі маңызды сұрақтарды қозғадық:
- Түркияның идеологиясы қандай бағытта дамып жатыр?
- Сауд Арабиясы жаңа саясаты арқылы нені көздейді?
- Иран мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың астарында не жатыр?
- Және ең бастысы – бұл оқиғалар біздің елге қалай әсер етеді?

Шығыс – сан қырлы, әрі күрделі аймақ. Ондағы жағдайларды түсіну арқылы әлемдік процестердің терең мәнін ұғынуға болады. Бұл тақырыпты тек кәсіби маманмен талқылау мүмкіндігі сізге жаңа білім мен терең түсінік сыйлайтынына сенімдіміз.

https://youtu.be/SdjLQXEuwMQ


2014

Ескі альбомды ақтарып отырып, мына суретке көзім түсті. Бұл — 10 жыл бұрынғы Нәрікби. Әлі студентпін, бірақ фуллтайм жұмыста жүрген 20 жасар жігіт. Алматыда өткен конференцияда түскен сурет. Көзімде — арманның ұшқыны, күлкім ерекше.

Сол уақытта студент бола тұра, жұмысымнан $1000 жалақы алатынмын. Бірақ кейін девальвация бұл соммаға жету мүмкіндігін азайтты. Осыдан кейін доллар бағамын жиі тексеру әдетке айналды.

Қазір бұл оңайырақ: Яндекс Поиск доллар бағамын лезде көрсетіп береді. Ал егер Яндексты негізгі іздеу жүйесі ретінде орнатсаңыз, шотыңызға 1000 теңге бонус түседі. Толығырақ 👉🏻осы сілтемеде.

Ал, сіздер 10 жыл бұрын не істеп едіңіздер?)


Равкат мен үшін ешқашан мойымайтын әлеуметтік белсенділікке үндейтін азамат. Ол тіпті өз белсенділігі үшін 15 тәулікке де қамалған. Өзінің ана тілі өзге болса да, қазақ тілін жетік меңгеріп, экологияны насихаттап жүр. Бұл мен үшін нағыз қаһармандық деп білемін. Қалалық маслихат депутаты болуға күресі мен оқиғасы тіпті ерекше.

Әдетте мына тақырыптағы подкасттар көп қаралым жинамайды. Бұл өкінішті-ақ. Алайда, сіздердің қолдауларыңызға сенемін. Ютубтағы алғашқы сағаттар маңызды ғой.

Видеоға кіріп, коммент қалдырып кетсеңіздер риза боламын) Көп рахмет!


Равкат Мұхтаров: Алматы ауасы, масхилатқа депутат болу, әлеуметтік белсенділік / Narikbi LIVE #107

Бізде қонақта белгілі эколог әрі экономист, ауа ластану зерттеушісі және әлеуметтік белсенді - Равкат Мұхтаров. Равкат Назарбаев Университетінің (экономика), University of Alberta, Канада (қоршаған орта экологиясы) түлегі.

Бұл шығарылымда біз Алматыда қашан таза ауамен тыныс алатынымызды, мәжіліс депутат болуға ұмтылысы мен әлеуметтік белсенділігі үшін қалай бірнеше рет тәртіп қызметкерлерінен ұсталғандығын талқыладық.

https://www.youtube.com/watch?v=BNS8jeeUg28


Қайрат Құрманбаев: қорларға ақша жинау, орамал мәселесін қалай шешеміз / Narikbi LIVE #106

Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент Құрманбаев Қайрат ағаымз. 2018-2024 жылдар арасындағы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры қызметін атқарған Қайрат ағамыз ғылым жолындағы өмірін, қоғамдық қорлардың жұмыстары, психология мен исламның қарым-қатынасы, орамал мәселесін жақын арады шеше аламыз ба және басқа да маңызды тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/OqNkDeybyZA


Салем, достар. Бұл подкастты жазу маған ерекше қызық болды. Рахима ханым шынымен де өз ісінің хас шебері екеніне көзім жетті.

Байқағаным, қазір жеткіліктікті деңгейде тәжірибесі жоқ психологиятар көбеюінен бұл салаға қатысты негатив ойлар өте көп. Оны түсінуге болады. Ал, шынымен қиын кейстармен жұмыс істеп, тығырыққа тірелген адамды шығарған мамандарды көп кездестіре бермейсің.

Осы орайда нағыз профессионал адамдарды шақырсам көңілім көтеріліп, мендегі сұрақтар толастап бітпей кетеді. Сол үшін осындай шығарылымдай маған ерекше ләззат аламын. Сіздерге де осыны жеткізе алдым деген сенімдемін.

Ютубтың алғашқы сағаттары маңызды ғой, мүмкін болса коммент қалдырып, қолдап жіберсеңіздер.

7.3k 1 1 12 103
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.