NMU_STUDENTS


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Ta’lim


Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған ақпараттық канал.
---
Информационный канал для студентов Университета Нур-Мубарак.
--
Information channel for students of Nur-Mubarak University.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri






🟠 2023-2024 оқу жылының жазғы семестрі:
♦️ 30 кредитке дейін академиялық қарызы бар студенттер өтініш бере алады.
▫️ Өтініш беру уақыты: 27.05-04.06.2024 ж.
▫️Жазғы семестр оқу уақыты: 10.06-20.07.2024 ж.

🔴 Ескерту:
Білім алушы келесі жағдайда келесі курсқа көшірілмейді:
🔸 1 немесе одан да көп пәннен құлап, соны жазғы семестрде оқымаған студенттер;
🔸 30 кредит қарызы бар студенттер (жазғы семестрге қала алмайды);
🔸 Студенттер мен магистранттар келесі оқу жылына академиялық қарызбен өте алмайды.


🔘 Құрметті студенттер!!

♦️ Ораза айт мерекесіндегі игі істер - исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың, ғылым мен өркениеттің діні екенін айшықтай түседі. 🌙
🤲 Қасиетті мейрам күндері отбасыңызға амандық пен бақ-береке, Өзіңізге қайырлы білім тілейміз!

🖌️ Академиялық мәселелер департаменті.




Құрметті студенттер!
Ораза айт мерекесіне байланысты 10 сәуір күні демалыс беріледі.
11 сәуір күні сабақ болады және сол күннен бастап 50 минуттық сабақ кестесі бойынша сабақ оқытылады.


Құрметті студенттер!
Қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды қабыл еткей!

Алла Тағала Құранда: «Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар) деп баяндайды.


🌙Күллі ислам әлемі асыға күтетін Рамазан айы келді!

🌹Исі мұсылман бұл айда бес парызының бірі - ораза ұстап, тіпті мүмкіндігі барлар зекетін беріп, ауыз аштырып, тігінен-тік тұрып тарауих намазын оқып, Құран хатымын жасап, пітір садақасын берумен жүректерін нұрға шомылдырып, мүмкіндігі рухани мәре-сәре болады. Себебі бұл Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы - Алла Тағаланың пенделеріне мұстақим тура жолға бастаушы қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы мүбәрәк аяттары түсе бастаған, сексен үш жыл төрт айға тең келетін Қадір түні бар, сондай-ақ тілек-баталар қабыл болатын қасиетті Рамазан айы.

✅Рамазан - мейірім мен игілік, береке, кешірім, қайырымдылық еселенетін ай. Хадисте: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі»,- деген.

🔰«Расулулла (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла Тағала жолына екі нәрсені жұмсаған адамды жәннаттың бір есігінен: «Ей, Алланыңқұлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады. Намаз оқығанды «намаз» есігінен, Алла Тағала жолында соғысқанды «жиһад» есігінен, ораза ұстағандарды «Раййан» есігінен, ал садақа бергендерді «садақа» есігінен шақырады», – деп айтқан уақытта Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл есіктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы? Алайда осы есіктің барлығынан бірдей шақырылатын пенде бола ма?», – деп сұрады. Расулулла (с.ғ.с.): «Иә, болады. Мен Алла Тағаладан Сізді солардың бірі болуыңызды тілеймін», – деп жауап берді».

Ендеше, бүкіл нығметтер есігі айқара ашылатын, әрбір сәті берекеге толы қасиетті РАМАЗАН, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!




Қатысуларыңызды сұраймыз.


Эльвира приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Тема: Қызылша жұқпасын алдын алу шаралары, екпенің маңыздылығы
Время: 29 февр. 2024 11:00 AM Алматы

Войти Zoom Конференция
https://us04web.zoom.us/j/72525972928?pwd=dvDUSdSQbogAShr3MmXBJnhIb4jPms.1

Идентификатор конференции: 725 2597 2928
Код доступа: 9Exd2v






🔆 Барлық білім алушыларымызды Қысқы сессиясын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз!
❗️Екінші оқу семестрі 2024 жылы 22 қаңтарда басталады!!!
🟢 Қысқы демалыстарыңыздың көңілді, нәтижелі болуына тілектеспіз!


♦️ Құрметті студент!
📣 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі көктемгі семестрге студенттер тіркеу басталғанын хабарлаймыз! 🎉🎉🎉
🔸 Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін сіз 2 немесе 3 курс студенті болуыңыз шарт.
🔹 GPA баллыңыз 3.0 немесе одан жоғары болуы тиісті және түрікше,арабша немесе ағылшынша B2 деңгейінен төмен емес.
🔹 Өтініш беру үшін төмендегі сауалнаманы 24.11.2023 дейін толтыруыңызды сұраймыз:
https://forms.gle/hxgVfUkyNCvazhLr9
🔷 Сұрақтарыңыз болса: nmu.international@gmail.com


📢 В текущем учебном году изменилось оценивание рубежного контроля.
🟠 Суммарная оценка первого и второго рубежных контролей должна быть минимум 100 баллов. А абсолютный минимум на одном из РК 30 балл! К примеру 30-70, 40-60, 50-50.
🟢 При получении менее 30 балла на одном из РК система Platonus автоматический закроет допуск на экзамен.
🟣 Минимальные показатели для допуска на экзамен:
- Средний текущий – 50 балл;
- Минимальная суммарная рубежных контролей – 100 балл;
- Рейтинг – 50 балл.
🟡 Для выхода итоговой оценки дисциплины оценка экзамена должна быть не менее 50 баллов, при получении от 25 до 50 баллов будет дана возможность пересдать экзамена 1 раз.
🔴 Для обладателей ГРАНТА, чтобы далее получать стипендию минимальный балл итоговой оценки по всем дисциплинам должна привышать 70 баллов!


📢 Биылғы оқу жылында Білім алушыларды емтиханға жіберуде төмендегідей өгерістер бар:
🟠 Бірінші аралық бақылау және екінші аралық бақылау бағаларының қосындысы кем дегенде 100 балды құрауы керек. Бірақ бір аралық бақылаудың минималды көрсеткіші 30 балл. (1 АБ 30 болса, 2 АБ 70 балл болуы керек, 1 АБ 40 балл болса, 2 АБ 60 балл; 1 АБ 50 балл болса, 2 АБ 50 балл болуы тиіс).
🟢 Егер екі Аралық бақылаудың біреуінің баллы 30-дан кем болса, емтихан тапсыруға рұқсат Platonus жүйесінде автоматты түрде жабылады.
🟣 Емтиханға кірудің ең төменгі көрсеткіштері:
-Орташа ағымдық баға – 50;
-Аралық бақылаулар қосындысы – 100;
-Рейтинг – 50.
🟡 Пәннің қорытынды бағасы шығу үшін білім алушы емтиханнан кемінде 50 балл алуы керек. Емтиханнан 25-49 балл (ҒХ) алған болса, емтиханды қайта 1 рет тапсыруға мүмкіндік беріледі.
🔴 Грантта оқитын білім алушылар шәкіртақысынан айырылмау үшін әрбір пәннің қорытынды бағасы кемінде 70 балл болу керек.


1) 2023-2024 оқу жылының 1 оқу семестрі барлық курстар үшін 30.12.2023ж. күні аяқталады.
2) Барлық оқу деңгейлері мен курстар бойынша ІІ оқу семестрі 22.01.2024ж. күні басталады.


🔔 EDUCATION dan repost
🎓 ҚҰРМЕТТІ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ

АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ұйымдастыруымен өткелі жатқан университетіміздің аға оқытушысы, араб филологиясы бойынша PhD докторант ШАЯХМЕТОВ Олжас ұстаздың “АРАБ ТІЛІН ТИІМДІ ТӘСІЛМЕН ҮЙРЕН” атты семинарына шақырамыз!

🗓️ Өтетін күні: 28.09.2023 жыл

🕰️ Семинар уақыты: 18:00

📍 Өтетін орны: Нұр-Мүбарак университеті, Әл-Фараби залы



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

1 038

obunachilar
Kanal statistikasi