Nurbol Rakhmatilla


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Мен сізбен білмейтінімді және жаңадан үйренген нәрсемді бөлісетініме таң қалмаңыз; менің білімсіздігімнің шегі жоқ!
Бұл каналдың пайдалы болуы немесе менің алдыңғы қатарда болуым үшін емес, тек кішкентай күнделік, жеке тәжірибелер және өмірлік пікірлерме

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Bir adamnyn qolzhazbalary📝 dan repost
“Біле тұра әдейі жасалған күнәнің кішісі жоқ. Алладан кешірім сұрап тәубе етсе күнәнің үлкені жоқ”.

📚[Хадис]


Nurbol Rakhmatilla dan repost
Жан ризқы - сәресі уақытында бөлінеді .
Тән ризқы - таңнан кейін бөлінеді .

©️ Шейх Юсуф Хаттар
(ХафизаһуЛлаһ)

#Руханият


Алла Тағала кейбір құлдарына өмірін түбегейлі өзгертуге ерекше мүмкіндіктер сыйлайды. Бірақ сол мүмкіндікті жіберіп алсақ, бәлкім, дәл сондай сәт қайта оралмас. Ойланып көріңіз: сіздің алдыңызда өміріңізді өзгертетін ерекше бір сәт тұр. Егер сіз оны дұрыс пайдаланып, Алланың разылығына жетсеңіз, Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жәннатта көрші болуыңыз әбден мүмкін еді. Алайда сіз оны бағаламай, өткізген болсаңыз, басқа мұндай мүмкіндік қайталанбауы мүмкін. Сондай жағдайда өкінішіңіз қандай болар еді?!


“Расында, Раббыларың сендердің күндеріңде ерекше мейірім мен береке толы сәттер сыйлайды. Сол сәттерге ұмтылыңдар! Мүмкін, сендердің біреуің сол мейірімге кенелсе, ол ешқашан бақытсыз болмайтын шығар.”

(Табарини)


Міне, дәл осы себепті Алланың сыйлаған әр сәтін, әр мүмкіндігін бағалап, оны разылығына жету жолында қолдануға тырысыңыз. Өміріңізде кездескен әр мүмкіндік – Алланың сізге берген ерекше сыйы екенін ұмытпаңыз!


Ізгі жандармен танысу – Алланың ұлы нығметі, ал олардан ажырау – үлкен сынағы. Біз көбіне нығметтің қадірін оны жоғалтып алған сәтте ғана түсінеміз. Сол себепті, мына дұғаны жүрегімізден тастамай, әрдайым айтуға кеңес беремін:

“Уа, Алла! Бізге берген нығметтеріңді ұзаққа сақта! Нығметтің қадірін оны жоғалтқан соң түсінетіндердің қатарынан ете көрме!”


Beisenali Olzhas dan repost
Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудданың "Қиматуз-заманның" сегізінші басылымға ренжіп жазған кіріспесінен көп пайда алдым.

Шейх кіріспеде өзінің кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамаған замандастарына қатты ренжігенін айтады. Өз заманында оның кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамағандарды атап кетеді. Бұндай амал ғалымдардың ахлағы емес екендігін айтып, сілтеме жасаудың маңыздылығы жайлы олардың сөздері мен кітаптарынан мысал келтіреді.

Бұл мәселе қазіргі кезде де өршіп тұр. Бір каналдан, парақшадан көрген, оқыған пайдалы білімді алып, өзіміздің парақшаларымызға өзіміз тапқандай, өзіміз жазғандай кейде сілтеме бермей саламыз. Ал бұл, білімге деген қиянат болады.

Алла Тағала баршамызды аманатшыл болуымызды нәсіп етсін!


Аллаға жетудің жолы – уақыттың қадірін біліп, оны үздіксіз зікір мен ғибадатқа толтыру.

©️Имам Ғазали
(Рахимаһулла)


«Өмірдің әрбір күні – ғайыб(құпия), оның ішінде не бар екенін тек Алла ғана біледі.
Қайғы мәңгілік емес, сынақ та ұзаққа созылмайды, ал армандар үзіліп қалмайды, егер сіз Аллаға сеніммен дұға етіп, шынайы үмітпен Одан сұрасаңыз.

Дұғадан бас тартқан, болашағын тек сынақтың тар көзімен қарап бағалаған адам – ең әлсіз, ең үмітсіз, ең пессимист әрі ең аз жетістікке жететін адам ».

©️Шейх Юсуф Хаттар
(Хафизаһулла)


«Әр адам таңмен тіршілігін бастайды: бірі өз нәпсісін құтқарады, ал бірі оны құрдымға батырады».

📚Муслим


Алла біреуге жақсылық қаласа, оған өзінің кемшіліктерін көрсетеді.

📚Ихия


Құрметті бауырлар! Егер Құранның һидаят сырын терең түсініп, жүрегіңізбен сезініп көргіңіз келсе, Нұрсұлтан ұстаздың осы ғажайып туындысын міндетті түрде оқып көріңіз! Бұл кітап сізді ерекше әсерге бөлеп, рухани әлеміңізге жаңа серпін сыйлайды.

Алла Тағала баршамызға пайдалы қылғай! 🤲🏻


NURSULTAN ZULFIKAR dan repost
🌟 «Ақиқат алдында жеңілген жүрек» 🌟

📖 Құран – адамзатқа жіберілген Ұлы Мұғжиза!
Бұл кітап сізді Құранның таңғажайып әлеміне жетелейді:
✔️ Ғылым мен Құранның үйлесімін ашасыз 🧪🌌
✔️ Құранның әдеби шеберлігін сезінесіз ✍️✨
✔️ Мұсылман еместердің Құран туралы шынайы пікірлерімен танысасыз 🌍🤝

💡 Неге бұл кітапты оқу керек?
🔸 Құранның шынайы табиғатын ғылыми тұрғыда түсінесіз
🔸 Әдеби ерекшеліктерін терең зерттейсіз
🔸 Исламға деген көзқарасыңызды өзгертетін жаңа пікірлер оқисыз

🛒 Кітапты сатып алып, Құранның кереметтеріне куә болыңыз!
💳Каспи: 87086592916
Чек жіберу үшін: 87086592916
💵 Бағасы: [1590тг]

🔥 Ақиқатқа қадам басып, жүрегіңізге нұр сыйлаңыз! 🔥

https://t.me/nursultan_zs


Beisenali Olzhas dan repost
Қайыршының сәлеміне жауап беру міндетті емес. Себебі ол сәлемді сәлем беру үшін айтпайды. Сондай-ақ, құтпа кезінде біреу сәлем берсе, сәлеміне жауап берілмейді.

Әл-һадия әл-Алайия, 214


Егер: «Неліктен кейбір адамдардың менмендігі арта береді?» – деп сұрасаң, оның екі себебі бар:

Біріншісі: адамның шынайы біліммен емес, тек «білім» деп аталатын нәрсемен айналысуы. Шынайы білім – бұл құлдың өз Раббысын және өзін тануы. Мұндай білім адамға тәкәппарлық емес, керісінше, жүрекке иман нұрын түсіріп, кішіпейілділік пен тақуалықты үйретеді.

Екіншісі: адамның білім ізденуге кіріссе де, оның ішкі жан дүниесі арам, нәпсісі таза емес, мінезі нашар болуы. Өйткені ол алдымен өзін тәрбиелеумен, жүрегін түзетумен айналыспады, сондықтан табиғаты бұзылған күйде қалды.

©️Имам Ғазали
(рахимаһулла)


Күнәлардан арылу жолын сұрадық, оны духа намазынан таптық.

Қабірді нұрға толтыратын амалды іздедік, оны Құран оқудан таптық.

Сырат көпірінен аман өтуді тіледік, оны ораза мен садақадан таптық.

Аршының көлеңкесінде тұруды қаладық, оны Алла разылығы үшін сүйген ізгі бауырлардан таптық.

©️Имам Шафиғи
(рахимаһулла)


Жәннаттың мәһрі – Алла үшін нәпсіңді жеңу.


Бүгін естіген бір әдемі даналық сөз:

Бал болсаң, барлығы айналаңда болады, ал боқ болсаң, барлығы сенен аулақ жүреді.


Кімде-кім бауырлары мен сүйікті адамдарын жүрек тазалығымен сүйсе, ол жәннат нығметтерінің бір бөлігін бұл дүниеде-ақ сезінген болады.

📚Фудайл ибн Ияд


«Уа, Айша! Міскінді ешқашан қайтарма, тіпті жарты құрмамен болса да көмектес. Уа, Айша! Міскіндерді сүйіп, оларға жақын бол, сонда Алла Тағала қиямет күні сені Өзіне жақындатады».

📚 Тирмизи


Сені хәлімен шабыттандырмайтын және сөздерімен Аллаға бағыттамайтын адаммен жолдас болма.

©️Ибн Атаулла
(рахимаһулла)


Мейірімділік, жұмсақтық және көркем мінез – адамдардың жүрегіне жол ашатын кілттер.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.