nursultan_ustazdan


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Палестиналық балақайдың сөзі:

Біз өлсек те тірі қалсақ та
жеңіске жетеміз.

Өлсек — шахид боламыз,
тірі қалсақ — тәуелсіз.


Менің күнәларым маған салмақ салуда, бірақ оларды Жаратушы Жалғыз Алланың Ұлылығына қарсы қойсам, Оның кешірімінен артық ештеме болмайды.

Имам аш-Шафиғи


Бұл дүние - уақытша


Намаз Садақа Салауат
Истиғфар Құран
=
МӘҢГІ


— қалай намаздарды қаза қылмайсыз?
— сүйген сүйіктісімен кездесуге кеш қалуы мүмкін бе?!


Әр адамның сол сәтке қайта оралсам деп, өзгерткісі келетін дүниелері болады…

Бірақ өткен өтті, өкінгеннен пайда жоқ.
Бастысы қазіргі шешімдерің болашақта өкіндіретіндей болмасын.


Дұға жасау үшін лайфхак:

1. Сізді уайымдатып жүрген 3 проблеманы сыбырмен айтыңыз.

2. Иә, Рахман! Иә, Рахим! Иә, Алим! Иә, Ғафур! Иә, Ғани! - деп Алланың көркем есімдерін атап.

3. Мені уайымдатқан осы істерге берекелі әрі қайырлы шешім сұраймын -деп дұға жасаңыз.


Үйге береке мен бақыт кіргізетін себептердің бірі — отбасы мүшелерінің бірге отырып тамақтануы.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деген:
«Тағамдарыңды бірге ішіңдер, әрі Алланың есімін атаңдар — сонда Алла сендерге сол аста береке береді.»

📚
Әбу Дәуд пен Ибн Мәжа

©️
Шейх Уаил әл-Ханбал
(Хафизаһулла)


Кейде ұзақ өмір — пайдасыз өтеді, ал қысқа өмір — үлкен пайдамен өтеді. Кімнің өмірін Алла Тағаланың өзі берекелі етсе, ол адам қысқа уақытта сөзбен сипаттауға келмейтін, жазумен жеткізгісіз нығметтерге ие болады.

Ал егер сен дүниелік әурешіліктерден босап, соған қарамастан Аллаға бет бұрмасаң, немесе жолыңдағы кедергілер азайғанмен, содан кейін де Оған қарай ұмтылмасаң -міне осы ең үлкен сәтсіздік.

📖китәб әл-хикәм


Құран оқы, әрі жәннаттың жоғары сатысына көтеріле бер

Дүниеде Құранды қалай оқыған болсаң, солай жалғастыр

Сенің жәннаттағы орның – соңғы оқыған аяттарыңның тұсында болады


(Әбу Дәуіт, Тирмизи)


Махаббат дәлелді қажет етеді.

Түндерде қиямда тұрып оны дәлелде. Әйтпесе, "Мен Алланы сүйемін" деу өте оңай. Абай айтпақшы: «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз - қол емес».


Айша анамыз (р.а.) былай деген:

«Алланың елшісі ‎ﷺ қысқа да нұсқа болған мағыналы дұғаларды ұнататын. Артық сөзден бойын аулақ ұстайтын».

(Әбу Дәуд)

Оның бір мысалы: “Аллаһумма иғфир лии, уәрхамни, уә ғәәфини, уәрзуқни”.

Аллаһым мені кешір, мені мейіріміңе бөле, маған амандық бер және мені ризықтандыр.

Төрт қана нәрсе барлық дүниелік те, ақыреттік те қажеттіліктерді қамтып тұр.


Бір күні Пайғамбарымыздан ﷺ :
— Мұсылман адам қорқақ бола ма?
Иә, — деп жауап берді.

— Мұсылман адам сараң бола ма?
Иә, — деді тағы.

— Ал, мұсылман адам өтірікші бола ма? — деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз ﷺ:
Жоқ! — деп нық жауап берді.

📌 Қорқақтық пен сараңдық – нәпсі әлсіздігі, ал өтірік – жүректегі ауру.


Кім қарыз алып жатып, оны қайтармаймын деген ниетте болса, ол - ҰРЫ!

Кім неке қиып жатып, оны уақытша деп білсе, ол - ЗИНАҚОР!
(Хадис)


Адамдардан әрдайым тек жақсылық ізде. Ал жамандығын өздері-ақ көрсете бастайды.

©️Әл-Ғәнзи


Сен әлемді өзгерте алмайсың!

Бірақ ішкі әлеміңді өзгерте
аласың!

Ішкі әлемің өзгерсе, әлем де өзгереді!


Түнгі намазды кез-келген адам оқи алмайды. Алланың таңдаулы құлдары оқиды. Күндізгі намазыңа рия араласып кетуі мүмкін, себебі адамдар көреді. Ал түнгі намаз — сен және Раббың ғана білетін сыр. Сұра, не керек бәрін сұра Алладан. Көп нәрсе қалаймыз ғой, бірақ, соны сұраудың өзіне ерінетініміз қандай өкінішті еді…

— Раббым, бізді кешіре көр.


Мүмін – күнәсін ұмытпайды. Ол күнәларын істеген сайын емес, оларды еске алған сайын көз жасын төгеді. Ал екіжүзді – күнәсін істеген соң оны ұмытып, өзін қауіпсіз сезінеді.

Хасан Әл-Басри (Алла оған разы болғай)


Алланы бірінші орынға қойсаң, қалған барлық істерің өз орнына келеді…


Екі мүмін жұптың айырылуы - шайтанға той,
Ал неке, шаңырақ құру - оған қайғы мен ой.
Бірлік пен мейірім - мұсылманның нышаны,
Ажыраған әр жүрек - шайтанның ұраны.


«Ғаққ» – ата-анаға қарсы келетін тілазар перзент.

Ибн әл-Мүбәрак айтпақшы:

«Егер ата-анаң саған жұмсақ сөйлеп, саған ұнау үшін әр сөзін өлшеп-екшеп айтып, көңіліңе қарап, ашуландырып алмауды ойлап отырса – өзіңнің “ғаққ” екеніңді біле бер».

Сен олардың баласысың ба, әлде патшасысың ба?

Олар сенен қорқып, көңіліңе қарауы – бұл сенің “ғаққ” болғаныңның белгісі. Азабы осы дүниеде-ақ тез берілетін екі адамның бірі – осы “Ғаққ” болған адам.

Өзіңді түзе. Ата-анаң сенімен емес, сен олармен көркем мәміле құруың керек еді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.