жалпы Дәвид Фостер Уоллестің бұл ап-ауыр (тура мағынасында) кітабын жақсы не жаман туынды деп атауға келмейді. ішіндегі сұмдықтар, тым ашық бейнеленген дүниелер үшін ұятың оянып кетіп, намыстанып айыптауға да болады. мүмкін осынша анайы шынайылығы үшін қолпаштауға да болады. бұл роман – өмірдің өзі тәрізді. оқығанда жының келетін де сәттері бар, рахаттанатын да сәттері бар. Дәвид шын мәнінде роман арқылы оқырманға өз өмірін берді. содан соң ше? содан соң ақыры өз-өзін өлтіріп тынды. басқа суицидке барған жазушылар секілді Дәвид те басында сапырылысып, тоқтаусыз абалап жатқан ойларды жазу арқылы ақтарды. сөйтті де жай ғана кетіп қалды.
егер өмірімнің ағып жатқан уақытын тағы қисам, бұл романды тағы бір оқып, елеусіз қалдырған дүниелерді қайтадан іздер едім. өкініштісі уақыт жоқ :)
p.s. әрқашан осындай жаңашыл романдарды қолға алғанда, «түптеп келгенде әдебиет деген осы ма? роман деген осындай бола ала ма?» деген сұрақ туындайды. романдардың осыншалықты күрделі деңгейге дейін көтеріліп, өзің өлімсіреп құрап алған көзқарасыңды бытыратып жіберуі біздің сыншылар үшін әлі де түсініксіз. «көркемдік пен эстетика үшін жазатын (деп айтады өздері, негізі қаламақы үшін жазады ққ) жазушылардың осындай туындыларға келгенде қызыл кеңірдек болып қырылуы орынды ма, әлде әдебиеттің осыншалықты күрделі пішінін олар әлі түсінбеді ме?» деген де ой келеді. дегенмен Уоллестің осындай өте көлемді романдағы оқиғалар мен оған керағар ойларын оңайлықпен бір-біріне жалғай алуы шеберлік екенін мойындау да керек шығар.