«Otandastar Qory»


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Siyosat


Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Siyosat
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Көш қашан басталды және оның басында тұрған кімдер?

Толығырақ: https://youtu.be/l3Yn3XEivaw

@otandastar


“Egemen Qazaqstan” газетіне қандастардың жоғары білім алуы туралы материал жариялады🗞️

Толығырақ оқыңыз: https://egemen.kz/article/376428-qandastar-dgoghary-bilim-alugha-ne-kedergi

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тарихи қаулы және ұлы көш | Марат Тоқсанбаев

Бұл сұхбатта 1991 жылы қабылданған тарихи қаулының қалай әзірленгенін, оның қазақ халқына қандай мүмкіндіктер ашқанын және алғашқы ұлы көштің қалай басталғанын білесіз.

Шетелдегі қандастарымыздың ата-баба жеріне қайта оралуына жол ашқан бұл шешім қандай қиындықтармен жүзеге асты? Алғашқы көштің басты қаһармандары кімдер?

Осы сұрақтардың жауабын білу үшін видеоны соңына дейін көріңіз. Бұл — тек өткеннің тарихы емес, болашаққа үлгі боларлық ұлы жолдың бастауы!

https://youtu.be/l3Yn3XEivaw

@otandastar


EGEMEN QAZAQSTAN: Қазақтың бүркітші қыздары. Шетелдіктер үшеуін киноға түсірген

Құсбегілік қазақтың қанына сіңген ерекше қасиет екенін әлем 13 жас­тағы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып арқылы таныды. Көшпелілер өмірі режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» атты фильмі негізінде өркениет сахнасында қайта бір жаңғырды. Фильм 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылса, ал 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталатын «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Осылайша, көшпелілер өмірінің құндылығын Моңғолияда тұратын қазақтар қайта жандандырып, «бүркітші қыз» деген тіркесті жиі қолданатын күнге жеттік. Айшолпанға деген құрмет те артты.

Дегенмен бүгінде Моңғолияда Айшолпанның артынан ерген сіңлілері көп екенін ешкім біле бермейді.

Әрі шетелдіктердің назарына ілігіп, әлемге әйгілі болған Айшолпан ғана емес. Осы уақытқа дейін үш бірдей қазақтың бүркітші қызы туралы фильм түсірілген. Бәлкім Айшолпанға еліктеген болар, болмаса құсбегілік өнер бұл жақта сахна қойылымдарынан гөрі, күнделікті тіршіліктің әлі де болса бір бөлшегі болғандықтан, қолына бүркіт қондырған «дузкаларды» (жергілікті халық қыздарды осылай еркелетеді) көп кездестіруге болады.

Бүркітші қыздардың бірі - Айбота Көшеген қазір Баян-Өлгейдегі батыр М.Ікей атындағы №1 онжылдық мектепте 11-сыныпта оқиды. Арманы – журналист болу. Соған сай мәнерлеп оқу, шығарма жазу сияқты сайыстарға үнемі қатысып тұрады. «Отандастар қорының» жазғы лагеріне келген болатын.

Толығырақ: egemen.kz және oq.gov.kz сайттарынан оқи аласыздар.r































20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.