QARMET


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


На металлургическом комбинате Qarmet продолжается модернизация инфраструктуры. Стартовала программа демонтажей зданий и сооружений, не представляющих производственную необходимость.

Снос старых, аварийных и неиспользуемых помещений — один из процессов обновления производственных мощностей предприятия, включающий несколько ключевых этапов, направленных на обеспечение безопасности работников, эффективное использование ресурсов и очистку территории для новых объектов.

«Демонтаж зданий — не новая программа для компании, однако версия 2024 года включает в себя как снос отдельных элементов зданий, так и полное удаление конструкций, что позволяет высвободить ценную территорию для новых производственных объектов, а также повысить безопасность на комбинате. Уже ведутся работы по демонтажу блока разделения воздуха кислородного цеха, некоторых зданий копрового цеха, зданий цехов ратификации коксохимического производства, неиспользуемых галерей КХП и цеха изложниц. Этой работой мы освобождаем на комбинате полезную площадь около 50 тыс. м²», — рассказал заместитель директора по капитальному строительству Алексей Давыдов.

Здания, которые подлежат сносу, имеют возраст более 30 лет. В процессе демонтажа используется специализированная техника и оборудование. Все работы проводятся в строгом соответствии с нормативами по безопасности труда, с учётом возможных рисков и с привлечением квалифицированных специалистов. Это позволяет не только эффективно и безопасно демонтировать старые здания, но и сдавать в переработку необходимые для производства материалы.




Qarmet металлургиялық комбинатында инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда

Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қажеттілігі жоқ ғимараттар мен құрылыстарды бұзу бағдарламасы іске қосылды.

Ескі, апатты және пайдаланылмайтын ғимараттарды сүріп тастау– кәсіпорынның өндірістік қуатын жаңарту процестерінің бірі. Бұл бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды, олардың басты мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ресурстарды тиімді пайдалану және жаңа нысандар үшін аумақты тазарту.

«Ғимараттарды бұзу – компания үшін жаңа бағдарлама емес. Алайда, 2024 жылғы нұсқасы ғимараттардың жекелеген элементтерін ғана емес, толық конструкцияларын да алып тастауға бағытталған. Бұл зауыт аумағында жаңа өндірістік нысандарға орын дайындап, қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта оттегі цехының ауа бөлу блогын, шихта цехының кейбір ғимараттарын, коксохимия өндірісінің ректификация цехтарын, пайдаланылмайтын галереялар мен қалыптау цехының ғимараттарын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралардың нәтижесінде комбинат аумағында шамамен 50 мың м² пайдалы алаң босатылады», – деді кәсіпорынның күрделі құрылыс жөніндегі директор орынбасары Алексей Давыдов.

Бұзатын ғимараттардың көпшілігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Демонтаж процесінде арнайы техника мен жабдықтар қолданылады. Барлық жұмыстар еңбек қауіпсіздігі нормаларына сәйкес, ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, білікті мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ескі ғимараттарды тиімді әрі қауіпсіз бұзуға, сондай-ақ өндіріс үшін қажетті материалдарды қайта өңдеуге жіберуге мүмкіндік береді.


На шахте «Тентекская» компании Qarmet продолжается строительство нового воздухоподающего клетьевого ствола, который позволит освоить новые пласты кокусующего угля, необходимые металлургическому комбинату города Темиртау. Объём запасов составляет 20 миллионов тонн.

При строительстве ствола используются материалы казахстанского производства. Работы завершены на 70%, уже возведены калориферное здание, через которое теплый воздух уже поступает на горизонт, электрическая подстанция, складские помещения, проведены теплотрасса и водовод, а также подъездные пути. Реализацию стратегического проекта планируют завершить в 2026 году.

О значимости проекта рассказал Владимир Фёдорович Дёмин, доктор технических наук, профессор Карагандинского технического университета имени академика А. Сагинова. Полвека Владимир Фёдорович посвятил угольной отрасли, имеет десятилетний подземный стаж на шахте имени Костенко. Его научные изыскания посвящены газодинамическим явлениям в шахте, геомеханике, креплению и поддержанию горных выработок.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


“Qarmet” компаниясына қарасты “Тентек” шахтасында жаңа ауа беретін оқпан салу жұмыстары қарқынды. Бұл құрылыс Теміртау металлургиялық комбинатына қажетті кокстелетін көмірдің жаңа қабаттарын игеруге мүмкіндік береді. Көмір қоры 20 миллион тонна шамасында.

Оқпан құрылысына тек қазақстандық материалдар қолданылады. Жұмыстың 70%-ы аяқталды. Бүгінде жылытылған ауаны жер асты горизонтына жіберетін калориферлік ғимарат, электр қосалқы станциясы, қойма орындары салынды, сондай-ақ жылу трассасы мен су құбыры тартылып, кіреберіс жолдарға асфальт төселген. Бұл стратегиялық жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

Жобаның маңыздылығы туралы техника ғылымдарының докторы, академик Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры Владимир Фёдорович Демин айтып берді. Ол көмір саласына жарты ғасырын арнаған, Костенко шахтасында он жыл бойы жер астында еңбек еткен. Ғылыми зерттеулері шахталардағы газдинамикалық құбылыстарға, геомеханикаға, кен қазбаларын бекіту мен күтіп ұстау мәселелеріне арналған.


#Еңбекадамы
Жадыгер Кункожаев — огнеупорщик конвертерного цеха металлургического комбината Qarmet с общим стажем работы более 40 лет.


Жадыгер Ерлерович пришел на горячий участок в 1983 году, сразу после службы в армии. Здесь он прошел путь от новичка до настоящего профессионала, который ежедневно вносит вклад в надежное и эффективное производство стали.

В новом видео вы узнаете, как Жадыгер аға пришел в производство, немного о его семье, а также какие советы он дает молодому поколению.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


#ЕңбекАдамы
Жадыгер Кункожаев – Qarmet металлургиялық комбинатының конвертер цехында оттөзім қалаушы материалдармен жұмыс істейтін маман, жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады.


Жадыгер Ерлерович бұл цехқа 1983 жылы, әскер қатарынан оралғаннан кейін келді. Осы жерде ол жаңадан келген жұмысшыдан кәсіби шебер деңгейіне дейін жетіп, күн сайын болат өндірудің сенімді әрі тиімді болуына үлес қосып келеді.

Жаңа бейнематериалда сіздер Жадыгер ағамыздың өндіріс саласына қалай келгенін, отбасы туралы аз-кем ақпаратты және оның жас ұрпаққа қандай кеңес беретінін білесіздер.


В минувшие выходные в Центре бокса имени Серика Сапиева города Караганды, при поддержке компании Qarmet состоялся Традиционный Республиканский турнир BUSHIDO CUP по Киокушинкай-кан каратэ.

Турнир собрал более 500 бойцов из всех областей Казахстана, а также участников из Кыргызстана и Узбекистана. Карагандинская область достойно проявила себя на соревнованиях, завоевав высокие позиции. Перед открытием соревнований с речью выступил генеральный директор компании Qarmet и президент Федерации Киокушинкай кан по Карагандинской области Вадим Басин. Он поздравил всех спортсменов и пожелал удачи в предстоящих единоборствах.

«Сейчас наша область и бойцы готовятся к Кубку Казахстана, который пройдет в начале апреля в Караганде. Этот турнир станет отборочным этапом на Чемпионат мира, который состоится в этом году в Токио», – сообщил главный судья турнира, Игорь Лим.

Одним из ярких моментов турнира стало вручение Вадиму Басину именного чёрного пояса 4 дан, присланного из Японии. Награду вручил Президент Республиканской Национальной Федерации Киокушинкай кан каратэ Омархан Оксикбаев, отметив значительный вклад в развитие этого вида спорта в городе и области.

Компания Qarmet активно поддерживает спортивные инициативы и способствует развитию каратэ в регионе, помогая юным талантам добиваться новых побед. Турнир BUSHIDO CUP стал не только ареной для ярких поединков, но и важным событием, демонстрирующим силу духа и философию Киокушинкай-кан каратэ.




Өткен демалыс күндері Қарағанды қаласының Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында Qarmet компаниясының қолдауымен Киокушинкай-кан каратэден дәстүрлі республикалық BUSHIDO CUP турнирі өтті.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірі, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген 500-ден астам спортшы қатысты. Қарағанды облысының спортшылары жарыста лайықты өнер көрсетіп, жоғары орындарға ие болды. Жарыстың ашылуында Qarmet компаниясының Бас директоры және Қарағанды облысы Киокушинкай-кан федерациясының президенті Вадим Басин сөз сөйлеп, барлық спортшыларды құттықтап, алдағы жекпе-жектерде сәттілік тіледі.

«Қазір біздің спортшылар сәуір айының басында Қарағандыда өтетін Қазақстан кубогына дайындығын пысықтап жатыр. Бұл турнир биыл Токиода өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болмақ», – деді турнирдің бас төрешісі Игорь Лим.

Вадим Басинге Жапониядан арнайы жіберілген 4-дан қара белдігін табыстау сәті турнирдің жарқын сәттерінің бірі ретінде есте қалды. Марапатты Республикалық ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев табыстап, бұл спорт түрінің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Qarmet компаниясы спорттық бастамаларды белсенді қолдап, аймақта каратэнің дамуына, жас таланттардың жеңістерге жетуіне ықпал етіп келеді. BUSHIDO CUP турнирі жарқын жекпе-жектердің алаңына айналып, уақыт өткен сайын қатары көбейіп келеді.


Где используется металл Qarmet?

Металлопрокат играет ключевую роль в строительстве и промышленности Казахстана. Этот материал широко используется для производства различных конструкций и деталей, начиная от каркасных зданий и фасадной обшивки до бытовых товаров и транспортных средств.

Продукция компании Qarmet востребована в самых различных отраслях. К примеру, только арматуры реализуется на территории РК порядка 400 тыс. тонн в год. Вот несколько ярких примеров использования отечественного металла в строительной сфере столицы нашей страны:

Центральная мечеть и мечеть Хазрет Султан

Эти две важные мечети, которые имеют значительное религиозное и культурное значение для мусульман Казахстана. В этих объектах использована продукция марки стали А400 и А500, а также 08ПС, обеспечивающие долговечность и надежность таких масштабных и важных для нас конструкций.

Театр «Астана Опера»

При возведении этого знакового культурного объекта также применялись арматура марок А400 и А500, а также металлические изделия Qarmet, что позволило создать архитектурную композицию, сочетающую эстетические и технические требования. Металлопрокат марок Ст3 и 08ПС от Qarmet обеспечил прочность и устойчивость конструкций театра.

Новый мост на проспекте Тәуелсіздік

Для строительства этого важного инфраструктурного объекта была использована арматура марки А500 Qarmet, которая является основным материалом для армирования бетонных конструкций.

Жилые комплексы «Зеленый квартал» и «Городской романс»

Астана продолжает расти и с каждым годом обретает все новые очертания. Строительные компании, при выборе материалов для возведения масштабных комплексов, предпочитают продукцию высокого образца качества. Металлопрокат марок 3пс, 3сп и 09Г2С играют ключевую роль в прочности каркасных конструкций жилых домов.

Вокзал Нұрлы Жол

В строительстве этого крупного транспортного узла использованы горячекатаный, холоднокатаный и оцинкованный металлопрокат карагандинского металлургического комбината.

Труд металлургов — это основа современного строительства и развития инфраструктуры. Благодаря профессионализму и самоотдаче команды наш металл стал неотъемлемой частью архитектурного облика городов со всего Казахстана, обеспечивая прочность, надежность и долговечность зданий.

Каждый построенный объект — это гордость за вклад в развитие нашей республики и символ труда тысяч людей, создающих металл, способный выдержать испытания временем.




Qarmet компаниясының металы қай нысандарда қолданылады?

Металлопрокат Қазақстанның құрылыс және өнеркәсіп саласында маңызды рөл атқарады. Бұл материалдар ғимараттардың қаңқасынан бастап, қасбеттік қаптама, тұрмыстық тауарлар мен көлік құралдарына дейінгі әртүрлі конструкциялар мен бөлшектерді өндіруде кеңінен қолданылады.

Qarmet компаниясының өнімі әртүрлі салаларда жоғары сұранысқа ие. Мысалы, Қазақстан аумағында жыл сайын шамамен 400 мың тонна арматура сатылады. Отандық металдың Астанадағы құрылыста қолданылуының бірнеше айқын мысалдары:

Орталық мешіт және «Әзірет Сұлтан» мешіті

Бұл екі маңызды мешіт Қазақстан мұсылмандары үшін ерекше діни және мәдени маңызға ие. Бұл нысандарда А400 және А500 маркалы, сондай-ақ 08ПС маркалы болат өнімдері қолданылды, олар ғимараттардың беріктігін қамтамасыз етеді.

«Астана Опера» театры

Бұл мәдени нысанның құрылысы кезінде де Qarmet компаниясының А400 және А500 маркалы арматурасы, сондай-ақ металлопрокаты пайдаланылды. Бұл эстетикалық және техникалық талаптарды үйлестіретін архитектуралық композиция жасауға мүмкіндік берді. Ст3 және 08ПС маркалы металлопрокат театр құрылымдарының беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етті.

Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір

Бұл маңызды инфрақұрылымдық нысанды салу кезінде бетон конструкцияларын арматуралау үшін Qarmet компаниясының А500 маркалы арматурасы қолданылды.

«Жасыл квартал» және «Қалалық романс» тұрғын үй кешендері

Астана жыл сайын жаңа көрініс алып, қарқынды дамып келеді. Ірі тұрғын үй кешендерін салуда құрылыс компаниялары сапалы өнімді таңдауды жөн көреді. Qarmet компаниясының 3пс, 3сп және 09Г2С маркалы металлопрокаты тұрғын үйлердің қаңқалық конструкцияларының беріктігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

«Нұрлы Жол» вокзалы

Бұл ірі көлік торабының құрылысы кезінде Қарағанды металлургиялық комбинатының ыстық және суықтай иленген және мырышталған металлопрокаты пайдаланылды.

Металлургтердің еңбегі — заманауи құрылыс пен инфрақұрылым дамуының негізі.
Кәсіпқойлық пен өз істеріне адалдықтың арқасында Qarmet компаниясының металы Қазақстан қалаларының архитектуралық бейнесінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол ғимараттардың беріктігін, сенімділігін және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Әрбір салынған нысан — бұл республикамыздың дамуына қосқан үлесіміз бен уақыт сынынан сүрінбей өтетін металлды жасайтын мыңдаған адамның еңбегінің жемісі.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

17 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.