UKIMET dan repost
Олжас Бектенов Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді: Ғылыми зерттеулерді қолданудың нақты нәтижесін іс жүзінде көруіміз керек
📍 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен салалық министрліктер басшылығының қатысуымен жаңартылған құрамда Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді.
🔸 Премьер-министрге Президенттің Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында ғалымдар мен бизнестің өзара әрекеттестігіне басымдық бере отырып Комиссия жұмысын қайта форматтау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.
✔ Комиссия отандық ғылымды экономиканың нақты секторымен интеграциялауға бағытталған бұрын берілген тапсырмаларды ескере отырып, 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жұмыс жоспарын ұсынды. Комиссияның қарауына ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша 653 ұсыныс келіп түсті, оның ішінде экономика үшін басым бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған 113 ғылыми-техникалық тапсырманы жүргізуге қаражат бөлу мақұлданды. Олардың ішінде экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; энергия, озық материалдар және көлік; озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар; биологиялық қауіпсіздік және басқа да салалар қамтылған.
• Сонымен қатар Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында қойған мақсаттарға қол жеткізу аясында агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту бойынша ғылыми-техникалық жұмыстар мақұлданды. Атап айтқанда, сүт саласының өнімділігін арттыру, егіншілік пен өсімдік шаруашылығы әдістерін жетілдіру, сондай-ақ экологиялық таза өндірістерді дамыту; негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен биологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуының молекулалық-генетикалық заңдылықтарын зерделеу бойынша; бау-бақша шаруашылығын тұрақты дамыту тәсілдері; ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз ету және басқа да жұмыстар.
➤ Аталған жобаларды қолдау биыл қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң нормаларына сәйкес гранттар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және жеке инвесторлар тарту арқылы жүзеге асырылады.
Отырыс барысында «Қазақмыс» корпорациясы, ERG, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, KAZ Minerals компанияларының бірлескен жұмысының нәтижелері ұсынылды.
📱 https://t.me/KZgovernment

«Бүгінгі таңда тау-кен металлургия саласының алпауыт кәсіпорындарымен ірі 6 хакатон өткізілді. 30-ға жуық ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарынан 200-ге жуық ғалым қатысты. Нәтижесінде, 80-ге жуық ғылыми-техникалық тапсырма тұжырымдалды. Комиссия отырысына нақты 11 жобаны шығарамыз. Осылайша, биыл жалпы ғылыми-техникалық тапсырмалардың 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижесіне негізделген. Президент жанындағы жаңартылған Ұлттық Ғылым академиясының жұмысқа қосылуы өте маңызды. Ғылыми-техникалық тапсырманы талдау мен сараптауды Ғылым академиясы да жүргізеді. Бұл тапсырмалардың барлығы да өте қатаң іріктеуден өтті», — деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.
📱 https://t.me/KZgovernment