Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


ЖЕКЕ ДАМУ/ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Достар, мен төмендегі кітаптардың📚 15-20 минутта оқылатын қысқаша мазмұндарын дайындадым. Кітап оқу әдетін қалыптастырам деушілер үшін жақсы мүмкіндік деп есептеймін: күніне бір кітаптан оқуыңызға болады😍.

https://t.me/qorzhyn_books_bot
Бұларды алу үшін жоғарыдағы сілтемемен телеграм ботқа жазылу керек болады. Бір айлық жазылым құны 990тг. Апта сайын жаңа 1-2 кітап қосылып отырады.
1. Атом әдеттер
2. Бай әке, кедей әке
3. Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері
4. Тиімділігі жоғары адамдардың 7 әдеті
5. Жақсы энергия
6. Жақсыдан ұлыға
7. Миллионер көршің
8. Ешқашан жалғыз тамақтанба
9. 4 сағаттық дене
10. Жинақтық эффекті
11. Вавилондағы ең бай адам


Өзіңізді топыраққа отырғызылған дән🌱 деп елестетіңіз. Адамдар сіздің потенциалыңызды көрмеуі мүмкін, бірақ ішіңізде сіз мықты ағашқа айналуға күшіңіздің бар екенін білесіз🙏🏻.

Әрбір “қолыңнан келмейді” - бұл сіз итеріп шығатын топырақ қабаты ғана. Олардың күмәнін өзіңіздің тыңайтқышыңыз ретінде пайдаланыңыз, табандылығыңыз бен төзімділігіңізді нәрлендіріңіз. Тамырыңызға сеніңіз, өсетініғізге сеніңіз және аспанға ұмтылыңыз.

Сізде табысқа жету үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Өсе беріңіз, жақында сіз топырақты жарып шығып, гүлденесіз.🙏🏻


Әр қиындық – күштірек, ақылдырақ болуға мүмкіндік. Өз қабілеттеріңізге сеніңіз және табандылықтың күшін ешқашан төмен бағаламаңыз. Есіңізде болсын, жетістік ешқашан құламау емес, құлаған сайын қайта тұру жайлы.

Алға қарай жүре беріңіз, сіз мұны жасай аласыз! 💪✨


Thinking out of box 📦 - қораптан тыс ойлау - меніңше, ең алдымен батылдық жайлы. Себебі, бұл белгісіздікпен жұмыс істеу, адамның аяғы баспаған жолмен жүріп көруді білдіреді. Екіншіден, бұл шығармашылық жайлы. Басқалардың шектеу ретінде көріп тұрғанын мүмкіндік ретінде қабылдау - нағыз талант деп есептеймін. Бірақ үйренуге болады. Үйренудің жолы әрине талпыныстан басталады. Кез-келген мәселеге қалыптасқан көзқарастан тыс қарауды әдетке айналдырыңыз😉


Сенімділік жайлы…

Қашан адам сенімді болады? Егер болашағына қатысты сұрақтарға жауаптар белгілі болса! Бірақ жауаптарды қайдан аламыз? Бұған бірнеше жауап бар. Мен әдет жайлы жазайын (каналым сол жайлы ғой).

Әдет деген ұғыммен танысқалы, оны өміріме енгізгелі, менде болашаққа деген сенімділік пайда бола бастады. Неге? Себебі, мен бір затты түсіндім: бәрінің жақсы болғанын қаласаң қозғалысың тоқтамау керек. Әдет қалыптасса, ол күнделікті орындалып, қозғалысыңа екпін беріп отырады. Тоқтамайтынымды түсінемін, бұл жақсы нәтижелер әкелетініне сенемін🙏🏻


Қайырлы түн, оқырмандарым!

Тәтті түстер көріңіздер😘


5 секунд ережесін қолданып көріңіз…

Жалқаулық ұстаса, 5-тен 1-ге дейін санаңыз да, бірден тұрып, әрекетті бастап кетіңіз. Бұл санау сылтаулатып түрғанн ойларды үзіп, сізге бастауға көмектеседі. Қарапайым, бірақ таңқаларлықтай тиімді әдіс!

Келесі жолы жалқаулық сезінгенде осыны қолданып көріңіз, әсерін маған жазарсыз.😉


Ұйқы жайлы бір лайфхак?

Мен өзіме соңғы кездері тез ұйықтап кету үшін бір ереже ойлап таптым. Ешқай жерде жазылмаған, ешкім зерттемеген. Өздеріңіз тексеріп маған нәтижесін жазарсыздар.

Түнде неше түрлі ойлар келіп ұйықтай алмасаңыздар, бір ыңғайлы поза таңдап алып, сол позада мүлде қозғалмай жатып көріңіз. МҮЛДЕ ҚОЗҒАЛМАУ МАҢЫЗДЫ. Түсінгенім бойынша, миымыз ұйықтамаса да, тұла бойымыз қозғалмағасын ұйқыға бірінші кетіп, өзімен бірге миымызды да ала кетеді.😅👍


Күніңізді жеңіспен бастаңыз!!!

Бір жеңіс екіншісін тартады. Екіншісі үшіншісін. Таңертең, ең қарапайым, оңай тапсырмаларды орындап тасатасаңыз (төсек жинау, жаттығу жасау, т.б.) күніңізді жеңіспен бастадыңыз деген сөз. Демек, ары қарай күніңіз осындай кішкентай жеңістерге тола өтеді.

Бірақ, таяқтың екінші ұшын да ұмытпаймыз! Жеңіліс басқа жеңілісті тартады. Күніңізді жеңіліспен бастасаңыз (дұрыс тамақтанбау, телефон қарау, т.б.), ары қарай екпінді дұрыстау қиын болады.


Менен бүгінгі күннің мотивациясы: адамға әр күн бір-ақ рет беріледі.

Бүгін - 2024 ж. қазанның 29-ы БІР-ақ РЕТ БОЛАДЫ! Бұл күнді қайталап өткізе алмайсыз. Бүгінгі істелген қателік, кеткен бос уақыт, айтылмаған сөздер, істелмеген істер қайта келмейді. Сіздің тарихыңызда күніңіз қалай өтті солай қалады.

Ертеңгі күн де БІР-ақ РЕТ БЕРІЛЕДІ!


Кеше кеш жатып, ұйқы мүлде жетпей қалды🥱. Сол үшін бүгін жұмыс істеу қиын болды😩. Бірақ…

Менің дисцпилинам, әдеттеріме адалдығым осындай қиын күндері сыналатынын түсінемін. Жақсы күндері бәрін тыңғылықты орындау оңай. Нағыз ерік-жігердің мықтылығы ауыр күндері байқалады. Сол үшін бұндай уақытты да ұнату керек, себебі бізге өзімізді жеңуге тағы бір мүмкіндік береді😍.

Дәл қазір, күннің аяғында, осыны жаза отырып, мені мақтаныш сезімі бойлап тұр. Енді бүгін ерте жатсам, мамам айтпақшы: “вообще молодец боламын”😅


“Мақсаттарың қанатыңа айналады.
Шын қаласаң жеткізеді айға дағы.”


Өмірді сіз басқарасыз, не өмір сізді басқарады...

Әдеттер – өміріміздің кірпіштері. Олар біздің кім екенімізді және кім бола алатынымызды анықтайды. Жақсы әдет қалыптастыру жарқын болашақтың іргетасын қалаумен тең. Әрбір кішкентай, тұрақты әрекетіміз кірпішпен үй қабырғасын көтергендей, мақсаттарымыз бен армандарымызға жақындатады. Бір күнде үй салынып бітпейтінін білесіз. Сол үшін сапардың ұзақтығын мойындап, әр кішкентай жетістігіңізге қуанып, әдеттеріңізге өміріңізді біртіндеп өзгертетуге мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге және әдеттің күшіне сеніңіз.🙏🏻


Екі минуттық ереже...

1) егер тапсырманы орындау екі минут немесе одан аз уақыт алатын болса, оны бірден орындап тастаңыз. Бұл кішігірім тапсырмалардың жиналуына жол бермейді және тиімділігіңізді алға жылжытады.

2) жаңадан әдет қалыптастырып бастасаңыз, әрекетті тек “екі минут орындау керек” деген ережені қолданыңыз. Бұл, әсіресе, орындалуы/қалыптасуы қиын әдеттерге қатты көмектеседі. 2 минуттан бастаңыз, уақыты келгенде - созарсыз.😉


Сонымен…

Мақсатқа жеткен кездегі адамның алатын марапаттарының бірі - “жеңіс” сезімі, “мақсатыма жеттім”- деген толыққандылық сезім,
жене біреудің жеңісті мойындағандағы мақтаныш сезімі. Дәл осы сезім, көп жағдайда, адамға әрекет етуге мотивация болатын күш.

Алайда, біреуге жоспарыңызды айтсаңыз, онда жоғарыдағылардың бір бөлігін сезініп қоясыз. Елестетіңізші, тыңдаушының “мәә, қандай күшті😍”, немесе “керемет жоспар, күшті ойлап таптың” дегенін естігенде қалайша дофамин бөлінбейді?! Басқаша тілмен, мақсаттың марапатын алып қойғандай боласыз да, әрекет жасауға түпсанаңызда 🧠 мән көрмейсіз.🤷‍♂️


Жоспармен бөліспеуге тырысыңыз🙏🏻

Өзімнен байқағаным (бұның ғылыми дәлелі де бар екен), жоспармен бөлісу - сол жоспардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Бұл тыңдаушының әсері: қарғауы, көре алмауы, т.б. үшін ЕМЕС. Өзіміз үшін!

Адам жоспарымен бөліскенде сол істерді істеп қойғандай ләззат алып, шынымен істеуге келгенде мотивациясы жетпей қалады. Осы ойды келесі постта толығырақ түсіндіргім келіп тұр🙏🏻

Лайкты аямаңыз тек


Ерте тұрғандар лайк❤️бассын)


Бұл қар өсуін тек домалауын тоқтатса ғана тоқтатады. Не айтқым келгенін түсініп тұрған шығарсыз?




Әдеттердің нәтижесі “құрама әсер” деп сипатталады.

Бұл қардың төбеден домалап түсуіне ұқсайды🗻❄️. Ол кішкентай болып басталады, бірақ домалау барысында қар жинап, үлкейе береді. Бірақ, ең қызығы, ол өскен сайын, тіпті көбірек қар жинай бастайды. Басында қалай үлкейетіні байқалмаса, уақыт өтісімен, оның үлкею қарқыны да өседі.

Қарапайым тілмен айтқанда, құрама әсер – бұл кішкентай әрекеттердің нәтижесі уақыт өте келе көзге сенгісіз үлкен болуға айналатын процесс📈.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.