Сағат


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🎊🌙 رمضان مبارك🌙🎊


Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.




Сауабын періште жаза алмайтын дұға

Кімде-кім: "Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" - десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбарынып:

- И‌a, Раббым, мына пендең осындай мақтау аи‌тты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді.

Сонда Мейірімі шексіз Алла Тағала:
- Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.

Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен. Сол періште тұрып:

- Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой, - дейді екен.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

Күнделікті дұғаңызға қосуды ұмытпаңыз)


"Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!"

#бүгінгідұға

Көктемнің алғашқы жұмасы мүбәрак болсын!! Әрі алғыс айту күні құтты болсын!!


Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ dan repost
Құдай бүгін кей құлдарына 25 сағат нәсіп етті. Тиімді пайдаланып қалыңыздар😊


“Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың жасырын тілектерін, жалбарынуларын білетін, еститін әрі жауап беретін Ұлы Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің һәм ұзақсың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ отынан құтқар”.

#бүгінгідұға


“Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер! Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын қаламайсың!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккені алар алдында оқыған дұғасы)

#бүгінгідұға


#yasina dan repost
Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білім жолындағы адам қатарынан емес.

Тағлим ал мутағаллим
#адаб


«Уа адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)


“Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#бүгінгідұға


🌙 Рамазанға 1️⃣4️⃣ күн қалды

Сұрақ: Оразаға түнде ниет етпесе немесе үш күн кешігіп оразаны ұстаса, кәффарат өтей ме?

Жауап: Рамазан айында екенін біле тұра, оразаға ниет етпей таңды атырып бесінге бір сағат қалғанша ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды. Шейх Шәмсу әл-Әиммә әл-Хәлуани имам Абу Жағфардан осы риуаятты жеткізген. Әл-Һидаяда: «Рамазанның барлық күнінде оразаға ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды» делінген [1].
Егер осыдан кейін әдейі тамақ жеп қойса немесе төсек қатынасына түссе, кәффарат міндеттелмейді. Өйткені оразаның дұрыс болуы үшін ниет болуы шарт. Ниетсіз құлшылығы дұрыс болмайды.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан


Дастан Құрманбаев dan repost
Егер жүрек Жаратушысына деген махаббаттан босаса, оның орнын нәпсі қалауларына, дүниенің қызықтарына деген құмарлық басады. Өйткені жүрек айна сияқты: айнада әйтеуір бір нәрсенің бейнесі тұратынындай, жүректе де әрқашан бір нәрсеге махаббат болады.

“Адам және Алланың Жердегі әділдігі” кітабынан


“Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл”.

(Укалаул-Мәжаниннен)

#бүгінгідұға


“Осы күні мені бейқамдықтың қалың ұйқысынан тұрғыз, күнәмді кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Мені кешір уа, күнәларды кешіруші Раббым!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға


Ғалымдар айтады: “Ақылдың” мағынасы — ұстау. Кім мына үш жағдайда өз-өзін ұстай алса ақылды болғаны:

1. Күнәні қалап тұрғанда;

2. Ашуланып тұрғанда;

3. Басына қайғы келгенде;

@dastan_kurmanbayev


Деніңіз сау болса, сіз әр күні Алладан болған екі сыйды ашасыз!!!

Мен сіздің көзіңізді айтып отырмын🙂!!


🌙 Рамазанға 1️⃣6️⃣ күн қалды

Сұрақ: Ауыр жұмыс істейтін адамның ораза ұстамауына бола ма?

Жауап: Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейін бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді. Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күздізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы қажет.

Дегенмен рамазан айында ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған адамдар таң атқаннан аузын аша бермейді. Сәресін ішіп, аузын бекітеді. Мүмкін Алла оған оразасын соңына дейін тұтуға көмек берер.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан


“Уа, Алла тағалам! Тура жолдан тайып кетуден немесе адасудан, біреуге зұлымдық жасап қоюдан немесе зұлымдыққа ұшырап қалудан, бір нәрсені ойланбай істеп, жаза басудан Өзіңе сыйынамын”.

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға


Адам баласы тозаққа түсу үшін, тозаққа лайықты болуы қажет, өйткені Алла залым емес.

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла рахымына алсын 🤲)

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.