⚡️ Ғылым қоры: қызмет нәтижелері - ғылым, өнеркәсіп және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту
🟡Ғылым қоры зерттеушілер, мемлекеттік институттар, бизнес және халықаралық қауымдастық арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып, қолдау көрсетеді.
🔘Ағымдағы жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Соның нәтижесінде Ғылым қорының функциялары күшейтіліп, кеңейтілді. Оған венчурлық қаржыландыру, бизнес акселерация және ғылыми-техникалық саладағы халықаралық ынтымақтастық құралдарын енгізу кіреді.
🔴Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру байқауының өткізілуі. Байқауға рекордтық 439 өтінім түсті. 2016 жылдан бері 6 байқау өткізілді, оған 2148 өтінім түсті, 416 жоба мақұлданды, оның ішінде 208 жоба жүзеге асырылуда.
Жобаларды жүзеге асыру нәтижелері:
Сатудан түскен табыс 39,3 млрд теңгені құрады.
Экономикаға қосқан үлесі 100 млрд теңгеден асты (салықтар, жабдықтар, роялтиді қосқанда).
2000-нан астам жұмыс орны құрылды.
8 жоба өнімдерін шетелге экспорттайды, ал 7 жоба 1 млрд теңгеден астам сатылымға қол жеткізді.
351 жобадан тұратын портфельдің салалық құрылымы:
АӨК – 40,4% (142 жоба).
Денсаулық сақтау – 10,5% (37 жоба).
Өңдеу және химия өнеркәсібі – 7,6% (54 жоба).
Осы жылы ғылыми-технологиялық хакатондарға ерекше көңіл бөлінді. Елдің әртүрлі өңірлерінде өткен іс-шараларға 400-ден астам ғалымдар мен сарапшылар қатысты, нәтижесінде 100-ден астам ғылыми-техникалық шешімдер әзірленді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде саланың өзекті мәселелерін шешуге арналған 11 техникалық тапсырма жасалды.
Коммерцияландыру реакторлары: ғалымдарға бизнес-серіктестерді табу мақсатында төрт тақырыптық реактор өткізілді. Бұл бастамалар медицина, химиялық технологиялар және құрылыс сияқты негізгі салаларды қамтыды, ғалымдарға серіктестік орнатуда және өз жобаларын нарыққа шығаруда қолдау көрсетті.
Халықаралық ынтымақтастық
Ғылым қоры халықаралық серіктестермен өзара әрекеттестікті белсенді дамытып, Қазақстанның әлемдік ғылыми аренадағы позицияларын нығайтуда.
🇰🇿🇸🇦 Сауд Арабиясы:
COP16 аясында Орталық Азия мен MENA аймағындағы deeptech бастамаларды қолдау үшін венчурлық қорларды іске қосу бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Сондай-ақ, қазақстандық стартаптарды SciTech экожүйесіне интеграциялау талқыланды.
🇰🇿🇪🇺 Horizon Europe:
Қазақстан Еуропаның ең ірі ғылыми бағдарламасындағы позицияларын нығайтты. Алғаш рет Орталық Азияға (Қазақстан) Еуропалық Комиссияның ғылым және инновация жөніндегі өкілі келді. Аймақтағы қатысушылар саны артуда: Өзбекстанда тренингтер өткізілді, Түрікменстанда дайындық шаралары басталды.
🇰🇿🇨🇳 Қытай:
Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы және Шыңжаң ғылым және технология департаментімен меморандумдарға қол қойылды. Ынтымақтастық фармацевтика, биотехнология және жасанды интеллект салаларын қамтиды.
🇰🇿🇩🇪 Германия:
DFG ұйымымен ынтымақтастық арқылы серіктестік дамуда. CLIENT II бағдарламасы аясында қазақстандық әзірлемелер халықаралық нарықтарға табысты енгізілуде.
🇰🇿🇸🇬 Сингапур:
Singapore International Agri-Food Week 2024 шарасында қазақстандық инновациялар әлемдік компанияларға таныстырылды. Бұл жаңа өткізу арналарының ашылуына және экспорттық әлеуеттің кеңеюіне ықпал етті.
ТМД:
Жоғары технологиялар саласында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру үшін ірі ғылыми-технологиялық хаб Сколковомен ынтымақтастық орнатылды.
❤️ Ғылым қорының қызметі инновацияларды қолдауға, экономиканы дамытуға және қазақстандық технологияларды әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған. Бұл елдің жаһандық технологиялық ортадағы позицияларын нығайту мен өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.