Құрметті біздің жанкүйерлер! Мәскеу қаласында өтетін МФЛ-6 маусымына жолдама алғанымызды барлығыңыз білесіздер. Сәуір айындағы өтетін турнирге, наурыз айынан бастап тиянақты дайындығымызды бастаймыз. Қандай құраммен баратынымыз сіздерді де алаңдатуда. Біз құрам жасақтау бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Бірақ оның қиын тұстары да аз емес. Қазақстанда футбол маусымы енді басталайын деп жатыр: Премьер Лига, 1-ші Лига… көптеген мықты қазақ ойыншыларының профессионалды келісім шарттары бар. Мәскеудегі ойын деңгейі қандай екенін өздеріңізде түсініп отырсыздар, сондықтан да ойыншыларды барынша сүзгіден өткізіп жатырмыз. Команда үшін, еліміз үшін, намыспен барын салып ойнайтын жігіттерді іздеудеміз. Жақын арада ондай ойыншылардың барлығын тауып, кезекпен кезек сіздерге таныстырып отырамыз. Турнир ережесіне сәйкес 3 медиа ойыншы алаңда ойнауы тиіс, ал біздің ойыншылардың көбісі медиа статусын ала алмайды. Сондықтан, ол позицияларды Ресейлік мықты Медиа ойыншылармен жабуға мәжбүрміз. Құрамда 70 % өзіміздің қазақстандық балаларды ойнатқымыз келеді. Ал сіздерге командамызды ойлап, әрқашан қолдап жүргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!