sezimder galleries


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Бұлттар төнсе , күнге де бар себеп...

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Сүйікті адамыңызбен қоштасар кезде, қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіздер? Мұны немен әсірелеуге болады?



кейде, сенің менен ересек секілді көрінетің ұнайды. менен ақылдырақ ойлап, дәл ересек адам секілді өзіңді ұстайтының. ал кейде, тым кішкентай қыз ұқсап, өзіңнің көз тартар қылығыңмен ренжігенің де ұнайды. қап, осының бәрін өзіңе айта алсам ғой.

/ақыр соңында айттым бәрібір, хәх



өмірдегі ең ауыр нәрсе қоштасу секілді. мен шыныменде қоштасқым келмейді. өзім ұнатпаған қаламмен, аз ғана уақыт бірге болған сыныптастарыммен, сиясы анық емес қаламым мен ұнатпайтын геометрия дәптеріммен. себебі, әр ұнатпайтын затты да уақыт өткен соң сағынамыз. әрине мен бұл заттармен әлі қоштаспадым. алайда, бұл түсінікті ерте қабылдағаныма қуанамын. ұнатпасам да, мән беріп, "неге мен ұнатпаймын?" деген сұрақпен біраз уақыт бақылап қарасам, онша қатты жек көрінішті емес екен. шыдауға тұрарлық. бұнымен не айтқым келді?
әр істе, затта естелік бар, сезім бар. адам баласының сонау жылдардан бері түсінбейтін заты , әр нәрсеге дұрыс мән беріп қарамауы. "мен ұнатпаған істе қандай естелік, сезім бар болуы мүмкін?" деп ойлауың мүмкін. бұл орынды. егер дұрыс мән беріп бақыласаң, сол сәтте сен бір эмоцияны сезіндің. мейлі ол ашу, ыза, жиіркеніш болсын, бастысы сезіндің емес пе(?). демек, сен мән бердің деген сөз. егер біз сол зейінімізді бақылауда ұстайтын болсақ ше? оны дұрыс қолдануды үйренсек, өз еркіміз бен зейінімізді қалаған ісімізге жұмсай аламыз. көп әрекеттердің нәтижесіз қалатыны дәл осы мән мен зейіннің жеткілікті түрде бағытталмауы деп пайымдаймын. сондықтан, қалқам, екеуміз дәл осы күшті иемденетін болсақ, алыс болып көрінген шыңымыз жақындауы әбден мүмкін.



дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
саған жар менен артық табылса да.


бұрынғы серінің арна құру мақсаты - ішіндегі сезімдерін сыртқа шығара алмағандықтан, арнаға жазу болатын. ал қазір, біршама зат өзгерді. ойым мен өмірім бұрынғыдан өзгеше. ендігі мақсат - сезімдерді жай ғана жазу, еш мақсатсыз. мұңлы жанның жаны шыныменде жай тапты.

/мен үшін бір қуанып қойыңыздар, хәхә



сағынуды ұмытқан солғын сезім - жапырақтың сарғайған келешегі...



күз - мұңға бататын емес,
ғашық болатын уақыт.



мүмкін, бақытты болу - қолыңдағыны сезіну және оны бағалау болар?



- әлемнің бізге керегі не?
оданда, бір-бірімізге әлем болайық?...



байқайсың ба, кереметтің бәрі қарапайымдылықта жасырылған?



мен өмірді әлі толық көргенім жоқ. түсініп те, ұғып та алдым дей алмаймын. дегенмен, мен бір нәрсені түсіндім:
асықпау керек екен.
иә, асықпау керек. сенің тағдырыңа сол нәрсені жазған болса, қанша қашса да бәрібір қайта оралады. сен ол нәрсенің тез орындалғанын қалайсың, бірақ бәрі өз орнымен. сен ешқандай жерде мүлт кеткен жоқсың, ешқандай жерден қалып та кеткен жоқсың, озып бара жатқан дәнеңең де жоқ, жолдасым. бәрі өз орнымен, өзінің көркем кезегімен болып жатыр. тек сәл ғана күту керек. бар болғаны осы.




Қарасазда екен, махаббат мен іздеген...


sezimder galleries dan repost
хикаяның басты кейіпкері - сенсің. сондықтан, өзгертетін де, өзгеретін де сенсің.



мүмкін, дәл сол махаббат болды ма екен?



неге керек өзімді-өзім демеуім?
кімге керек "сені сүйем" дегенім?...





сезініп көргім келетін сезім түрі



бақытты болуға, бір-ақ көктем жетеді...



шаштарың да сенің сол баяғы бұйра ма?...



уәделер орындалмайтын болса, неге айтылады?



әрбір адам бола алады қаһарман,
өзінің арманына қол жеткізер жолда.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.