Postlar filtri


Алда демалыс күндері. 🎉 Не жоспарлап отырсыз?🤔
So‘rovnoma
  •   Таңертең оянбаймын, демалыс – демалу үшін! 😴🛏️
  •   Таза ауа, қозғалыс, белсенді демалыс! 🏞️🚴
  •   Достармен кездесу, көңіл көтеру! 🎤🍹
  •   Кітап оқу, жаңа дағдылар үйрену! 📚💡
  •   Үйдің тірлігінен демалуға уақытым жоқ! 📝🏠
35 ta ovoz


Бизнесте жүрген әйелдер қауымына құлаққағыс 🙌

«Women in Business» форумы 20 ақпан күні Алматыда өтеді!

📍 Форумда сізді күтеді:
✅ Табысты кәсіпкерлер мен үздік сарапшылардың тәжірибелері
✅ Нетворкинг және жаңа мүмкіндіктер
✅ Құбылмалы бизнес әлемінде табысты болудың құпиялары
✅ Ақпараттық қауіпсіздік, салықтар және өзекті бизнес мәселелері

📍 Толық ақпарат:
🌐 wib.kz
📷 Instagram: @almaty.women


#естірту

Белгілі продюсер Бағым Мұхитденованың жолдасы, абыройлы азамат Әділжан Жүсіпов өмірден өтті.

Баян Мақсатқызы мен сіңлісі Бағым – қазақ мәдениетіне елеулі еңбек сіңірген тұлғалар. Олардың әкесі Мақсат Мұхитденов те өнердің өркендеуіне зор үлес қосқан мәдениет қайраткері болатын. Ол кісінің де 2 жыл бұрын дүние салған еді.

Бағым Мақсатқызының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманы жолдас болсын.


Уақыт өте келе байланысымыз көп болмай, сирек көрісетін болдық. Соңғы рет «Жібек жолы» арнасындағы «Жақсы адамдар» бағдарламасына қонаққа барарда, арна ұжымына Алмасты да шақыру туралы ұсыныс жасадым. Ол келді. Сол кездесуде де бұрынғыдай ашық-жарқын жүздесіп, өнер туралы әңгіме өрбіттік.

Алмасты әлі де жамандыққа қимаймын. Оның жеке өмірінде қиындықтар болғанын сырттай естіп жүретінмін. Жақындары үнемі қолдайтын.

Неге осылай болғаны мен үшін әлі күнге дейін түсініксіз…
Жігіт қой, шыққан соң бәрін өзі айтар (әрине қаласа)


Алмасты алғаш SuperStar.kz жобасынан бастап танимын. Ол кезде ән әлеміне енді ғана қадам басқан жас әншінің бойында өзгеше бір таланттың барын байқадым. Сол жылдары Қайрат Кульбаевпен бірге Hit.ТV арнасында оның «Мәңгілікке» әнін шығардық. 2004-2007 жылдары мен оның продюсері болдым.

Алғашқы әндерінің басым көпшілігін Нұрлан Қаражігітов пен Арман Дүйсенов жазатын. «Аяулым», «Арманым» сынды әндері тыңдарманның жүрегінен орын алып, сахнада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Алмас Сочиде өткен халықаралық байқауда жүлделі екінші орын иеленіп, қазақ өнерінің туын биіктен желбіретіп қайтты.

2007 жылы біздің келісім-шартымыз аяқталды. Мен тұрмысқа шықтым, ал Алмас өз жолымен кетті. Оның үйлену тойына Қайрат екеуміз Қызылордаға бірге барып, қуанышын бөліскеніміз есімде. Алмас пен Мөлдірдің махаббатынан екі қыз өмірге келді, бірақ кейіннен олардың ажырасып кеткенін естідім.


Жамандыққа қимағаным рас…

Сот Алмасты кінәлі деп тауыпты. Ол есімде жоқ деген көрінеді. 15 күн әкімшілік қамауға алынды.
Жала шығар деп ойлағаным да рас. Кәмелетке толмаған балаға қатысты кез келген бұрыс әрекеттерді ешқалай ақтауға болмайды!
Мас күйінде болу – ешқандай сылтау емес. Заң барлығына бірдей!

Соңғы күндері менен Алмастың телефонын сұрап хабарласқан БАҚ өкілдері, достарым, таныстарым көп болды. Мендегі бар нөмірлерін бердім. Алмаспен уатсап чатты ашып қарасам, былтыр жазда сөйлескен екенбіз. Алмасқа соншалық не болды екен?..


Алмас туралы…

Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса 17 жасар бала, әке-шешесімен бірге кешірім сұрап, істі жаба сала ма?

Айрандай төгілген Алмастың абыройы ше🤔


«2024-год кармы» дейді ғой. Кімнің кармасы қалай болды? «Осы қиын жыл артта қалсын, қалды» деп басталды ма тост, тілектеріңіз?

Қалай өтті 2024?


Комментарииге жалықпай тыңдайтын әннің өзін не атын жазып жіберіңізші. Плейлистімді жаңалайын құрсын😅


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Жастар «апа современный ән айтып отырған сияқты» дейді🤭 Хотя ескі ән ғой. Просто Қазыбек жастарға хит қылды🤗






Мереке құтты болсын!🇰🇿🩵








Тартынбаңызшы, өтініш🙏🏻

Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы🙏🏻
Әлемдегі проблеманың ешқайсы адам өмірінің құнындай емес!
Сіз бәріне керексіз❤️

Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық…




Тыңдап көріңіздер👍🏼


Текстімен қосылып айтып көріңіздерші😃 Өзіме қатты ұнайтын ән

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.