Сүрелер жинағы (қазақша аудио)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Құран үйрену(уағыздар)

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


🫵🏻


Өте пайдалы дүниелер уақыт бөліп тыңдаңдар🫵🏻👋🏼


Адамдар уақыт өтіп барады- деп өкінеді. Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады.

📚Бір кем дүние


🎧Ананың сүтімен сіңген надандық
Ұстаз Ерлан Ақатаев


Тәспіні көлікке көрсетіп іліп қояды, бірақ тартпайды📿
Темекіні қалтаның түбіне тығып қояды, бірақ тартады🚬

Бұл адам қалайша Алланы нәпсіден жоғары қоямын деп айта алады?

@aqiqat_arnasy


Әуелде сұлу жайлы бізге мәлім,

Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған.

Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.

Орынды іске жүріп ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып мал бақпаған.

Қасиеті болмайды ондай жігіт,

Әншейін құр бекерге бұлтақтаған.

Абай Құнанбайұлы


📌 Тарауих намазы ер мен әйел кісілер үшін бірдей суннә муаккада(سنة مؤكدة) бекітілген сүннет. Бұл намазды мұсылмандар Хазірет Омардың (Алла оған разы болсын) заманынан бері жиырма ракағат қылып оқиды.Төрт мәзхаб ғалымдары да сахабаларға ілесіп, тарауих намазын жиырма ракағат етіп оқуға келіскен. Алайда әркімнің он сегіз немесе он екі немесе сегіз ракағат етіп оқуға хақы бар. Ол адам ӘРБІР РАКАҒАТЫ ҮШІН САУАП АЛАДЫ.
Тарауих намазы жамағатпен мешітте дауыстап, екі-екі ракағаттан етіп, яғни әр екі ракағаттан кейін сәлем беріп, әр төрт ракағаттан кейін біраз дем алып оқылады. 《Тарауих 》сөзі араб тілінде (راحة) яғни 《дем алу 》түбірінен шыққан. Сол себепті де бұл намаз , (арасында дем алатын намаз) деп аталған.
Тарауих намазын жеке-жеке оқуға да болады, бірақ жамағатпен оқыған абзал. Ол намазды үйінде отбасымен әйеліне және балаларына имам болып оқыған да жақсы.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тарауих🥺


Болды бауырлар осыларды қайталап алыңдар қалғанын кейін саламын ато уведемление келіп адамлардың мазасын алып жатырмын шығып жатр каналдан 😌👋🏼




«97-«Қадыр»» сүресі

ОҚЫЛУЫ:
«Иннәәә әңзәлнәәһу фии ләйләтиль қадір.
Уә мәәә әдіраакә мәә ләйләтуль қадір.
Ләйләтуль қадіри хайрум мин әлфи шәһр.
Тәнәззәлуль мәләәәә’икәту уар-рууху фииһәә
би’изни Роббиһимм миңң кулли әмір.
Сәләәмун һиә хәттәә мәтоләъиль фәжір».

МАҒЫНАСЫ:
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
{1} «Негізінен, Құранды Қадыр түнінде түсірдік»;
{2} «[Мұхаммед!] Қадыр түнінің не екенін білесің бе?»;
{3} «Қадыр түні мың айдан қайырлы»;
{4} «Періштелер және Жебірейіл [Аллаһтың сәлемі болсын!] ол кеште
Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі»;
{5} «Ол бейбітшілік кеші таң рауандағанға дейін жалғасады»


Құранға түсетін жандар болса тоже жоғары жақта толық нұсқасы бар видиомен түсіндереді каналдың бас жағында 👋🏼


Араб тілі.

Бұл тілді үйрену арқылы адам баласы пайғамбарымыз (с.а.у) оның сахабалары сөйлеген тілмен сөйлейді, оның сүннетіне амал жасап, ғибратты өсиеттерінен сусындайды. Жәннат тұрғындарының да сөйлейтін тілі араб тілі.


Бұл сүрелер кирилша жазылған (қазақша) уақыты келе арабшасын жаттау керек үйреніп.


Аудионы қосып тыңдаңыздар жаттауға оңай болады 👌🏻




Нас сүресі

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Қул ә’узу бирраббин-нәәс, мәликин-нәәс, иләәһин-нәәс, мин шәррил-уәсуәәсил-ханнәс, әлләзи иуасуису фи судуурин-нәәс, минәл-жиннәти уәннәәс».
Мағынасы:
1. Адамдардың Раббысына,
2. Адамдардың жалғыз Иесіне,
3. Адамдардың Құдайына сиынамын.
4. Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.
5. Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады.
6. Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.




113-сүре.
Фалақ сүресі.
1. Қул əъуузу бираббил-фəлəқ
2. Миң шəрри маа халақ
3. Уə миң шəрри ғаасиқин иза уəқаб
4. Уə миң шəррин-нəффəəсəəти фил-ъуқад
5. Уə миң шəрри хаасидин изə хасад

113-ФАЛАҚ СҮРЕСІ
Меккеде түскен бес аят.
(Риуаят бойынша яһудилер Мұхаммед с.а.с-ға түйіншекке дес салып, қастандық жасамақшы болған.)

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед с.а.с): 《Таңның Раббысына сиынамын》, (1)
《Жаратқан нəрселерінің кесірінен》,(2)
《Қараңғылық басқан сəтте түннің кесірінен》,(3)
《Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен》,(4)
《Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сəтте (сиынамын)》де.(5)


Енді намаз бастаған және бастайын деп жатқан жандарға аятүл күрси дұғасы.

«Әр парыз намазынан кейін Аятул күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ»

📕 Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани

Аятул күрсі дұғасы



ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْحَىُّ ٱلْقَيُّومُ ۚ لَا تَأْخُذُهُۥ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ ۚ لَّهُۥ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۗ مَن ذَا ٱلَّذِى يَشْفَعُ عِندَهُۥٓ إِلَّا بِإِذْنِهِۦ ۚ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ ۖ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَىْءٍ مِّنْ عِلْمِهِۦٓ إِلَّا بِمَا شَآءَ ۚ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ ۖ وَلَا يَـُٔودُهُۥ حِفْظُهُمَا ۚ وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ ٱلْعَظِيمُ

Оқылуы: аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум
лә тә'хуз‌уһу синәтуу уәлә нәум ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд
мән з‌әл ләз‌ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз‌ниһ
йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум
уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә
уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда  уәлә йәуудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим.

Мағынасы: Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы). Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та,) ұйқы да баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Оның Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін бұйым емес, Ол – Али (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы, бәрінен зор).

Бұл дұға, құрандағы Бақара сүресі 255-аят!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.