Аллаһ тағала «әл-Фәттах» /ашушы/. Кейбір пенделер қиындыққа түсіп, шығар жол таба алмай қиналғанында жолын ашып, ойламаған жерден шығар жол тауып береді. Біреулер кедейлікке ұшырап, бала-шағасына жеткізе алмай, байлыққа жол іздегенінде алды қараңғы, ешбір амалын таба алмай отырғанында себебін беріп, байлыққа қарай жолын ашып береді, себебі Аллаһ әр нәрсеге құдіретті.
Кейбір жандар ұлы Раббымыздың осы бір есімін есте ұстамауы себепті қинала қалса тәуіпке барып, құмалақ салып, жолын аштырып жататыны бар. Ал енді біреулері үш аяқты бақалар мен қарны қампиған пұттарға сеніп, «фэн-шуйға» сеніп, Аллаһтың сөзінен «буддизм» дінінің бір тармағы болған осы бір сиқырды артық қояды. Осылайша өзінің «ап-айқын пұтқа табынып тұрғанын сезбейді де»!!! Шын мәнінде күрмелген жолды ашушы, көкіректі ашып, иман ұялатушы, кеудені ашып, дұрыс ілім қондырушы, байлықтың есігін ашып, ақша беруші тек Аллаһ қана! Аллаһтан сұрасаң, одан өзгенің керегі де болмайды!
Көктер мен жердің құпиялары, нығметтері, ризықтары тек Аллаһтың қолында. Қайбір құлына жақсылық қақпасын ашып қойса, оған кедергі болар ешкім жоқ, ал енді жауып қойса, одан өзге ашып алар ешкім де болмайды. Қайбір құлына ілім беріп, құпия есігін ашатын болса, бұл тек Аллаһтың рұқсатымен. Ал енді қайбір затты құпия етсе, оны ақылмен де, техникамен де, басқа да құралдар күшімен білу мүмкін емес. Көктен жаңбыр жаудырып қойса, оны тоқтата алар ешкім жоқ, ал енді бір тамшы су бермей қойса, оны да ешкім тамыза алмайды!