Tengri.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


🎄Жаңа жылдық демалыс туралы маңызды жаңалық.

Еңбек министрлігі демалыс күнін ауыстырды: жұма, 3 қаңтар, демаламыз. Ал жексенбі, 5 қаңтар күні жұмыс істейміз.

Қалай болады:

- 4 демалыс қатарынан: сәрсенбі (1 қаңтар), бейсенбі (2 қаңтар), жұма (3 қаңтар), сенбі (4 қаңтар)

- бұдан әрі 2 жұмыс күні: жексенбі (5 қаңтар), дүйсенбі (6 қаңтар)

- тағы бір демалыс күні: сейсенбі (7 қаңтар)

- әрі қарай әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейміз.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Доллар 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе - Ұлттық банк Төрағасы жауап берді.

Виталий Тутушкиннің сөзінше, доллардың өсуіне оның әлемдік нарықтарда нығаюы әсер етіп отыр.

“Жалпы, 500 - жай ғана сан, оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500, ертең 600, курс шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай қалыптасады” деді Тутушкин.


Бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494-499 теңге аралығында сатылып жатыр.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Алматыда ер адам автобус бақылаушысын пышақтап кеткен.

Пышақпен шабуыл жасаған 38 жастағы ер адамды ұсталды.

Бақылаушы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан ер адамдар арасында жанжал шыққан.

"Жедел жәрдем" бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару - асхана пышағы тәркіленді.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Базардан, әрине, бәрін табуға болады. Бірақ арыстанды көремін деген ой болды ма?

Мұны Шымкент базарының маңынан арыстанның күшігін сатпақ болған оқиғаға байланысты айтып отырмыз.

Полиция арыстанның күшігін Түркістан облысының тұрғынына тиесілі көліктің жүксалғышынан тапқан.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарды заңсыз ұстауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

t.me/tengri_kz


Министр мобильді интернетті үнемдеуге шақырды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білдірді.

"Сіздердің талап етулеріңіз дұрыс. Біз де үкімет ретінде талаптарды күшейтіп жатырмыз. Қазір біз секундтағы мегабит саны бойынша минималды деңгейді көтеріп жатырмыз. 5G-ге қойылатын талапты 50 мегабитке дейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз, әрі қарай да жалғастырамыз деп ойлаймын. Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін", - деді Мәдиев. 


Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты. 

t.me/tengri_kz


Ақтауда қызды аяусыз ұрған күдікті қамауға алынды.

Прокуратураның нұсқауы бойынша күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қызды аяусыз ұрған видео тараған болатын. 

t.me/tengri_kz


Трендтегі “Шайн мускат“ жүзімін қорықпай жей берсеңіздер болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзім үлгілеріне зертханалық сараптаманы аяқтады.

Министрлік "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді.

t.me/tengri_kz


Дабыл жүйесінің даусын естідіңіздер ме?
So‘rovnoma
  •   Иә
  •   Жоқ
  •   Қандай дабыл?
154 ta ovoz


Талғардағы изолятордан қашу оқиғасы естеріңізде ме?

Осы іс бойынша Талғар УҰИ бастығы мен жауапты қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Сонымен 12 қызметкерге қатаң тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Сондай-ақ 21 қазанда қашу дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 426-бабы ("Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзеттен қашу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

t.me/tengri_kz


Ал кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты.

Салтанатты қабылдауда әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

t.me/tengri_kz




Ал сіз ағылшын тілін меңгергенсіз бе?
So‘rovnoma
  •   Иә, жетік меңгергенмін
  •   Жоқ, сөйлей алмаймын
  •   Үйреніп жүрмін
  •   Маған ол не үшін керек?
  •   Жауабын білгім келеді
128 ta ovoz


Ағылшын тілін білу рейтингі: Қазақстан қай орында?

Қазақстан 116 елдің ішінде 103-ші орында тұр, бұл ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Ал ағылшын тілінде сөйлемейтін елдер арасында Нидерланды ағылшын тілін жетік меңгерген ел болды.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz


📢 Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады.

Егер 21 қараша күні сағат 11:00-де дабыл жүйесі іске қосылса, қорықпаңыз. Себебі Қазақстанда 21-22 қараша аралығында "Қыс-2024" республикалық оқу-жаттығуы өтеді. Республикалық штаб Көкшетау қаласында орналасқан.

Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.

t.me/tengri_kz


⚡️Біздің Президентті ресми қарсы алу рәсімі өтті

Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Абай болмасаңыздар осылай оңай түрде телефондарыңызды ұрлап кетуі мүмкін.

Әлеуметтік желіде қалта ұрлығының видеосы жарияланды. Кадрларда қыздың дүкенге кіргені, ал артынан келе жатқан ер адамның оның курткасының қалтасынан смартфонды байқатпай алып шыққаны көрінеді.

Бұл іс бойынша 31 жастағы тараздық екі азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұрланған смартфонды қаскөйлер бірден ломбардқа өткізген. Бұл факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

t.me/tengri_kz


Алматыда "Киберпол" қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді.

Тінту кезінде слоты бар SIM-қорап жабдығы, ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды.

Бұл жабдықты интернет-алаяқтар әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады.

Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын "жұмысты" интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. 26 жастағы азамат ұсталды.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Түркістан облысында білім бөліміндегілер 3,7 млрд теңге жымқырған.

12 қатысушыдан тұратын ұйымдасқан топ білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді. Топтың ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері бар.

Жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді.

t.me/tengri_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Астаналықтар мен алматылықтар, енді сіздерді ЖИ бар суперкамералар бақылап отыратын болады.

Олар іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді.

“Мұндай жүйелер Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде белсенді қолданылады. Қазақстан үздік тәжірибелерді игеріп, осы әлемдік үрдістің бір бөлігіне айналуда", - дейді құқық қорғау органдары.


Ноу-хаудың атауы - Ұлттық бейнемониторинг жүйесі. Жақында еліміздің басқа қалаларында да пайда болады.

t.me/tengri_kz


Үкімет уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттеуге 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсамақшы.

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда  160 миллион теңгеге өтінім түскен, бірақ қаражат 90-100 миллион теңге көлеміне дейін қысқаруы мүмкін.

Оның айтуынша, жуырда ғана Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өткен, енді жақында конкурс жарияланады. Осыдан кейін Ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайды.

Министрдің сөзінше, үкімет Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін сақтап қалу туралы шешім қабылдағанына қарамастан, бұл зерттеуге жұмсалатын қаражат босқа кетпейді: "Қоғамдық сұраныс болды, сондықтан біз жауап беруге мәжбүрміз. Денсаулық сақтау министрлігі толық қолдау білдірді, ал біз грант бөлетін ұйым ретінде бұл жобаны қолдадық", - деді Саясат Нұрбек.

t.me/tengri_kz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.