Теңіз түсті махаббатым🌊


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Бұл каналда болашақ кітабымның үзінділерімен бөлісемін✨
Инстаграмда @baqytty_jamal

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Қатты қар жауған күнді жақсы көремін. Маған сол қардың астымен тыныштықпен жүріп, кішкентай ақ жұлдызшаларды кірпігіммен ұстаған ұнайды.

Қатты қар жауғанда, бәрі әп-сәтте аппаққа айналады: киімдер, үйлер, ағаштар, көшелер. Және осы сәтте әлемде еш жамандық, әділетсіздік, өтірік болмағандай көрінеді.

Тыныштық сондай, тіпті жүрегіңнің соғысын естуге болады. Қатты қар жауғанда, жылап алуға да болады. Қалың қар ұшқындарының артынан ештеңе көрінбейді. Ал жүзің жай ғана ақ даққа ұқсайды – онда ешбір сызықты ажыратып болмайды. Ал көз жасы мұз болып қатып, мұңды бірге тоқтатады.

“Теңіз түсті махаббатым”


Уақыттан асқан ұры жоқ


Егер мен сенімен сөйлесер болсам…


Саған қалай қатты шаршағанымды айтар ем!

Қалай кешке ауыр күннен кейін аяғымнан әрең тұратынымды. Қалай демалғым келетінін, жай ғана көшеде жүріп, бетіме нәзік ұшқан қар түйіршіктеріне тосқым келетінін. Қалай жақсы адамдармен сөйлескеннен де, өзіме мүлде бөтен адамдармен әңгімелесуден де өлердей шаршайтынымды. Тағы да адамдардың екіжүзділігіне тап болғанда өзімді қаншалықты кішкентай әрі дәрменсіз сезінетінімді айтып берер едім. Кей кештерде өзімді көз жасына ерік берер әлсіз жаратылыс екенімді мойындайтынымды…

Ал сен мені міндетті түрде жұбатуға тырысар едің. Тек сен ғана солай істей аласың! Сен маған бәрі уақытша екенін, барлығының да қиын күндері болатынын айтатын едің. Қиындықтар өтетінін, ал алда міндетті түрде жақсылық күтіп тұрғанына сендірер едің. Маған өз-өзімді қайта-қайта қазбаламай, аздап босаңсуға рұқсат ету керегін айтар едің. Мені күлдірер едің. Қыс екенін, күннің суық екенін, ал менің тез суық тиіп қалатынымды айтып, қалың киінуге кеңес берер едің. Маған жақсы кітап оқуды, таза ауада көбірек болуды және сүйікті шайымызды ішуді ұсынар едің. Ал ең бастысы, мені құшақтауды бар әлемнен артық қалайтыныңды айтатын едің…

Әрине біз сөйлесетін болсақ…


“Теңіз түсті махаббатым”


Егер проблемадан эмоцияларды алып тастасақ ол жәй ғана проблема болып қалады.


Өзіңді сақта…
Әлемің құлап, быт-шыт болғанда, тағдырыңның құлаған қирандыларының арасынан шығарып алуға біреу көмек қолын созады деп күтпе. Саған өзіңнен басқа ешкім қолдау көрсетіп, сені аяққа тұрғызбайды. Қанаттарыңдағы шаңды ешкім сілкіп алмайды.

Өзіңді сақта…
Саған ешкім күлкі сыйламайды, егер сен өзің күлуді қайта үйренбесең. Жасыңнан ұялма, бірақ көз жасыңды құрғатуға тек уақыт қана көмектесетінін ұмытпа. Өзің сыйлаған сезімдерге өкінбе, тіпті махаббатыңды біреулер таптап кетсе де. Махаббат сенің жүрегіңде, олардың емес. Сен махаббатыңды қаншалықты көп берсең, жүрегіңде соғұрлым көп болады.

Өзіңді сақта…
Жаныңның энергиясын бекер өкініштерге жұмсама, өйткені бұл жаныңды қажытады. Ал ол ешкімге қажеті жоқ. Мейірімділігіңді пайдаланатындарға «жоқ» деп айтуды үйрен. Ал күшің таусылып бара жатқанын сезсең, бәрінен шығып, күш жинау үшін үзіліс жасауды біл.

Өзіңді сақта…
Себебі сен өзіңде бар жалғыз жансың. Өмірде аман қалу үшін өзіңді бүтін күйде сақтау қажет. Өзіңді жақсы көр, өйткені бұл әлемде саған шынайы махаббат сыйлайтын адамдар аз, бірақ бұл сенің оған лайық емес екеніңді білдірмейді.

Өзіңді сақта, жан құрбым.
Егер сен өзіңді сақтамасаң, сені ешкім қорғай алмайды.


“Теңіз түсті махаббатым”


“Өзіне періште қыз қалайтын ер азаматтар періштелер тозақ
өмір сүрмейтінін білсе екен.


Мен де жүрегіме терең сіңіп қалған мұңнан қашып кеткім келеді. Мен күлемін, әзілдеймін, әрдайым позитивте жүремін, бірақ ішімде не болып жатқанын ешкім білмейді. Неғұрлым ауыр болса, соғұрлым аз жылаймын да, көбірек билеймін. Кейде бәрі соншалықты ауырлап кетеді. Тек кез келген қолжетімді билетті алып, бұрын-соңды болмаған жерге ұшып кеткің келеді. Жаңа жерге келгенде, өзің де сәл жаңа адамға айналғандай боласың. Жаңа әсерлер ойыңды толтырып, мұңды ойларға орын қалмайды. Бірақ ең өкініштісі – жүрегіңді үйде тастап кету мүмкін емес. Ол тіпті шексіз бақытқа толы күндеріңде де сағынып, сенімен бірге қиналып жүреді…

«Теңіз түсті махаббатым»


Бұл біртүрлі естілуі мүмкін… Бірақ шындығы - біз жүрегімізге ең қымбат нәрселерден ұяламыз. Санамыздың ең түкпір, шаң басқан бұрышына ең қажетті армандарымызды тығып қоямыз. Жүрек қалағанның бәрін кейінге қалдырамыз. Ал сол «кейін» бізбен ешқашан орын алмайды. Біз өз жанымыздың қалауымен емес, біреудің өлшемімен бақытты болуды таңдайтын секілдіміз. Бұл қорқынышты бізге кім ұялатты? Әрине, ол – Құдай емес. Құдай бізді қуанышты, көз жасымыз төгілмеген, мұңаймаған күйде көргенді ұнатады! Біз жарқырап, бақыттан жүрегіміз жарылғанда ол қуанбайды деймісің. Бұл өмірдегі ең үлкен міндетіміз - құдайдың берген сыйларына шүкірлікпен бақытты өмір сүру еді ғой.

“Теңіз түсті махаббатым”


…Сен жаныңның әрбір бөлшегін сүйетін адамға лайықсың. Сен туралы үнемі ойлап, әр сәтте: қазір не істеп жатыр екен, қайда жүр екен, кіммен бірге және бәрі жақсы ма екен деп уайымдайтын адамға лайықсың. Саған армандарыңды жүзеге асыруға көмектесіп, қорқыныштарыңнан қорғайтын адам қажет. Сені құрметтейтін, тұтас қабылдап, әсіресе, кемшіліктеріңді сүйетін адам. Саған шынайы бақыт сыйлай алатын, сондай бақыттан жер баспай, ауада қалықтап жүргендей күй кешкізетін адам керек…

“Теңіз түсті махаббат”


Уақыт өте келе, саған бір кезде сенген адамдардың қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Қиын сәтте жылы сөз айтқан, бастамаларыңды қолдаған, ісімен көмектескен немесе жай ғана жанында болған адамдардың ең қадірлі, маңызды адамдар екенін түсінесің. Саған жығылған кезде аяқтан шалмай, керісінше қолын созып, “Сенің қолыңнан келеді, сағыңды сындырма!” дегендер – нағыз асыл жандар. Сол сөздермен сен орныңнан тұрып, барлығы мүмкін емес көрінгенде жүре алдың, сосын тіпті ұша бастадың. Мұндай адамдар – жай ғана адамдар емес, Алладан келген демеушілер дер едім.

“Теңіз түсті махаббат”


Кішігірім жарнама

Алматы қаласынан студенттер болса жазыңыздар)


Мүмкін, өмірдің ең қатал әзілі — жүрегіңе қатты байланған адамды жолықтырып, онымен бірге болу мүмкін еместігін білу шығар.

Мүмкін, тағдырдың ең ащы мазағы — бір-біріне жазылмаған жандарды кездестіріп, олардың солайша бір-бірінің ойларында қалып қалуын бақылау шығар.

Мүмкін олардың осы тұзақтан шығуға тырысуын көріп, сатқындық болса да махаббатқа деген сенімді жоғалтпай қалу — ең ауыр нәрсе шығар.

“Теңіз түсті махаббат”


Мен бүгін қыздарға жазбаларыма қарама қарсы нәрсе жазғым келіп отыр.

Бұл жердегі жазбалар жаралы жүрекке, сол жүректің емін таба алмай жүргендерге арналатынын білемін. Жаныңды немен емдеріңді білмей жүргенде дәл сендей ойлайтын адамның ойыңа дөп түскен кезде миыңның травмалары бір рахаттанып, тағы да мұңға жайыла түсетіні бар.

Бірақ, мен жауапсыз не сәтсіз махаббаттың шырмауынан өзін жоғалтып алатын қыздар есін жиса деймін. Кейде біз ойлайтын махаббат сезімі негізінде махаббат болмауы мүмкін. Ол сезімдер жай ғана тәуелділік болып құрдымға жіберуі мүмкін. Есірткі, құмар ойын, темекі, арақ сияқты тәуелділік адамды қалай құрдымға кетіреді. Солай махаббат та сені құрдымға кетіреді.

Өкінішке орай, жігіттерге қарағанда қыздар сезімге әлсіз келеміз. Құлақпен алданамыз. Іші-бауырымызға кірсе сол адамға барымызды саламыз. Осы кезде ес жоғалтпау керек қыздар! Мұны көп жігіт басқа қырынан пайдаланады. Дәл сенің сол қайғырған менің каналымдағыдай жазбаларды сториске бөліскеніңнен рахат, ләззат алады. Қарым-қатынас туралы кітап жазамын деп ол туралы көп оқығаным да бар.

Кейде бастарыңды жоғалта бермей, оқыңдар, ізденіңдер, саяхаттаңдар, тұрыңдар, еңселеріңді көтеріңдер дегім келеді.

Айтарым көп. Екінші бөлім күтіңіздер!


Осы каналдағы оқырмандарымды өмірде көргенде сағындырмай шығарып тұрыңызшы деген еді. Бұл каналда аз ғана оқырман болса да үлкен бір ықылас бар. Осы жауапкершілікті сезініп, шаң басқан жазбаларды шығарып отырмын. Бағалап отырсаңыздар, қуанып қаламын)


Махаббат — бұл сенің қайғың менің де қайғым болуы. Сенің қалай жүргеніңді білмей, бір күн де өмір сүре алмау. Махаббат — ойлар мен жүректердің үндестігі. Сезімдердің, тілектердің толық сәйкестігі. Көзге көрінетін айырмашылыққа қарамастан ішкі ұқсастық. Махаббат — сенің айтылмаған әрбір сөзіңді есту, тіпті тым алыста болсаң да жанында болуың. Махаббат — миллиардтаған адамдар ішінен тек оның ғана жүрегі менің жан дүниеме кілті бар сияқты ерекше құбылыс. Махаббат — барлығы екіге бөлінеді, қуаныш та, қайғы да. Сен мен үшін өзімнен де қатты уайымдағанда, ал мен сенің өміріңде болып жатқан әрбір нәрсеге алаңдағанда. Махаббат — бұл саған бәрібір болмауы. Бұл менің жүрегім сен үшін дұға етіп, ал сенің жүрегің мені қорғаған кез.


“Теңіз түсті махаббат”

Жамал Жақсытай 2024


“Мен біреуге байланып, өзімді жоғалтып аламын ба? - деп қорықтым. Солай болды да…


Сен нағыз махаббатты адам жаныңнан кеткенде жүрегің тілініп, кеудең тыныштық таппайтын уақытта сезінесің. Оны қолыңмен, ерніңмен ғана емес, жүрегіңмен де сезінгің келеді. Оның жанында болғанда ғана шынайы тыныштық табасың. Кеудесіне басыңды қойып, сырттағы әлемнің у-шуына қарамастан, еркін тыныстап, терең ұйқыға бата аласың.

Нағыз махаббат қандай деп сұрайтындарды түсінбеймін. Оны танып алу оңай, оны басқа еш нәрсемен шатастыра алмайсың. Бұл — ен даладағы суық орманда адасып жүріп, өзіңнің үй ошағыңа қайтып келгенмен бірдей.

“Теңіз түсті махаббат”

Жамал Жақсытай


Жүрегің жетектеген жақтан ешқашан тайма. Өмірдің ең шынайы жолы сол жақта…


Күз ол - жылулыққа құмарлық. Дәл осы мезгілде ең әдемі көрпе сатып алып оны кофемен байланыстырғың келеді. Иісі ең әдемі майшам алып, нәзік құмыраға салынған гүлмен табыстырғың келеді. Оған қоса ол гүл - сен күткен адамнан болу қажет. Дәл осы мезгілде терезеге тамшылаған жаңбырға қарау - басқаша сезім береді. Дәл осы мезгілде сүйгеніңмен өткізетін романтикалық кештерді аңсайсың. Дәл осы мезгілде махаббатқа ерекше ашықсың (зәрусің) . Келісесің бе?


«Теңіз түсті махаббатым»
© Жамал Жақсытай, 2021


- Мүлде кездеспегеніміз дұрыс еді
- Онда өмірде махаббат барын мүлде білмей өтер едік

«Теңіз түсті махаббатым»

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.