⚡️Қандай жағдайда Асу Алмабаев титулға таласа алады?⚡️
💥MMAMania.com сайты қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың 1 наурызда Лас-Вегаста австралиялық Стив Эрцегті жеңсе, ең жеңіл салмақта титулдық жекпе-жекке үміткер бола алатынын айтады.
✨"Эрцег (12-3) UFC-де мансабын үш жеңіспен бастаса да, кейін екі рет қатарынан жеңіліп, соңғы жекпе-жегінде алғаш рет нокаутпен ұтылды.
UFC 305 турнирінде Кай Кара-Франс оны бірінші раундта жеңіп кетті. UFC 301-де Алешандре Пантожемен титул үшін кездесіп, бірақ төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді.
🇰🇿Алмабаев (21-2) UFC-де мінсіз көрсеткішпен (4-0) өнер көрсетіп, 17 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын жасады. Хосе Джонсонды, Си Джеи Вергаруды және жақында Матеус Николауды жеңген 30 жастағы спортшы, қазіргі уақытта ең жеңіл салмақта сегізінші орында тұр және 2024 жылды 3-0 есебімен аяқтады. Титулдық үміткерді жеңу Алмабаевқа титулға жақындауға мүмкіндік береді, өйткені бұл салмақта лайықты қарсыластар жетіспейді", — деп жазылған мақалада.