💡📆📆📆📆📆18 қараша
🔍1991 жылдың 18 қарашасында қандастарды Қазақстанға көшіру басталды. Бұл күні Қазақ КСР Министрлер кабинеті шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанға көшіру туралы қаулы қабылдады. Құжат қандас бауырларымыздың туған жеріне оралуының тарихи нүктесі болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап 1,1 миллионнан астам қазақ тарихи отанына қоныс аударған.
💊18 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы басталады. Көптеген адам вирустарды басу үшін антибиотиктерді өз бетінше қабылдап жатады. Бұл келеңсіз жайттарға алып келеді. Мәселен, дәрі-дәрмекке деген сезімталдық төмендеп, дисбактериоз бен басқа да жанама әсерлердің пайда болуына әсер етеді. Ал ал ең нашар жағдайда адам тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бұл апталық тұрғындарға антибиотиктерді дұрыс тағайындауды және қолданудың маңызын еске салуға арналған.
🏰Бүгін әлемдегі ең танымал кейіпкерлердің бірі Микки Маус 96 жасын атап өтеді. 1928 жылы 18 қарашада осы кішкентай тышқан бейнеленген "Пароход Вилли" толық метражды мультфильмі жарыққа шықты. Уақыт өте келе ол Дисней студиясының символына және американдық поп-мәдениеттің көрнекті кейіпкеріне айналды. 20 жыл бойы Уолт Дисней Микки Маустың дауысын өзі дыбыстаған.
Сіздің сүйікті мультфильм кейіпкеріңіз кім?
❄️Бүгін — танымал кейіпкер Аяз Атаның туған күні. Ресей жеріндегі Ұлы Устюг ресми түрде оның Отаны деп танылды. Сондықтан олар мереке алдында ерекше дайындық жасайды. Бұл күні Аяз Атаға жазылған құттықтау хаттарды табыстауға болатын арнайы пошта жәшіктері қойылады. Аяз атаның нақты нешеде екені белгісіз. Бірақ ол шамамаен 2000 жастан асқан болуы мүмкін. Сонымен қатар ол әр уақытта түрлі образдарға ие болып, есімі де өзгеріп отырғаны анық.
Сіз жаңа жылға дайындықты бастадыңыз ба?
#күнтізбе #18қараша #жаңажыл