⚜️Жезқазғанда «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Құны 8,5 млрд теңгені құраған жоба «Қазақмыскорпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысы әкімдігінің меморандумы аясында Bank RBK қолдауымен жүзеге асты.
Спорт кешені үш қабаттан тұрады. Мұнда балаларға, ересектерге, әуесқой және кәсіби спортшыларға сапалы қызмет көрсетіледі.
Спорт кешені заманауи құрал-жабдықтармен, жаттығу залдарымен, жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған.
Ұзындығы 25 метрді құрайтын Жезқазғандағы алғашқы бассейн жүзу өнерін меңгере бастаған балалар мен ересектер үшін өте қолайлы.
Спорт кешенінде командалық спорт түрлері үшін электронды табломен, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықпен және 320 көрерменге арналған трибунамен жабдықталған, ауданы 1200 шаршы метрлік әмбебап спортзал бар.
Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын көркем және спорттық гимнастика залына гимнастикалық снарядтарорнатылып, матрастар төселген.
Кешеннің екінші қабатында үстел теннисі мен бокс залы орналасқан.
👉🏻
Бізге жазыл | zakon.kz