Postlar filtri






💬 Кітаптың шымылдырығында автор ретінде осындай жазба қалдырғанмын:

«Өткенге салауат, болашаққа аманат»– Бекмат атамның басты ұраны. Атам екеуіміз кітапты болашақ ұрпақ үшін жазып, әулет мұрасы ретінде қалдырып отырмыз. Әр әулеттен ақ қағаз бетіне қара сиямен түскен кішігірім тарих пен із қалуы тиіс деп есептеймін. Бұл еңбекті жалғастыру болашақтың еншісінде».

💬 Кітаптың алғы сөзінде жазушы, алаштанушы-ғалым, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елдос Тоқтарбай @yeldos_alash ағам былай деді:

«Әр ұрпақ өз ата тегін, бәйтерек шежіресін біліп өскені керек. Кешегі солақай саясаттың кесірінен талай абыз ишандарымыз, данагөй ақсақал, қарияларымыз зорлықтың құрбаны болып кете барды. Олармен бірге халық ауыз әдебиетінің небір шежірелі тарихы, ұлы дала мектебінің рухани бай мәдениеті кетті. Өкінішті-ақ!

Сайын далада еркін жүріп білім қуған, санаулы ғұмырын бала оқытуға жұмсаған жақсының аты өлмейді. Тағылымды тағдыр жолы үрім-бұтағына, бізге де өнеге. Әр әулет ата тегін түгендеп, асылдардың атын шығара берсе, жаман болмаспыз. Қадырқұл ишанның есімі қайта жаңғырды, ұрпағымен табысты. Ендігі міндет жоғын түгендеп, насихаттап, дәріптеу. Ұрпақ еншісіндегі ақ аманатты адал орындауға жазсын!»

#қадырқұл_ишан


КЕЗЕКТІ ТАРИХИ КІТАБЫМЫЗДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

⚜️ Атамыз Әбдірахман Маханбетұлының 90 жылдық мерейтойында «Қадырқұл ишан Оразмағанбетұлы. Бәрі де бір Алланың ісі…» кітабының тұсауы кесілді. Мерейтойда сөз алып кітапты жұртшылыққа таныстырып, ишан өмірі жайлы зерттеу нәтижелерімен бөлістім. Кітап тұсауын ишанның немерелері Әбдірахман Маханбетұлы мен Бекмат Маханбетұлы кесті.

✅ Кітап 5 бөлімнен тұрады. Кітапқа Қадырқұл ишанның өмірі жайлы зерттеулер, тың деректер, абыз-ақсақалдардың әңгімелері мен ыстық естеліктері жазылған.

🙌🏻 Осыдан 2 жыл бұрын атамның ақ батасын алып, аманатын арқалап бабамыз жайлы кітап жазуға жолға шыққан едім. Сол сапарымның бір бөлігі сәтті тәмәмдалып отыр. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзінің кімнен тарағанын, ата-балалары мен әулеті қандай болғанын біліп өсуі керек. Сонда ғана бала тектілікті сезініп, ту көтереді.


✍🏻 Жас зерттеушілермен бірге «Бозоқ қалашығы» әдістемелік материалын құрастырып шықтық.

📝 Бозоқ қалашығы – Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларының бірі. Бұл қалашықтың тарихы, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, діни және мәдени өмірі туралы толық мағлұматтар жинақтау арқылы біз еліміздің ортағасырлық кезеңінің ерекшеліктерін тереңірек түсінеміз. Әдістемелік материалда берілген мәліметтер оқушыларға, студенттерге және тарихқа қызығушылық танытқан барша қауымға арналған.

🙌🏻 Сіздің де бір керекке жарап қалар…

#бозоққалашығы






Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мағжан Жұмабай


1893 – 1938

🇰🇿 Бүгін Мағжан Жұмабайдың туғанына 131 жыл

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!

#мағжанжұмабай


📎📹

«Жақаң жолымен…» ютуб арнасына тіркеле отырыңыздар. Болашақта түсіретін көптеген өнімдерімді сонда жүктеп отырамын.

Ютуб арнаға өту ⤵️

https://www.youtube.com/channel/UCfQhqc41KldR9PSrHgpkc0Q


📎📝

«Бұл қандай жоба?» «Не жасайсындар сонда?» – деп сұрайтын жандар үшін. Карусельді жылжытып @zhaqan_zholymen жобасы туралы толық ақпаратпен таныс болыңыз.

#жақаңжолымен


📸 Баба басынан…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿

🙌🏻 Қарағандыға табан тигенде барамын деп жүргенде сәті бұйырып үлгерді. Бүгін Алашорда Үкіметі Төрағасының орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері, тұңғыш математика профессоры Әлімхан Ермек тұрған үйді көріп, алаш ардақтысы жатқан мәңгілік мекенге барып құран бағыштадым.

🎥 Бүгінгі барған орындарым туралы шағын влог түсіргенмін. Көріп шығыңыз…

@zhaqan_zholymen

#жақаңжолымен #әлімханермек


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
💬

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз…

Ахмет Байтұрсынұлы

#жақаңжолымен #ахметбайтұрсынұлы


25.05.24

Бүгін асқар тау атамның туған күні ❤️

Атам маған Бекмат деген текті сыйлаған, өмірдің ақ-қарасын үйретіп көшке қосқан. Маған берген тәлім-тәрбиесі мен айтқан ақыл өсиеті жүрегімде сақталған. 🙌

Әжем екеуіңізге Алла ұзақ ғұмырды нәсіп етсін! 🤲🏻

15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

168

obunachilar
Kanal statistikasi