«Жазарман»


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.
-----------------------
Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Жәннаттағы үйлер зікір арқылы құрылады. Егер кімде-кім зікірді тоқтатса, періштелер оның үйін құруды тоқтатады.

©Ибн Қаюм (Хақ тағала одан разы болсын)


Кейде жақсы танимын деп ойлаған адамдарымызды, негізі түк танымаған боламыз. Оларға ең көп қажеттілігіміз түскенде, басқа жүздерін көреміз. Ең көп олардың жанына баруды қалағанымызда, аяғымыз тасқа сүрінеді.

Бізді ең көп олар түсінгенін қалаймыз, бірақ бірінші болып дәл солар бізді түсінбейді. Жүрегің ауырады, көңілің қалады, рухың езіледі, тіліңнен бір ауыз сөз шықпай қалады.

Бір қарағанда бұл жағдай бізге жаман көрінсе де, әр кімнің, әр жағдайдың иесі болған жаратушымыздың есіктерін табу үшін болып жатқан болады.

Ондай жағдайлар - бізді Алладан басқа ешкім түсіне алмайтынын, есімізге салып тұрады. Жарамызды өзінің ұлы есімдерімен емдейтін жалғыз ол екенін жүрегіміздің, рухымыздың есіне салады. Ол Алла сондай мейірімді, біздің істерімізді біздің хабарымыз жоқ заттармен тәртіпке келтіреді...


Күнәң қаншалықты көп болса да үмітсіздікке түспе. Қателерің таудан да үлкен болса да үмітсіз болма. Өйткені Алла тәубені күнәһарларға парыз қылды. Пайғамбарларды адасқандарға жіберді. Мағфиратты жолдан тайғандарға нәсіп етті.

Өзін Ғаффар, Рахман, Рахим, Кәрим деп атағаны, сен қателескенде кешіруі үшін.

Др. Мұстафа Махмуд


Израиль мемлекеті һәм оның күш-құдыретіне шектен тыс алданатын болмаңдар. Әскери саяси оқиғаларды бүгініне қарап емес, өткеніне және болашағына да назар аудару керек. Кеше Израильдың талабы не еді да, бүгін нені өтініш етіп шықты, қараңдар. Ә деп, конспирологияға беріліп, үмітсізденбеңдер.

Егер барлық нәрсе Израиль жоспарындай болғанда, бүгінгі халге түспес еді. Олар қашан соғыс отын жақса ұлық зат оны өшірер. Бұл ақиқат.

Соғыс әлі бітпеді. Әлі бұданда үлкен фитналар болады. Бірақ қысқа соғыстың астарына үңілсең бұл соғыста Палестина жеңді, Израиль жеңілді.

Израильдіктер ойлағанындай, Палестиналықтар газаны тастап қашпады, хамасқа лағынет оқымады, оны жалғыз қалдырмады. Хамас соғыс басында талабы қандай болса солайына қалды және оған қол жеткізді.

Газалықтар өз отанын қорғау үшін 50 мыңнан астам құрбан берді һәм оданда артық беруге разы еді. Бұны өз отанын қорғау үшін сабыр ете алмайтындар ешқашан түсінбейді.

Ауғанстан Америкаға қарсы соғыста одан да көп құрбан берген болса соңында американың шегінумен жеңіске жетіп өз жерін алып қалды. Газа феномені тарихты бұратын фонемен болып, әлі талай жыл талқыға салынады. Олардың бұл жеңістегі сабыры мен шыдамы артындағы нәрселер үйреніледі.

Бұны түсіну үшін адам газада өмір сүруі керек. Газалықтар бітімнің жеңіс немесе жеңіліс екенін өздері белгілейді. Олар қазір жеңіс сезімінде. Израиль қауымында бұндай сезім жоқ.

Олар өз отанын қорғап қалды. Әлі оны дамытып, күшті мемлекетке айналдыра алады.

Мені кейде ойландыратын нәрсе, біз өз отанымызды қорғау үшін нелерге дайынбыз? Нелерге шыдаймыз? Қиын ой. Осыған да ойлануымыз керек.

Газа әлі де қоршауда. Оған кіріп-шығу Израиль бақылауында. Судан, ауадан, токтан тұншыққан. Соған қарамастан газа газалықтар қолында.

Әлем әлі газалықтардың сабыры, шыдамы, отанын сүйгіштігі туралы талай кітаптар жазады.


Кейде өміріңдегі шешімдерді ақыл және сезімдеріңді өшіріп қойып, жалғыз Алланың нұсқауларына сүйеніп қабылдау керек. Өйткені, кейде көреміз, ақыл ашу келгенде сені тәрк етеді. Сезімдер ситуацияға қарап өзгереді. Ал, Алла ше? Алланың уәдесі ешқашан өзгермейді.


Мотивация табудың қарапайым бір жолы: сені әрекетке үндейтін дерек тап! Мотивация сені орныңнан тұрғызуы мүмкін, бірақ алға қарай жүру өз қолыңда.

Өмірде бәріміз де жалқаулыққа беріліп, еш бір жұмыс жасауға қызықпай қалатын кездеріміз болады. Бірақ бұл жағдайдан шығудың оңай жолы, өзің жасамақшы болған іске шабыттандыратын деректер табу.

Мысалы, егер бір салада жұмыс жасағың кеп жақпай жүрген болса, сол салада жетістікке жеткен, жақсы пайда көрген адамдардың видеоларын, сұқбаттарын қарап жақсы мотивация алуға болады. Егер құран жаттағың кеп жаттамай жүрген болсаң, құранды толық жаттаған қарилардың сұқбатын көріп, менде осыған жетемін деп мотивация алсаң болады. Т.б. мысалдар өте көп.

Мотивация бұл - ішімізде әрдайым болатын нәрсе емес, бірақ оны сырттан алып келуге болады.

Егер осы нәрсені әдет қылып алсаң, көп уақыт өтпей жалқаулықтан құтылғаныңды һәм тоқтамай әрекетте боп жатқаныңды көріп өзің қуанасың.


Кітап оқымайтын адамның құндылықтар жүйесі, ой-өрісі, пікірі, айналасының, достарының әсерінен, көргендерімен ғана қалыптаса бастайды. Өйткені оның басқа ақпарат алу көзі жоқ. Мысалы, сен саудагерсің, күніге зат алып сатасың. Әйтеуір күніге бір адам сені ақшаға алдап кетеді. Сен адамдар өтірікші, бәрі алдайтын біреу деп ойлап ешкімге сенбейсің. Сенің көргенің, білгенің, түйгенің сол боп тұр ғой. Айналасында не мәшһүр болса соған ереді.

Кітап оқитын адамның өзіне тән ешкімнің дүниесіне ұқсамайтын өзіндік дүниесі болады. Кітап оқу жаныңды байытады, рухты көтереді.

Оқыған нәрселер ұмытылғанда да, бәрібір іс-әрекеттерде де, қарым-қатынаста, үлкен ақыл һәм кең дүние қарас береді.

Кітап - көтерулге баспалдақ. Шипа беруші дәрі, даналыққа жол. Кітап оқу - сананы ояту.


Ей жүрегім! Фирдаустарда дем алуың үшін әлі біраз тәубе етіп тазаруың керек! Нәпсіні жеңуің керек!


Құран тірі кітап. Қалаған аятыңды оқып, мағынасын тәфәккур ет. Оның тірі екенін, өмірде барлық аятын пайдалануға болатынына көзің жетеді. Тіпті, өтіп кеткен халықтар туралы айтылған аяттардан да қазір сүріп жүрген өмірің үшін ғибрат, пайда, Болашақ туралы хабар аласың.

Тірі мен өлінің ешқандай байланысы болмайды. Тірі құранмен өлген жүректің байланысы бос нәрсе. Құранды түсіну және пайдасын алып оны көру үшін жүректі тірілту керек.


Жаратқан асықпайды, сен асығасың. Ол сабырлы, сен сабырсызсың. Сол үшін де сен стресс, депрессияға жолығасың.

#соңғыкездерітүсінгенім


Біреу сені тақуалы деп білсе, біреу күнәһар деп біледі. Біреу әдепті деп біліп жүрсе, біреу әдепсіз деп біледі. Біреу сені ақылды деп білсе, біреу ақымақ. Ал нәпсіңнің жағдайын өзің ғана білесің. Және кейбір сырлар бар, оны тек өзің жане Алла ғана біледі. Сондықтан, сені жақсы деп білетіндердің мақтауы сені алдап қоймасын. Ал жаман деп білетіндердің сөзі сені мұңайтпасын.


Бүгін аэропортта отырғанымда, аэропорттың бір шетінде отырған ерлі-зайыптыларға көзім түсті. Орта жаста. Сол кез күйеуі әйеліне жағымды дауыспен күлімдеп "Гүлім, білегің ашылып тұр" деді.

Әуес еттім. Сүннетті ұстанған, амал еткен нағыз еркек екенсің дедім іштей. Өйткені, әйелін Пайғамбарымыздайﷺ жақсы көру де сүннет. Олар сияқты құрметтеу, абайлау, қисық қабырғасын сындырып алмай, көркем мінезбен сөйлеу де сүннет.

Пайғамбарымыз Мұхаммедﷺ бір күні сахабаларымен отырғанда Айша анамыздың үйінде басқа бір әйелінің тамағын жеп, оны мақтайды. Бұны естіген Айша анамыз бөлмеге кіріп, сол тамақ тұрған табақты алып лақтырып жібереді. Сахабалар қайран.

Пайғамбарымызﷺ күлімдеп "Сіздер айып етпеңдер, бұл қызғанып жатыр" дейді. Сахабалар кеткен соң Айша анамыз ұялады һәм "Уа Алланың елшісі, мен ашулы едім, не істесем мені кешіресіз?" Дейді.

Сонда Пайғамбарымызﷺ "Табақ орнына бір табақ, ас орнына басқа бір ас!" Дейді.

сауап үстіне сауап жаудырушы сүннет те осы асылында. Бір бақшаны көркейтудің орнына, оның гүлдерін солдырып, ағаштарын солдырып, басқа бақшаға талпыну емес.

Түйгенім осы.


Сен. Жасап жүрген ісіңе, ниетіңе, арманыңа, мақсатыңа сен. Сенімсіз адам - адам емес.


Өмірден өткен соң артыңда қалатынын өзің таңдайсың. Жерге бір түп ағаш отырғыздыңба немесе оны жұлып тастадың ба? Біреудің ақысын жедің бе немесе садақа бердің бе? Көңіл алдың ба немесе көңілін ойрандадың ба?

Өмір қиын емес. Таңдаулар қиын.

Мен оралдым, сәлем, балалар!


Жәннәт талап етуде бізбен сахабалардың айырмашылығы - олар оны амалмен іздеді, талап етті. Ал біз арман, қиялмен.

Айман Йоги


Өткенді ұмыт.

Бірақ оның берген сабақтарын ешқашан ұмытпа.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Соңғы кезде кітаптан оқыған ең әдемі және ең әсер еткен сөз: «Біреудің қайғысын көре алмаған өз қайғысын қайғы, дертін дерт деп санайды». Айналаңа қара!


Көңіл күйіңнің жоқтығы біреуге дөрекі, қопал, жаман сөз сөйлеуіңе себеп, сылтау бола алмайды. Сол үшін, ілім-білім аламын деп жүгіре берместен әуелі әдеп үйреніңдер.

©Ұстаздан


Түн. Айнала тым-тырыс. Барлығы тәтті ұйқыда. Алла сені тахаджуд намазы үшін оятты. Намазға кіресің һәм раббыңмен тілдесуге кірісіп кетесің. Соң ұзыннан ұзын дұғалар арқылы жүрегіңдегілердің барлығын оған айтып тастайсың. Айтсаң тіліңді, айтпасаң діліңді ойрандайтын дерттеріңді барлығы ұйқыда кезде оған айтасың. Аспанға қарайсың, толы жұлдыз. Кім білсін, олар дәл қазір сен секілді қанша раббысымен тілдесіп жатқандарға куә екенін. Олардың ішінде сен де барсың.

Сұра, тәубе ет, Алла қабыл етеді. Хадисте айтылғандай, ол түннің бір бөлігінде «Менен сұраушы бар ма, сұрағанын берейін. Тәубе етуші бар ма, тәубесін қабыл етейін» деп тіл қатады.


Бұрын телеграмда оқыған кітаптары не туралы екенін, ол кітап оқырманға не бере алатынын жазатын канал болуын қалайтын едім. Кей арналар арасында жазады демесең, үнемі жазып отыратын арна тапқаным жоқ.

Кейде сені дамуға, әрекетке үндейтін кітап іздейсің. Кейде рухани ләззәтқа бөлейтін кітап іздейсің. Бірақ қай кітапты оқу керек білмейсің. Сондай кезде оқыған кітаптары туралы жазатын арна ең керегі-ақ.

Ақыры сол арнаны өзім аштым. Оқыған кітаптарым туралы барлығын сол жаққа жазатын боламын. Тіркеліп, пайда алғайсыздар. Тек бір ескерту, егер сенде кітап оқуға қызығушылық болмаса, тіркелме. Кітап оқитын досың болса, сілтемені жіберіп оны арнаға шақырғайсың

Сілтеме: https://t.me/+VxmZuZWx4kU2Mjky

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.